ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті жанындағы кедергілерді анықтау және жою жөніндегі кеңестің отырысында жолаушылар тасымалы саласындағы әкімшілік кедергілер қаралды.
Отырысқа қатысушылар жолаушылар мен багажды тұрақты республикаішілік автомобильмен тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурстар өткізу тәртібін талқылады. Ашықтықты арттыру және әкімшілік жүктемені азайту мақсатында автоматтандыру және электрондық форматқа көшу арқылы конкурстық рәсімдерді оңайлату бойынша шаралар ұсынылды.
Қорытынды ұсыныстарды қарастыру және республикалық кедергілер картасына енгізу үшін Агенттіктің орталық аппаратына жолданды.
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің
Жетісу облысы бойынша департаменті
Фото: iStock