Талдықорған: +4°C
$ 499.83
€ 581.50
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісу облысының Сарқан ауданында ауыз су мәселесі шешіліп, тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны салынады

21.04.2025
КҮНДЕРЕК
Жетісу облысының Сарқан ауданында ауыз су мәселесі шешіліп, тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны салынады
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысының Сарқан ауданында жуық арада ауыз су сапасына қатысты мәселе шешіліп, тұрмыстық қатты қалдыққа арналған жаңа полигон салынады. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев аудан тұрғындарымен кездесуі кезінде айтты. 

— Сарқан ауданында шешімін күткен бірқатар проблемалар болған. Атап айтқанда, ауыз судың сапасын жақсарту және тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын салу. Су мәселесін шешуге 200 млн. теңге бөлінді, Сарқан қаласының бас су қабылдағышын ағымдағы жөндеу осы жылдың маусым айында аяқталады. Соның арқасында ауыз су сапасы жақсарады. Сондай-ақ Алмалы, Қойлық және Екіаша ауылдарының су құбыры желілерін реконструкциялау үшін жобалар әзірленді. Және де Сарқан қаласында заманауи қоқыс полигонын салу жобасы дайындалып, республикалық бюджетке өтінім берілді, — деп атап өтті Б.Исабаев.

Жалпы ауданда экологияны жақсарту үшін көгалдандыру жұмыстары жалғасуда. «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында биыл ауданда 2200 ағаш көшеті отырғызылды. Саябақтар мен скверлерді абаттандыруға ерекше назар аударылуда. Облыс әкімі «Жастар» және «Қойтас» саябақтарында болып, атқарылған жұмыстардың нәтижелерін көрді.

Осы орайда өңір басшысы «Қойтас» саябағының бірегейлігіне назар аударып, бұл табиғи ерекшелігі сақталған саябақ жасаудың ерекше үлгісі екенін атап өтті. Саябақ аумағында көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарының едәуір бөлігі қазірдің өзінде атқарылып болған. Оны бұдан әрі дамытудың нақты жоспарлары бар. Бұл ретте облыс басшылығы тарапынан қажетті қолдау көрсетілетін болады, өйткені қала инфрақұрылымын табиғатқа зиян келтірмей дамытуға бағытталған мұндай бастамалар халықтың өмір сүру сапасын арттыру жұмыстарында маңызды шара болып саналады.

Атап өтсек, «Қойтас» саябағы 2021 жылы құрылған, осы уақыттан бастап мұнда абаттандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Жалпы ауданы 6 га саябақтың аумағында футбол және спорт алаңдары, теннис корты, скейтборд алаңы, жаяу серуендеуге арналған арнайы жол, орындықтар, урналар орнатылған, көше жарығы бар. Саябаққа 400 қарағай, сан түрлі 200 ағаш пен бұталар отырғызылды, олар тамшылату жүйесі арқылы суғарылады. Ағаш отырғызу қазір де жүріп жатыр. Жақында саябақта 500 орынды амфитеатры бар сахна безендірілмек, тағы бір серуендеу аймағы мен қайық станциясы бар көл пайда болады.

Аудан үшін тұрғын үй мәселесі әлі де өзекті. Биыл мамыр айында Сарқан қаласында 60 пәтерлік екі үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Бұдан басқа, халықтың әлеуметтік осал топтарынан кезекте тұрғандарға осы жылдың 2-ші жартысында жалға берілетін 10 үй іске қосылады. 

— Сөйтіп 2023 жылы 44 үй, 2024 жылы 74 үй тапсырылса, биыл ауданда 130 отбасы тұрғын үймен қамтылады, соның нәтижесінде тұрғын үй кезегі 16%-ға қысқарады. Сонымен қатар тұрғын үйді тек аудан орталығында ғана емес, ауылдық жерлерде де салу керек. Бұл ауданның ауылдарын сақтап, дамытуға, халықтың көшіп кетуін болдырмау үшін де қажет, — деп атап өтті облыс әкімі.

Жалпы 2025 жылы Сарқан ауданына әлеуметтік және инфрақұрылымдық объектілерді салуға, қайта жаңғыртуға және жобалау жұмыстарына облыстық бюджеттен 8,7 млрд. теңге бөлінді. 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Жеңіс Ысқабай

Қатысты жаңалықтар

Жеңіл өнеркәсіпті дамытудың кешенді бағдарламасы әзірленеді

Жеңіл өнеркәсіпті дамытудың кешенді бағдарламасы әзірленеді

05.03.2026
Алтын қор

Алтын қор

05.03.2026
Көпқабатты үйдің бір кіреберісінен төрт адамның денесі табылды

Көпқабатты үйдің бір кіреберісінен төрт адамның денесі табылды

05.03.2026
Қор нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы әзірленеді

Қор нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы әзірленеді

05.03.2026
Жақсы дәрігер жанға дауа

Жақсы дәрігер жанға дауа

05.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.