ҚР ТЖМ «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 17 қаңтар күні түнгі сағат 10-нан 06 минут өткенде жер сілкінісі тіркелген.
Мамандардың мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 220 км қашықтықта орналасқан.
Есептелген қарқындылығы:
• Жаркент қаласы – 2.0 балл,
• Шонжы ауылы – 2.0 балл.
Жетісу облысының ТЖД ақпарат алғаннан кейін жергілікті атқарушы органдар, полиция департаменті, Қазселденқорғау, прокуратура және басқа ұйымдар хабардар етілді. Қарамағындағы аумақтардағы жағдай нақтылануда, қираулар мен зардап шеккендер туралы хабар түскен жоқ.