Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісуда 300 баланың тұсауы кесіледі

14 наурыз 2025
КҮНДЕРЕК
Жетісуда 300 баланың тұсауы кесіледі
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісуда наурызнама онкүндігін мерекелеу кең көлемде аталып өтеді. Өңірде 300-ге жуық іс-шара жоспарланған, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Көктем мезгілі қазақ халқы үшін жаңа жылдың бастауы саналады. Соңғы жылдары республика көлемінде айтулы мерекені дүйім жұрт ерекше атап өтіп жүр. Бұл қатарда Жетісу тұрғындары да бар. Облыс әкімі баспасөз қызметіне сүйенсек, 300-ге тарта іс-шара өткізу көзделген. Ондағы ерекшелік ұлттық ғұрып пен дәстүрді қайта жаңғырту болып отыр.

Қазақ танымында наурыз мерекесі ең ұлы мейрамдардың бірі саналады. Биыл былтырғыдан қарағанда ауқымды іс-шаралар өткізгелі отырмыз. Мәселен, 300 баланың тұсауы кесіліп, жүздеген отбасы қоныс тойын тойлайды. Одан бөлек мыңдаған көшет отырғызылып, қазақтың ұлттық ойындары ұйымдастырылады. Үлкен-кішісі бар барлығы қазақы киім киіп, ұлттық күйімізді тыңдап, бір жадырап қалады. Қазірдің өзінде мерекеге деген дайындық қызып жатыр, — деді облыстық халық шығармашылығы орталығының бас маманы Жангелді Немеребаев.

Оның айтуынша, Наурызнама онкүндігіне барлық өңірдегі мекемелер қатысады. Бұл басты мереке Талдықорған қаласының «Жастар» саябағында мерекеленіп, биылғы жылдың мерейтойлық даталарына арналған тақырыптық көрмелер қойылған 20-дан астам киіз үй тігіледі. Тегін наурыз көже де таратылады.

Қыстың көбесі сөгіліп, күннің мерейі төгіледі. Көріскен жұрт, табысқан ағайын қыстың қытымыр мінезінен жалыққан тұрғындар көшеге шығып, мейрамды қарсы алуға асық отыр. Жетісу жерінде жылда дәстүрлі түрде кең көлемде аталып өтеді. Биыл да ерекше өтетініне сенімдімін. Балаларымыз қазақы шапанын киіп, қазақы ою-өрнекке толы тақиясын киіп, көшеге шығуға дайын отыр, — деді Талдықорған қаласының тұрғыны Ерәділ Жансықбаев.

Фото: anamenbala.kz

Қатысты жаңалықтар

Транзиттік әлеует трансформацияланады

Транзиттік әлеует трансформацияланады

Бүгін, 11:36
Орталық Азия мен Қытай елдері жаңа жоспарларды қабылдады

Орталық Азия мен Қытай елдері жаңа жоспарларды қабылдады

Бүгін, 11:30
Талдықорған орталығында отшашу атқан тұрғын жауапкершілікке тартылды

Талдықорған орталығында отшашу атқан тұрғын жауапкершілікке тартылды

Бүгін, 11:00
729 қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты

729 қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты

Бүгін, 10:30
Халықтың орташа жасы өсіп, егде жастағылардың үлесі артып келеді

Халықтың орташа жасы өсіп, егде жастағылардың үлесі артып келеді

Бүгін, 10:06

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.