Талдықорған: +4°C
$ 451.87
€ 507.31
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісу облысы әкіміннің жүлдесі табысталды

22 желтоқсан 2023
КҮНДЕРЕК
Жетісу облысы әкіміннің жүлдесі табысталды
WhatsAppTelegramFacebook

Ақпарат айдынында жүрген журналистер түрлі саланың жұмысын халыққа паш ететін бірден-бір мамандық иелері. Осыған орай халықтың құлағы, көзі һәм тілі болып, билік пен бұқараның алтын көпіріне айналған сала мамандарына дәстүрлі түрде өткізіліп келген облыс әкімінің жүлдесі үшін журналистер сыйлығы табысталды. Салтанат сарайында өткен жиынға облыс әкімінің орынбасары Марлен КӨЛБАЕВ қатысып, үздік журналистерді марапаттады.

Облысымыздың ақпарат саласының дамуына қосқан үлестері үшін қалам мен сөзді қадір тұтқан БАҚ майталмандарына ризашылығын білдірген Марлен Қапашұлы:

– Журналистика – қашанда жүгі ауыр сала. Өйткені қазіргідей сапырылысқан ақпарат тасқыны кезеңінде журналистердің өз міндетін білікті, жауапкершілігі жоғары кәсіби деңгейде атқаруының рөлі зор. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан Әділетті Қазақстан, Ашық қоғам, Адал азамат ұғымдарын құндылық ретінде орнықтыруға, жаңа реформалардың нәтижелі болуына журналистердің, жалпы масс-медиа өкілдерінің ықпалы мен үлесі үлкен. Біздің облыста бірқатар республикалық БАҚ-тың меншікті тілшілері тіркелген. Облыстық газеттеріміз бен телерадиомыз бар. Әрбір аудан, қалада журналистік ұжымдар жұмыс істейді. Сол журналистерімізді ынталандыра отырып, шығармашылық шыңдалуына жол ашып, сала мамандарын қолдау үшін жыл сайын осы байқауды өткізіп келеміз. Халық пен билік арасында дәнекер болып, ел игілігі жолында еселі еңбек етіп жүрген өздеріңізге алғысымды білдіремін, – деп еңбектеріне табыс тіледі.

Өңіріміздегі журналистер үшін жылдың басты сыйлығы саналар байқауға 100-ге жуық өтініш түскен. Соның ішінде үздіктер 10 аталым бойынша марапатталды. Атап айтсақ, «Үздік мерзімді баспа материалы» аталымы бойынша 1-орынды облыстық «Jetіsý» газеті ауылшаруашылығы және экономика бөлімінің редакторы Айгүл Байбосынова, 2-орынды ардагер журналист Атсалим Идигов, 3-орынды «Алатау» газетінің бас редакторы Айтақын Бұлғақов пен «Текелі тынысы» газетінің бас редакторы Торғын Тұрлыбаева жеңіп алды. «Үздік телесюжет» аталымында 1-орынды «24 KZ» телеарнасының меншікті тілшісі Шыңғыс Қалиден, 2-орынды «Жетісу» телеарнасы арнайы хабарлардың редакторы Мөлдір Сапарова, 3-орынды «Қазақстан» ұлттық арнасының меншікті тілшісі Қуаныш Серікқанов еншіледі. «Үздік оператор» аталымы бойынша 1-орынды «24 KZ» телеарнасының операторы Қуаныш Түргенбаев, 2-орынды «Жетісу» телеарнасының операторы Абылай Құттыбай, 3-орынды «Қазақстан» ұлттық арнасының операторы Самат Оразалинов иемденді. «Үздік баспа дизайны» аталымында «Вестник Жетісу» газетінің дизайнері Виталий Калеников топ жарса, «Талдықорған» газетінің дизайнері Зарина Чечетова тұғырдың екінші сатысынан көрінді. Ал облыстық «Jetіsý» газетінің дизайнері Роза Жексембекова үздік үштікті түйіндеді. «Үздік бейне дизайн» аталымының барлық жүлдесі «Жетісу» телеарнасының қызметкерлеріне бұйырды. 1-орынды дизайнер Александр Белов, 2-орынды оператор Қайрат Қазтұрғанов, 3-орынды дыбыс режиссері Жалел Маматаев еншіледі. «Әлеуметтік желідегі үздік жарияланымдар» аталымында Сандуғаш Дүйсенова топ жарды. Бейсен Құранбек атындағы «Кәсіби шеберлігі үшін» арнайы номинациясы «Жетісу» радиосының жетекшісі Есболат Айдабосынға, «Үздік фототілші» аталымы «Вестник Жетісу» газетінің фотографы Жеңіс Ысқабайға, «Ардагер журналист» аталымы Ольга Кременцоваға бұйырды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом, статуэтка және қаржылай сыйлықтар табысталды.

Шырайлы кеш барысында жеңістің желкенін көтерген журналистер кезек-кезегімен сөз алып, жылы лебіздерін білдірді.

Айдар ҚАЛИЕВ
Суретті түсірген Руслан ҚАДЫРОВ

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Иордания Королін «Al-Farabi» орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Иордания Королін «Al-Farabi» орденімен марапаттады

6 қараша 2026
Қазақстан мен Иордания ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Қазақстан мен Иордания ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

6 қараша 2026
Ақордада Иордания Королін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Ақордада Иордания Королін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

6 қараша 2026
Дін және қоғам

Дін және қоғам

5 қараша 2026
Жетісу жастары мен өңір басшылығы маңызды мәселелерді талқылады

Жетісу жастары мен өңір басшылығы маңызды мәселелерді талқылады

5 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.