Талдықорған: +4°C
$ 451.87
€ 507.31
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісу облысында ауруханаға ауырып барған үш бала жұмбақ жағдайда көз жұмды

25 желтоқсан 2023
КҮНДЕРЕК
Жетісу облысында ауруханаға ауырып барған үш бала жұмбақ жағдайда көз жұмды
WhatsAppTelegramFacebook

Үшарал қаласының бір топ тұрғыны «Көреміз» бағдарламасынан араша сұрап келді. Айтуларынша, аудандағы жалғыз ауруханада балалар хирургы жоқ. Салдарынан аз уақыттың ішінде денсаулығына шағымданған 3 бала жұмбақ жағдайда қаза тапқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Көз жұмған балалардың бірі – Айымның анасы дәрігерлер нәрестенің қандай дертке шалдыққанын ота жасау барысында ғана анықтады деп отыр.

«Балам ауырып барғанда дәрігер ішін басып көрді де, «аппендицит қой» деді. Сосын мен «шыныңды айт, әйтпесе ішіңді кеседі» дедім. Сосын мен қызымның киімдерін апарсам, отаны жасап тастаған. Отадан соң бала оянды. Бірақ анализ алмаған. 5-күні космофер құйды, бала өзгеріп бастады. Мінезі басқаша болды. Қарсыласып, қырсығып бастады. Оны төрт сағат бойы құйған. Сол құйғаннан бала мүлдем тұрмаған»,- деді анасы.

Бағиза Мамырбаева да немересінің өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр.

«Немеремнің жасы 5-те еді. Бұған дейін еш жері ауырмады. Ауруханаға балам мен келінім апарды. Отадан соң бала оянған. Сөйлескенде жақсы болды. 6-сы күні ұлым үйге жылап келді. «Айсұлуды жедел түрде облыс орталығына апармаса болмайды» деді. Отадан кейін бұлай қалай болғанына таңғалдым. «Бала жетпей қалуы мүмкін» деп ескертті. Үшарал аудандық ауруханасының хирургі Жандос мырза ота жасады», — деді әжесі.

Дәрігердің айтуынша, баланы отаға екі сағат дайындаған.

«Баланы отаға кіргізер алдында екі сағат дайындадық, система салдық, анализдерін алдық. Орта есеппен 30 минут ота жасадық. Космофер сұйықтығын құйдық. Бірақ ол зиянсыз. Екі күн ғана салдық. Олардың гемоглабині көбею үшін арнайы көрсеткіш болады. Балада бастапқыда көрсеткіш жақсы болды. Балаға әрбір дәрі ата-анасының рұқсатымен салынады»,- деді Жандос Құсайынұлы.

Аурухананың орынбасары бала отадан таза шыққанын айтты.

«Бұл бала отадан жақсы шықты. Ешқандай асқыну болған жоқ. Бұл ауру бауырға , бүйрекке басқа жерге әсер береді. Баланың миына әсер еткендіктен, бала көз жұмды. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады», — деді аудандық аурухана басшысының орынбасары Дүйсенғали Сейтқалиұлы.

Бүгінде оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалыпты.

Фото: Видеодан алынған кадр

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Иордания Королін «Al-Farabi» орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Иордания Королін «Al-Farabi» орденімен марапаттады

6 қараша 2026
Қазақстан мен Иордания ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Қазақстан мен Иордания ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

6 қараша 2026
Ақордада Иордания Королін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Ақордада Иордания Королін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

6 қараша 2026
Дін және қоғам

Дін және қоғам

5 қараша 2026
Жетісу жастары мен өңір басшылығы маңызды мәселелерді талқылады

Жетісу жастары мен өңір басшылығы маңызды мәселелерді талқылады

5 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.