Жетісу облысында егістік жерлерде қардың жылдам еруінен Алакөл ауданы Бескөл стансасында 10-ға жуық үйдің ауласын су басып қалды.
Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Облыстық ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардан 15 адам, 5 техника және 3 мотопомпа еріген қар суын бұру және суару каналын кеңейту бойынша жұмыс жүргізді.
Оқиға орнына қосымша тағы 25 құтқарушы, 4 техника және 6 мотопомпа барды.
Фото: ТЖМ





