Талдықорған: +14°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«ЖЕТІСУ ҰСТАЗЫ» ТАҢДАЛДЫ

2 қазан 2023
КҮНДЕРЕК
«ЖЕТІСУ ҰСТАЗЫ» ТАҢДАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Жетісу ұстазы» байқауы өтті. Байқау шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты, ой-өрісі биік, жаңашыл идеясы бар, әдістемелік шеберлігі мен педагогикалық мәдениеті жоғары, жан-жақты дамыған мұғалім мәртебесін арттыратын ерекше тұлғаны анықтау мақсатында ұйымдастырылды.

Додаға жалпы орта білім беру ұйымдарынан педагогикалық еңбек өтілі 6 жылдан кем емес 11 педагог қатысты. Байқаудың бірінші кезеңі Талдықорғандағы №14 орта мектеп-гимназиясы базасында өтіп, қатысушылар күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес сабақ өткізді. Қ. Қасымов атындағы №28 IT мектеп-лицейі базасында өткен «Білім берудегі жаңа трендтер» атты 2 турында ТЕD форматта  өз тәжірибесіндегі  жаңаша трендтерді демонстрациялап,  «Ұстаз – ұлы есім» атты  фотоэссе турында мұғалім өзінің педагогикалық қызметіндегі ерекше сәттерінен 5 фотосерия  көрсетті.

 Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешіміне сәйкес жеңімпаздар анықталып, сый-сияпат табысталды. І орынды Сарқан ауданындағы №1 мектеп гимназиясының  биология пәнінің мұғалімі Іңкәр Рахманова алып, автокөлік иеленді. ІІ орын Алакөл ауданы Теректі орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі  Кайнар Тоғанбаевқа бұйырды. ІІІ орынды  Көксу ауданы М. Құрманов атындағы №2 орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Нұрдыбек Талдаубек қанжығасына байлады.    

«Үздік сабақ» номинациясы бойынша жүлдені Ескелді ауданы, Қаратал орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Михов Кирилл алса,  «Үздік фотоэссе» номинациясын Талдықорған қаласы Құлжабай Қасымов атындағы №28 IT мектеп—лицейінің биология пәнінің мұғалімі Динара Айдабаева иеленді. «Шығармашыл педагог» номинациясына Панфилов ауданы Б. Момышұлы атындағы орта мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Маржан Бердіғұлова ие болды.

Айғаным АЙТМҰХАН

 

Қатысты жаңалықтар

Сабырханның сұлу сөздері

Сабырханның сұлу сөздері

Бүгін, 12:36
Тіл – ұлттың  қазынасы

Тіл – ұлттың қазынасы

Бүгін, 11:11
«Тарихи тұлғалар» тізімі ұсыныстан шешімге дейін

«Тарихи тұлғалар» тізімі ұсыныстан шешімге дейін

Бүгін, 10:33
«Оңай ақша» оңдырмас

«Оңай ақша» оңдырмас

Бүгін, 09:06
Әлеуметтің әлеуетін арттырады

Әлеуметтің әлеуетін арттырады

31 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.