Талдықорған: +4°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісуда асыл тұқымды мал өсіруге ден қойылуда

14 қыркүйек 2023
КҮНДЕРЕК
Жетісуда асыл тұқымды мал өсіруге ден қойылуда
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу фермерлері асыл тұқымды мал өсірумен айналысуда белсенділік танытуда.  Ауыл тұрғындарының айтуынша, асыл тұқымды малдың өнімі жоғары сапалы болуымен қатар, одан алынған ет пен сүттің мөлшері де ұлғаяды, демек пайда да артады деген сөз.

Жалпы, биыл облыста ірі қара саны 612 мыңнан асты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,6%-ға ұлғайған, оның ішінде 273 мыңы – аналық, 46 мыңнан астамы — асыл тұқымды. 

Сарқан ауданы Алмалы ауылында құрған шаруа қожалығын Қайрат Ерғалиев 2010 жылдан басқарып келеді. Бірнеше жылдан бері жылқы өсірумен айналысып, ірі қара ұстайды. Енді фермер асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысуға бел байлап отыр. Бұл аудандағы үшінші асыл тұқымды шаруашылық болмақ.

— 2016 жылы мал бордақылау алаңын іске қостым, онда қазір мал ұстайтын ашық және жабық қоралар салып жатырмын, біразы қазірдің өзінде дайын тұр. Малдың бір бөлігін осында ұстаймын, жартысы жайлауда. Қазір қазақтың ақбас тұқымды 24 бұқасын бордақыға байлап отырмын. Өгізшелерді Семей қаласынан жақын күндерде әкелеміз. Отандық тұқымды өсіремі деген шешімге келдім,  өйткені ол жылдам салмақ қосады, 7-8 айында өгізшенің салмағы шамамен 300-450 кг, ал 1,5-2 жылға қарай 700-900 кг-ға жақындайды. Жыл соңына дейін асыл тұқымды мал басын 50-60-қа жеткізсем, одан әрі сырттан алмай, мал басын өзім төлдеткен малдың есебінен өсіретін боламын. Бұл бастамаларымда мал шаруашылығы саласындағы өз тәжірибеме сеніп отырмын, — деді Қ.Ерғалиев.

Бүгінгі таңда «Ерғалиев С.» шаруа қожалығында 500-ге жуық мал болса, соның 400 басы — ірі қара мен жылқы. Фермер мал азығын дайындауда қиындық жоқ екенін айтады. Себебі азықтың басым бөлігін өзі өсіреді, яғни шаруашылық тек мал бағытын ғана емес, сонымен қатар өсімдік шаруашылығына да жолға қойған.

Шаруаның өз қаражаты есебінен іске асыратын жобасының жалпы құны 15 млн. теңге шамасында. 300 басқа арналған бордақылау алаңынан өндірілген етті өткізудің негізгі нарығы Алматы қаласы болмақ. Жылына екі айналым жасауды жоспарлап отыр, яғни малдың бір бөлігін сатып, сатылғанның орнына бордақыға қайта мал қойып, осылай үздіксіз жұмыс істеуге ниетті.

Атап өтсек, бордақылау алаңында көң механикаландырылған әдіспен жиналады. Екі адамды тұрақты жұмыспен қамтып, алдағы уақытта жұмысшы санын 4 адамға жеткізбекші. Орташа жалақы шамамен 120 мың теңге.

Жалпы Сарқан ауданында 2520 бас ірі қараға арналған 13 бордақылау алаңы бар, бүгінде бордақылауда 450-ге жуық бас тұр, қалған мал жайылымда. Ауданда ірі қараның саны 72,5 мыңнан асты. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, облыста жыл басынан бері малдың барлық негізгі түрлерінің саны, сондай-ақ ет, сүт, жұмыртқа өндірісі ұлғайған. Жыл басынан бері Жетісу өңірінде тірі салмақта 62 мың тонна ет сатылған.

Ал асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға келетін болсақ, республикалық палаталардың деректері бойынша бүгінде өңірде асыл тұқымды ірі қара малдың саны — 46 729, қой – 184 320, жылқы — 4542. Бұл ретте Жетісу облысында асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға жыл сайын субсидия бөлінеді. Жалпы агроөнеркәсіп кешенін қолдауға осы жылы 29,9 млрд.теңге бөлінсе, соның 23,3 млрд. теңгесі – субсидия.

Ашық дереккөз

Қатысты жаңалықтар

Әлеуметтің әлеуетін арттырады

Әлеуметтің әлеуетін арттырады

31 қазан 2026
Айтылмаған алғыс

Айтылмаған алғыс

31 қазан 2026
Илену мен үй болу

Илену мен үй болу

31 қазан 2026
Ел болашағына бағыт берген

Ел болашағына бағыт берген

31 қазан 2026
Рухани байлықтың кілті

Рухани байлықтың кілті

31 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.