Талдықорған: +38°C
$ 532.74
€ 617.23
₽ 6.77
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісулықтар өздеріне тиесілі жер телімдерін ала алмай жүр

13.05.2024
КҮНДЕРЕК
Жетісулықтар өздеріне тиесілі жер телімдерін ала алмай жүр

17 жыл бұрын Кербұлақ ауданы, Бостан ауылының 100-ге жуық тұрғыны «Алатау Дейри» компаниясымен жерді пайдалану туралы шарт жасасқан. Қарашаны қарық қыламын деген инвестор өз міндеттемелерін орындай алмаған. Бастапқыда тұрғындар астық, жем, шөптен тиесілі пайларын алып келді. Одан кейін ол да жоқ болған. Ашуға булыққан қараша халық енді жерлерін қайтарып алмақшы. Олар арыз-шағымдарын айтып жоғары сотқа дейін барған.

«Халық кереметке сенді. Алайда «Алатау Дейри» компаниясы халықтың әбден төзімін тауысып бітті. Өздерінің бірде-бір уәделерін орындаған жоқ», — дейді шаруалар. 

Аудан әкімдігінің сөзінше, «Бостан» өндірістік кооперативінің құрамында болған 98 үлескердің 15-і бөлініп шығып, қалған 83 шаруа қожалығы келісім-шарт бойынша жер үлестерін заңды түрде «Алатау Дейри» ЖШС-нің үлесіне өткізіп берген. Ол сотта да дәлелденгенін айтып отыр. Бүгінде ауыл тұрғындары заңды жер пайдаланушының іс-әрекетіне кедергі жасағанын айтады. 

«Жер үлестері заңсыз өткенін айтып Бостан ауылының тұрғындары аудандық, облыстық, тіпті, Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотына шағымданған. Алайда талап арыздары қанағаттандырылмаған, сот шешімдері бойынша жер үлестері «Алатау Дейри» ЖШС-не заңды түрде өткендері дәлелденді. Қазіргі таңда ауыл тұрғындары заңды жер пайдаланушының іс-әрекетіне кедергі жасап, көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге тосқауыл қойып отыр. Сонымен қатар Кербұлақ ауданының әкімдігі шаруашылық субъектілерінің ішкі іс-әрекеттеріне және жер үлестерін бөлу жұмыстарына араласуға құзыреті жоқ. Видеотүсірілімде көрсетілген: «әкім жерді таратып жатыр» деген сөз шындыққа жанаспайды. Аталған видеода «Алатау Дейри» ЖШС-нің меңгерушісімен болған жағдай түсірілген. Бұл жерде әкімдіктің құзыреті жоқ», — деді Кербұлақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Жалпы, Бостан ауылында 800-ден астам адам тұрады. Дені егін егеді, мал өсіреді. Әр үйде кемінде 10 ірі қара мен 30-ға тарта ұсақ мал бар. Түйткілді мәселенің түйіні шешілмей келе жатқанына 15 жылдан асқан. Былтыр, аудан әкімі қос тарапты жинап, жайылым және шабындық жерлерді мемлекет меншігіне қайтарып береміз деген еді. Десе де, тұрғындар талабы әлі де орындалмай отыр. 

Дереккөз: inform.kz
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Қатысты жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлы мен Карлос Адамес жекпе-жегі өтпейтін болды

Жәнібек Әлімханұлы мен Карлос Адамес жекпе-жегі өтпейтін болды

18.07.2025
Қазақстанда буллингке қарсы «ДосболLIKE» бағдарламасының апробациясы сәтті аяқталды

Қазақстанда буллингке қарсы «ДосболLIKE» бағдарламасының апробациясы сәтті аяқталды

18.07.2025
Белгілі ақын Исраил Сапарбай дүниеден өтті

Белгілі ақын Исраил Сапарбай дүниеден өтті

18.07.2025
Цифрландыру мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Цифрландыру мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті

18.07.2025
Талдықорғанда футболдан әуесқойлар арасында чемпионат өтті

Талдықорғанда футболдан әуесқойлар арасында чемпионат өтті

18.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.