Талдықорған: +4°C
$ 451.87
€ 507.31
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жәрмеңке: Көптің көңілі тоқ

23 желтоқсан 2023
КҮНДЕРЕК
Жәрмеңке: Көптің көңілі тоқ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласы Жастар спорт сарайының қарсы бетіндегі Қадырғали Жалайыри даңғылының бойында ұйымдастырылған тауар өндірушілердің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі таң атпастан басталды. Айналада аязды күнге тітіркеніп, қымтанып жүргендерді көрмейсің, қайта елдімекендерден келген тауар өндірушілердің көңілі тоқ, жүзі жадыраңқы. Жәрмеңкеге жиналғандардың қуанышын облыс әкімі Бейбіт Исабаевта еселей түсті.

Облыс басшысы жолдың екі жанына орналасқан шатырларды аралап, аудан басшыларынан ауыл шаруашылығы саласындағы жетісітктерді сұраса, тауар өндірушілердің ұсыныс-тілегін де назардан тыс қалдырмады. Айта кетерлігі, жәрмеңкеге «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алып, шаруашылығын ұлғайта түскен тауар өндірушілер де бірінші рет қатысып, өз өнімдерін қалалықтарға ұсынды.

 – Бүгінгі жәрмеңкеге облыстағы 8 аудан, 2 қаланың тауар өндірушілері қатысып, өнімін нарықтағы бағадан 15-20 пайыз арзанға тұтынушыларға ұсынды. Мысалы, қазір дүкендерге қанттың келесі орташа 425 теңгеден сатылса, «Көксу қант зауыты» ЖШС бүгінгі жәрмеңкеде 10 тонна өнімнің келесін 350 теңгеден сатылымға шығарды. Басқа да тауарлар арзандатылған бағада сатылып жатыр. Алдағы уақытта облыс басшысының тапсырмасымен «Қаптан сөреге дейін» жаңа бағдарламасын жүзеге асыру жоспарлануда. Басты мақсат – делдалсыз сауданы жандандыру. Оның үстіне «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ арқылы қалада 15 әлеуметтік дүкен ашылып, жұмыс жүргізілуде. Оның саны алдағы уақытта арта түсетін болады, – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бақтияр Қалдыбатырұлы.

Жалпы, бүгінгі жәрмеңкеге 110 тонна, 25 түрлі ауыл шаруашылығы өнімі ұсынылды. Атап айтар болсақ, 14,4 тонна ет, 7 тонна балық, 2,5 тонна сүт, 17 тонна картоп, 6,1 тонна көкөніс, 6 тонна жеміс, жидек, 47 тонна басқа өнімдер жеткізіліп, күні бойы қызу жүрген сауда барысында қала тұрғындары 182 млн. теңгеге жуық ауыл шаруашылығы өнімін сатып алды.

Әрине, облыс орталығында жәрмеңке өтсе қалалықтар алакөлдің балы мен балығын сатып алу үшін көптеп келетінін білеміз. Бұл ретте де аталған ауданның Қамысқала ауылынан жеткізілген балық өнімдері көптің сұранысында  болды.

– Қасмысқала ауылдык округы жәрмеңкеге 2 тоннаға жуық балық өнімдерін жеткізді. Экологиялық таза және делдалсыз сатылып жатқандықтан жәрмеңке басталғаннан сатып алып жатқандардың қарасы көп. Әрине, жол шалғай болса да облыс орталығының тұрғындары жаңа жыл мерекесін жадыраған көңіл күймен өткізсің деген ниетпен келіп отырмыз, – дейді Алакөл ауданы, Қамысқала ауылдық округынің әкімі Асқан Бүтіншінов.

Бұл жәрмеңке тауар өндірушілердің де, сатып алушылардың көңілінен шықты. Өйткені, алыстан ат арытып жеткен еңбеккерлерлер өнімдерін саудалап, табысын еселесе, тұтынушылар бағасы арзан, сапасы жақсы өнімдермен қалтасын толтырып қайтып жатты.

Қажет Андас
Суретті түсірген: Руслан Қадыров

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Иордания Королін «Al-Farabi» орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Иордания Королін «Al-Farabi» орденімен марапаттады

6 қараша 2026
Қазақстан мен Иордания ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Қазақстан мен Иордания ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

6 қараша 2026
Ақордада Иордания Королін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Ақордада Иордания Королін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

6 қараша 2026
Дін және қоғам

Дін және қоғам

5 қараша 2026
Жетісу жастары мен өңір басшылығы маңызды мәселелерді талқылады

Жетісу жастары мен өңір басшылығы маңызды мәселелерді талқылады

5 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.