Талдықорған: +32°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«ЖҰРТ АЙТУҒА ҚОРҚАТЫН»: БҮГІН — ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІ

31.05.2021
КҮНДЕРЕК
"ЖҰРТ АЙТУҒА ҚОРҚАТЫН": БҮГІН - ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІ
WhatsAppTelegramFacebook

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнінде қызыл империяның қанды шеңгеліне ілінген жазықсыз боздақтарды күрсіне, күңірене еске алып жатамыз. Жазықсыз жала жабылып, жарық дүниемен қоштасқан марқұмдарға сауабы тие берсін деген ниетпен Құран бағыштаймыз. Қаратал ауданында талай азамат репрессияға ұшырап, жапа шегіп, шейіт болған. Солардың бірі – Ахметше Мылтықбаев.

Ахметше Мылтықбаев 1891 жылы дүниеге келіпті. Бірге туған жалғыз бауыры Әрін Мылтықбайұлы дүниеден ерте өткен. Сол тұста отбасы ауданның Исаев деген ауылында тұрған Ахметше ержетіп, ерте жастан еңбекке араласа бастайды.

1928 жылы Қазақстанның әр жерінде ауылшаруашылығын жаппай ұжымдастыру науқаны басталып кетеді. Бұл кезде ауқатты және орта дәулетті қожалықтардың дүниемүлкі тәркіленіп, бай мен кулактарды тап ретінде жою, шаруаларды күштеп ұжымдарға біріктіру ісі қарқын ала бастаған. Ауыл-ауылдан өкіметке шектен тыс азық-түлік, мал жинау белең алады.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы облыстық департаментінің 2002 жылғы 17 маусымдағы дерегіне сүйенсек, Ахметше Мылтықбаевтың төңкеріске дейін 100 қойы, 2 ат, 5 сиыры болған. Ауыл арасында аса беделді атқамінер, ұйымшыл, кеңпейілді, бауырмал адам болған екен. Бұл кезде жұрттың малы тәркіленіп, ел ішін ашаршылық жайлай бастайды. Сол тұста мынау кедей, анау байдың ұрпағы деп, бір-бірінің көзін шұқу, тап жауларын іздеу, нақақтан біреуді сыртынан сатып жіберу үдей бастаған кез. Ахметше тықыр таянғанын сезіп, әйелі Тауарды, жақындарын ертіп, Ресей жеріне бет түзейді.

Сөйтіп, аштық пен кәмпескеден құтылмақ болып, орыстың Бииск қаласына тұрақтап, жаңа өмір бастайды. Мұнда қолдан келер жұмыстың бәрін атқарып, ауылдастарын аштықтан аман алып қалады. 1930 жылы Ахметшенің Ақай деген ұлы дүниеге келеді. Жат жерде еңбек етіп, күнін көріп жүре берер ме еді, әйтсе де туған жерге аңсары ауа түседі. Елде аштық тоқтап, жұрт тұрмысы түзелді дегенді естіп, 1937 жылы отбасымен бірге атамекенге қайта оралады.

Бұл кезде Ресейдің Сібір аймағы мен Орта Азия мемлекеттерін байланыстыратын Түрксіб темір жолының құрылысы қарқынды жүріп жатқан еді. Аудан орталығы Үштөбе қаласының ауқымы кеңейіп, жаңа өндіріс орындары ашылып жатқан тұс. Атақонысқа келген соң Ахметше жұртпен бірге еңбекке араласып кете барады. Бір жылдан соң екінші ұлы Оразғали дүние есегін ашады. Ахметше текті, ары таза, елгезек жан болған екен. «Бұтағы көп ағашқа құс қонады, атағы жақсы адамға сөз ереді» дегендей, қастық ойлаушылар халық арасындағы беделі мен еңбекпен жиған малына көз тігеді. Көреалмаушылар мен дұшпандық ойлағандар жанынан табылып, «Халық жауы» атанып, басына қара бұлт үйіріледі.

Күтпеген жерден мамыражай тірлігі көзден бұл-бұл ұшып, 1938 жылы 9 қаңтарда қамауға алынады. «Антисоветтік үгіт-насихат жүргізді, колхоз жүйесін кемсітті» деген айып тағылған Ахметше бес күннен соң, 14 қаңтарда Сталиндік репрессияның құрбаны болып, ату жазасына кесіледі. Сол заманда екі-үш адам қол қойса, адамды шыбын құрлы көрмей атып тастайтын болған. Әйелі Тауар үш баласымен (қызы Шәкира Ахметше бақиға аттанған соң дүниеге келіпті) көз жасын көлдетіп, еңіреп қала береді. Кейін есін жиып, ел қатарлы еңбек етіп, балаларын жеткізеді. Қазір Ахметшеден өрбіген үрім-бұтақ өсіп-өніп, саялы бәйтеректей тереңге тамыр жайған.

– Ақай әкем Ахметше атам жайлы көп айта бермейтін. Кейін репрессия құрбандарын ақтау жөніндегі Жарлық шыққан соң айта бастады. Кеңес өкіметі кезінде «Халық жауы» атанған адам жайлы айтуға жұрт қорқатын. Әкем атамның ашаршылық кезінде ауылдастарын жұттан аман сақтап, Ресейге көшіргені жайлы айтып отыратын. «Май» кеңшарына қайтып келген соң «Бәленбай адамды ертіп, Отанын сатып, Қазақстаннан көшіп кеткен» деген сылтаумен тұтқындалыпты. Кейін ұлттық қауіпсіздік комитетіне сұрау жіберіп, атамыздың ақталғаны жайлы құжат алдық, – дейді Үштөбе қаласының тұрғыны, Ахметше Мылтықбаевтың немересі Болат Ақайұлы.

Қылышынан қан тамған қызыл империяның құрбаны болған Ахметше Мылтықбаев 1989 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1989 жылғы 16 қаңтардағы «30-40 жылдар мен 50 жылдардың басында болған репрессия құрбандарына әділеттілікті қалпына келтіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» жарлығымен 51 жылдан соң ақталады. Қаралы күндерді, зорлықшыл жылдарды жас ұрпақ көрмесе екен деп тілейік.

Асхат БАҚЫТҰЛЫ

Қаратал ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

05.07.2026
Жетісудың жауһары жарқыраған

Жетісудың жауһары жарқыраған

05.07.2026
Заң өзгерді, көзқарас ше?

Заң өзгерді, көзқарас ше?

05.07.2026
«Астана Опера» театрында Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды

«Астана Опера» театрында Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды

05.07.2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Домбыра күнімен құттықтауы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Домбыра күнімен құттықтауы

05.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.