Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Зәкеңді атқан адамдардың аты ашылады деп сенемін – Мақпал Жүнісова

19 желтоқсан 2024
КҮНДЕРЕК
Зәкеңді атқан адамдардың аты ашылады деп сенемін – Мақпал Жүнісова
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанның халық әртісі, белгілі әнші, халықтың сүйіктісі Мақпал Жүнісова ешкімге айтпаған құпияларын бөлісті. Биыл алпыстың асуын еңсерген қазақтың ерке қызының шығармашылығы мен өмірінде қандай жаңалықтар болып жатыр? Марқұм жұбайы Заманбек Нұрқаділов жайлы ел білмейтін шындықтың бары рас па?  Massaget.kz тілшісі халық әртісінің эксклюзив әңгімесін тыңдады. 

Заманбек жайлы айтылмаған ақиқат

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділов жайлы бірнеше сұрақтарға жауап берді. Оның қолданған заттарын неге сақтап отырғанын, үкіметтен бұл іске қатысты не күтетінін бөлісті. Оның сөзінше, ақиқаттың ашылатын кезі келді. 

«Зәкең жайлы көп сөз қозғай беріп керек емес. Мен ол кісінің ақталатынына сенемін. Зәкең ақталғанда үкіметке тапсырамын деп оның қолданған заттарын, суретшілер салған портреттерді өзінің үйінде сақтап отырмын. Ол үй Мерейдің үйі. Қызым екеуміз оны барып жинап тұрамыз. Сол кісінің аруағы разы болсын деп жүрміз. Зәкеңді атқан адамдардың аты жақында белгілі болады деп сенемін», — деді әнші. 

«Ұмытылмайтын адам тас қоймасаң да ұмытылмайды»

Жақында Заманбек Нұрқаділовтың өзі туған өлке — Алматы облысы Кеген ауданында ескерткіші ашылды. Марқұм болған саяси қайраткердің жары бұл салтанатты шараны қалай қабылдады?

«Үкімет Зәкеңе ескерткіш қойды. Бірақ Зәкеңдей адамның аты ешқашан ұмытылмайды. Оның елге, жұртқа жасаған жақсылығы әлі күнге дейін менің алдымнан айналып шыға береді. «Маған осындай жер сыйлап еді, үй беріп еді, көмектесіп еді» деген адамдар алғысын айтып жатады. Ұмытылмайтын адамның аты тас қоймасаң да ұмытылмайды ғой. Үкімет Зәкеңнің арын ақтап алса, оған мұражай ашса, Алматыдан атына көше берсе деймін. Мұражайды мен емес, биліктегілер ашуы керек. Мен тек сонда қойылатын Зәкеңнің қолы тиген заттарды сары майдай сақтап отырмын», — деді ол. 

Саясаткердің жарының саяси көзқарасы қандай?

Мақпал Жүнісова саяси ұстанымы жайлы да бөлісті. Ол әр қазақтың қуанышына қуанатынын, жанындағы жақындарына үнемі жәрдемдесіп жүретінін және халықтың жағдайы жақсарғанын қалайтынын жеткізді. 

«Мен саясаткер емеспін. Елдің ісіне араласа алмаймын. Десе де, халқымның жағдайы жақсы болғанын қалаймын. Әлі де қаңғып жүрген қазақ көп. Былай қарасақ, санымыз аз, бірақ қазаққа жер жетпейді, үй жетпейді. Қазақтың кең жерін аямау керек. 20 миллион қазақ болса, соның бәріне үй, жер беруге болады. Батырларымыз кең байтақ жерімізді не үшін сақтап қалды? Қазақ қаңғырсын деп сақтап қалды ма? Ешкімге қолымызды жаймай, жастар өсіп, өнсе деймін. Бізде игерілмеген жер көп. Игерілмеген жерді басқа ұлттарда «өлген жер» деп атайды. Біз сол өлген жерлерді кәдемізге жаратқанымыз жөн», — деді Жүнісова. 

Мақпал Мұхамедиярқызы Жүнісова — қазақ эстрадасының көрнекті әншісі, Қазақстанның халық әртісі, профессор. 1963 жылы 11 қаңтарда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Теректі ауылында дүниеге келген. 1981 жылдан бастап «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік бірлестігінің солист-вокалисі болып қызмет атқарды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мәдени-ағарту факультетін бітірген. Өзінің ерекше даусымен және орындаушылық шеберлігімен танымал болған ол көптеген халықаралық конкурстардың лауреаты атанды.

Фото: Massaget.kz/Нұрбол Ынтымақұлы

Қатысты жаңалықтар

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Бүгін, 15:06
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

Бүгін, 14:46
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

Бүгін, 14:45
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Бүгін, 14:00
Қар мен боранға қарсы арнайы техникалар сақадай сай

Қар мен боранға қарсы арнайы техникалар сақадай сай

Бүгін, 13:34

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.