Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АҒАНЫҢ АҚ БАТАСЫ

15 қыркүйек 2020
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Бір күні көлігіммен Абай даңғылымен келе жатып аялдамада тұрған Жақан ағаны көрдім. Қасына келіп сәлем бердім. «Қайда бара жатырсыз, аға, жеткізіп салайын», – деп өтініш білдірдім. Көзілдірігін сәл көтеріп, қолындағы қара портфелін жинақтап ұстап, көлігіме жайғасты. 


Жанымда зайыбым Бибігүл мен балам Алтынбек отыр еді. Екеуі де жамырай амандасты. 
– Қалай, сабақты жақсы оқып жүрсің бе? – деп балама күліп қарады. Балам: 
–  Иә, – деп басын изеп қойды.
 – Келін қалайсыңдар, бәрі жақсы ма? – деп жөн сұрап, кішіпейілділік танытты. Зайыбым да: 
– Жақсы ағай, аман-есен жүріп жатырмыз, – деді жымиып. Содан ағамыз емшілердің жайын сұрап, әңгімелесіп жүріп кеттік. Біраз халық медицинасы туралы аңыз әңгімелерден сыр шертті. Емшіліктің шығу тарихын айтты. Сөйтіп келе жатқанда жолдың қысқарғаны сонша, тез арада Ахмет Байтұрсынов көшесінің бойына келіп қалыппыз. Ағамыздың жол нұсқауымен бір зәулім үйдің қасына келіп тоқтадым. Бірден кетіп қалуды жөн көрмеді-ау деймін, жол бойы айтып келе жатқан әңгімесін қайта жалғады. 

     – Бұл емшілік саласын ғылымға Зядан ағаң қосты. Десек те, елімізде мұны әлі мойындамайтындар бар. Соған емшілікті терең зерттеп, бабалар мұрасын келешек ұрпаққа жеткізуіміз керек, – деп біраз ойын ортаға салды. Мен де  “Дұрыс айтасыз” Жақан аға, сіз, ғылым саласына елеулі үлес қосқан зерттеуші ғалым адамсыз, еңбектеріңізбен жақсы таныспын”, – деп қолдау білдіріп қойдым. Аға да арадағы бес, он минуттың ішінде халық емшілігінің қыр-сырын ғылыми негізде түсіндіріп берді. Ағамыздың әңгімесін қимасам да, сол бір сәттің мүмкіндігін жібермей, болашақта еске алып жүру үшін:  
– Жақан аға, Алтынбек балама бір батаңызды беріп кетсеңіз, балам, кезінде ҚР Ақпарат министрі болған Алтынбек Сәрсенбайұлының қолынан бата алған еді.  Аты-жөні де Алтынбек Сәрсенбай, – деп күліп, қолымды жайдым. Аға да күлімсіреп қарап, қолын жайып: 
– Айналайын, балам, бақытты бол, білімді де алғыр, дара да ақылды азамат бол! – деп бетін сипады. Біз де: “Әумин”,– деп бетімізді сипадық. Аға да жеткізіп салғаныма рахметін айтып, қоштасты. Ағамыз зәулім үйлердің арасымен жүріп отырып, үлкен ғимаратқа кіріп кетті. Бұрылып, қасымда отырған зайыбым мен балама қарап: 
– Біз, кімді жеткізіп салғанымызды білесіңдер ме? – дедім. Екеуі де басын шайқады. 
– Ендеше, біліп қойыңдар, Алтынбек, сен тыңдап ал, кімнен бата алғаныңды, кейін айтып жүретін боласың, – деп ағаны таныстыра бастадым. 
     – Бұл Жақан Молдабеков деген аға болады. Философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік ғылымы мен Орта Азия және Қазақстандағы Халық медицинасы академияларының академигі. Бір кезде Мәскеу мемлекеттік университетін және аспирантурасын бітірген. Қазақ ұлттық университетінде аға оқытушы, доцент, Алматы зоотехника-малдәрігерлік институтында (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) кафедра меңгерушісі, аға ғылыми қызметкер болған, ҚазМУ-да декан болып қызмет атқарған. 1997 жылдан бері осы университеттің мәдени антропология кафедрасының профессор тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 500-ге жуық ғылыми жарияланымның, 15 монография мен оқу-құралдарының авторы. Халық емшілігін қосымша зерттеген мықты ғалым. 

Әр жыл сайын Қазақстан халық емшілері қауымдастығы ұйымдастыратын конгресс-форум, конференцияларға қатысып лекция оқып, баяндамалар жасап жүрген дара тұлғалы кемеңгер. Осының бәрін зайыбым мен балам мұқият тыңдап, таңғалды. Балам, бала емес пе: 
– Әке, ол ағай сондай танымал бай болса, неге жаяу жүр, қымбат көлікпен неге жүрмейді? – деп төтесінен сұрақ қойды. Мен күлдім де: 
 – Ұлы адамдар жаяу жүреді, денсаулыққа пайдалы, – дедім. Балам екеуміз жымиып күлдік. 
Сол күнгі кездесу Жақан ағамызбен жолыққан соңғы жүздесуіміз екен. Кім ойлаған? Ағамыздың сол күнгі жүзі де, айтқан сөздері де, берген батасы да көз алдымда мәңгі сақталып қалды. Ағамыздың жаны жанната болсын!

Жанболат Сәрсенбай 
Алматы қаласы

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

Бүгін, 16:45
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Бүгін, 16:18
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

Бүгін, 14:24
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.