Талдықорған: +30°C
$ 518.34
€ 607.91
₽ 6.66
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Адам құқын қорғаудың жолы

03.07.2025
КҮЛТӨБЕ
Адам құқын қорғаудың жолы

kaztag.kz

Адам құқықтары – кез келген адамның өмір сүруіне, бостандықта болуына, ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына кепілдік беретін негізгі құндылықтар. Құқықтық мемлекеттің басты белгісі – адам құқықтарын толық сақтау мен қорғау. Сондықтан адам құқықтарын қорғау – ел дамуының негізгі тіректерінің бірі.

Адам құқықтары мен бостандықтары Конституциямен қорғалады және мемлекет тарапынан ерекше мәнге ие. Қазақстанда адам құқықтарын қорғау бірнеше деңгейде жүзеге асырылады. Ең алдында Конституциялық кепілдіктер тұр. ҚР Конституциясының 12-бабына сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары әрбір азаматқа туғаннан тиесілі, олар ажыратылмайды және қорғалуы тиіс.

Екіншіден, азаматтар өз құқықтарын сот арқылы қорғауға құқылы. Соттар – азаматтар мен ұйымдардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіретін тәуелсіз орган. Сонымен қатар, прокуратура, ішкі істер органдары және еңбек инспекциясы секілді мемлекеттік мекемелер де адамның құқықтарын бұзуға жол бермеуге міндетті.

Үшіншіден, Қазақстанда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (Омбудсмен) қызмет атқарады. Бұл орган – азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы делдал. Уәкіл азаматтардың шағымдарын қарап, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне баға береді, құқықбұзушылықтарды қалпына келтіру туралы ұсыныстар енгізеді. Уәкілдің басты артықшылығы – оның тәуелсіздігінде және адам құқығын қорғауға бағытталған нақты өкілеттігінде.

Төртіншіден, үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ), қоғамдық қорлар мен құқық қорғау ұйымдары да адам құқықтарының сақталуына елеулі үлес қосып отыр. Олар азаматтарға құқықтық көмек көрсетіп, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізеді.

Азаматтар өз құқықтары бұзылған жағдайда әрекет етудің бірнеше алгоритмін ұстануы тиіс. Атап айтқанда, алдымен құқық бұзылғанын дәлелдеу үшін фото, видео немесе жазбаша айғақтар жинау керек. Одан кейін мәселені бейбіт жолмен шешуге тырысу үшін тікелей мекеме басшылығына немесе жауапты органға жүгіну. Одан нәтиже болмаса уәкілге, прокуратураға немесе басқа да бақылаушы органдарға жазбаша шағым беру қажет. Ал, заң бұзушылықтар түзетілмеген жағдайда сотқа арызданған жөн. Одан да нәтиже шықпаса халықаралық ұйымдарға шағым түсіру мүмкіндігі қарастырылған.

Адам құқықтарын қорғау – тек мемлекетке жүктелген міндет емес, бұл – бүкіл қоғамның ортақ ісі. Әр азамат өзінің құқықтарын біліп, оларды заң шеңберінде қорғай алуы қажет. Қазақстанда құқық қорғау жүйесі қалыптасқан және оны жетілдіру бағытында көптеген қадамдар жасалуда. Бірақ ең маңыздысы – әр адамның белсенділігі мен құқықтық жауапкершілігі. Себебі адам құқығы қағаздағы сөз емес, күнделікті өмірде жүзеге асуы тиіс шынайы құндылық.

Қанат Қарымсақов,
ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жетісу облысындағы өкілі

Қатысты жаңалықтар

Ветеринария мамандары спорт алаңында бақ сынады

Ветеринария мамандары спорт алаңында бақ сынады

10.07.2025
Смартфонға өміріңіздің неше жылын арнайсыз: шындықты көрсететін тест

Смартфонға өміріңіздің неше жылын арнайсыз: шындықты көрсететін тест

10.07.2025
Қазақстанда доллар бағамы төмендеді

Қазақстанда доллар бағамы төмендеді

10.07.2025
Жетісуда мал дәрігерлеріне жаңа автокөліктер мен марапаттар табыс етілді

Жетісуда мал дәрігерлеріне жаңа автокөліктер мен марапаттар табыс етілді

10.07.2025
Қарбызды дәнімен бірге жеуге бола ма? Дәрігер кеңесі

Қарбызды дәнімен бірге жеуге бола ма? Дәрігер кеңесі

10.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.