Талдықорған: +4°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АЭА ЖҰМЫСЫ ӨРІСТЕЙДІ

24 ақпан 2018
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

    Үкімет үйінде Мемлекет басшысының арнайы экономикалық аймақтарды дамыту бойынша берген тапсырмаларын орындау мәселелері жөнінде кеңес өтті. ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен бұл жиында арнайы экономикалық аймақтардың негізгі көрсеткіштері мен олардың тиімділігін арттыру шаралары қаралды.


    Аталған тақырып аясында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек баяндады. Сонымен бірге Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды, Алматы облыстары мен Астана және Алматы қалаларының әкімдері сөз сөйлеп, осы бағыт бойынша атқарып жатқан жұмыстарын әңгімеледі. Бұдан өзге, жұмыс істеп тұрған арнайы экономикалық аймақтарды толтыру мақсатында қабылданып жатқан іс-шаралар жөнінде өз бағыттары бойынша ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов және арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компанияларының басшылары хабарлама жасады. 
   Ел бойынша ең ірі арнайы экономикалық аймақтың бірі – Жетісу өңірінде. Ол «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы. Сондықтан, бұл жоба Үкіметтің жіті назарында. Осыған байланысты жүріп жатқан жұмыстар жөнінде Үкімет басшысына есеп берген Амандық Ғаббасұлы:    
– Жалпы, арнайы экономикалық аймағында бірнеше аймақ бар. Оларда барлығы он төрт жоба жүзеге асырылуда. Біз бүгінге дейін үш инвестфорум өткіздік. Қай-қайсында да алдымен осы Қорғасты насихаттадық. Шетелдік елшілер келсе де сол жерге апарамыз. Бүгінде арнайы экономикалық аймақ жұмысының нәтижесі жаман емес. Сондай-ақ, ҚТЖ аймағының логистикалық, индустриялық аумақтарында да тиімді жобаларды іріктеуде үлкен жауапкершілік танытылып отыр. «Құрғақ порттағы» жұмыстар да өз деңгейінде жүріп жатыр. Ал, «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында» бірқатар мәселе бар. Оны Үкімет өкілдері біледі. Сондықтан, бұл мәселелер оң шешімін табады деген сенімдеміз. Біз өз тарапымыздан «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағымен қатар «Нұркент» жобасын жүзеге асырудамыз. Техникалық-экономикалық негіздемесі толық дайын, бекітілді. Сіздер көп  қолдау көрсетіп келесіздер. Таяуда біз ол қалада жаңа бес үйдің құрылысын бастаймыз, – деді.   
    Айта кетейік, Қазақстанда 11 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді. Оның аумағында барлығы 165 жоба жүзеге асырылуда және 13 мың жұмыс орны құрылған. Арнайы экономикалық аймақ жобаларына тартылған инвестиция көлемі де аз емес, 787 миллиард теңге. 
   Жиын соңында Үкімет басшысы елдегі арнайы экономикалық аймақтар жұмысының жіті бақылауда болатынына назар аударып, салаға жауапты лауазымды тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

А. БАЙЖҰМАҚЫЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Дамудың стратегиялық негізі

Дамудың стратегиялық негізі

1 қараша 2026
Кел ,балалар, оқылық

Кел ,балалар, оқылық

1 қараша 2026
Мүмкіндік мекенге қарай ма?

Мүмкіндік мекенге қарай ма?

1 қараша 2026
Ұмыт қалған сөз сыры

Ұмыт қалған сөз сыры

1 қараша 2026
Сабырханның сұлу сөздері

Сабырханның сұлу сөздері

1 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.