Талдықорған: +34°C
$ 471.04
€ 538.54
₽ 6.17
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Аида Балаева Жаңа жылдан бастап МӘМС қызметінде қандай өзгерістер болатынын айтты

17.12.2025
КҮЛТӨБЕ
Аида Балаева Жаңа жылдан бастап МӘМС қызметінде қандай өзгерістер болатынын айтты

primeminister.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Бірінші қаңтардан бастап міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде қандай маңызды өзгерістер күшіне енетінін тізіп шықты, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

«Қазіргі кезде елімізде 17 миллион адам, яғни азаматтарымыздың 82 пайыздан астамы сақтандырылған. Оның ішінде 12 миллионнан астам адам жеңілдік берілген санаттар қатарында, ал төрт жарым миллионнан астамы жарналарын өздері төлейді.

Біздің міндетіміз – осы тізімді одан әрі арттыру. Сондықтан жүйеге әлі кірмеген азаматтарды міндетті медициналық сақтандыру мүмкіндіктерімен мұқият танысуға шақырамын.

Жаңа жылдан бастап міндетті медициналық сақтандыру пакеті едәуір кеңейеді. Оған қант диабеті, балалар церебральды сал ауруы (ДЦП), ревматизм секілді тағы да басқа созылмалы аурулар енгізіледі. Енді бұл санаттағы науқастар дәрігер консультацияларын, қажетті дәрі-дәрмектерді және ем шараларын толық көлемде міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде ала алады», – дейді Аида Балаева.

Премьер-министрдің орынбасарының мәліметінше, аталған жүйе сондай-ақ кең таралған басқа да ауруларды емдеу мен бақылауды өз мойнына алады.

Мысалы, бір жарым миллион қазақстандық артериялық гипертензия диагнозымен есепте тұр.

Жыл сайын осы сырқаттың асқынуынан 50 мыңнан астам инсульт және инфаркт жағдайы тіркеледі. 2026 жылдан бастап мұндай науқастарға көрсетілетін барлық қажетті медициналық қызметтер міндетті медициналық сақтандыру есебінен қамтамасыз етіледі.

«Сондай-ақ елімізде 25 мыңнан астам азамат созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен өмір сүрсе, олардың 8 мыңы гемодиализге мұқтаж.

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап бақылау, диагностика, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, гемодиализ және тіпті бүйрек трансплантациясы міндетті медициналық сақтандыру пакеті арқылы сақтандырылған азаматтарға қосымша шығынсыз қолжетімді болады.

Қант диабеті  әлемдегі ең кең тараған инфекциялық емес аурулардың бірі. Қазақстанда бұл диагнозбен шамамен бес жүз мың адам тіркеуде тұр.

Бұл ауру тұрақты бақылауды талап етеді. Мысалы, анализ тапсыру, дәрігер кеңестері, емді түзету және басқа да шаралар.

Алдағы жылдан бастап қант диабеті бар азаматтардың емделуі мен диспансерлік бақылауы толықтай міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне енгізіледі. Демек, барлық жоспарлы қабылдаулар, қажетті зерттеулер мен дәрі-дәрмектер қосымша төлемсіз беріледі», – дейді А.Балаева.

Ең басты шарт – науқас міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылған болуы керек.

«Айта кету керек, қазіргі кезде созылмалы аурулардың басым бөлігі міндетті медициналық сақтандыру жүйесі арқылы толық қамтылған. Тек 11 әлеуметтік маңызды ауру ғана тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде қаржыландырылады.

Ауыл тұрғындары да бүгінде міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне толық енгізілген. Көп ауыл азаматтары жеңілдік берілген санатқа жататындықтан, олардың жарналары мемлекет тарапынан төленеді.

Нәтижесінде ауыл тұрғындарына мамандардың консультациялары, қымбат диагностикалық зерттеулер, жоғары технологиялық емдеу әдістері мен қажетті дәрі-дәрмектер қолжетімді болып отыр», – дейді вице-премьер.

Енді 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті медициналық сақтандыру туралы заңның жаңа нормасына сәйкес, Д және Е санатындағы төмен табысты адамдар сақтандырылып, диагностика мен емді кедергісіз ала алады.

«Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін де жүйеге қосылу  тәртібі жеңілдеді. Олар айына төрт мың екі жүз елу теңге немесе жылына 51 мың теңге төлей отырып, міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі барлық қызметтерді, оның ішінде қымбат емді де пайдалана алады.

Мұның барлығы қала мен ауыл тұрғындары үшін медициналық көмектің баршаға бірдей қолжетімділігін қамтамасыз етіп, халықтың денсаулық сақтау жүйесінде қорғалуын арттыра түседі.

Бұл өзгерістердің басты мақсаты  – әрбір азаматтың сапалы және уақытылы медициналық көмекке қол жеткізуін қамтамасыз ету.

Алдағы уақытта міндетті медициналық сақтандыру аясын кеңейту бағытындағы жұмыс жалғасады. Сондықтан әлі сақтандырылмаған азаматтар міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің мүмкіндіктерімен жан-жақты танысуы аса маңызды.

Әр азматтың денінің саулығы, отбасының амандығы  біз үшін аса маңызды. Баршаңызды міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қосылып, сапалы әрі уақытылы медициналық көмекке қол жеткізуге шақырамын», – дейді А.Балаева.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы

07.07.2026
Алакөл жағалауындағы қауіпсіздік және тазалық шаралары

Алакөл жағалауындағы қауіпсіздік және тазалық шаралары

07.07.2026
Конституциялық сот: Бірқатар лауазымды тұлғалар қайта тағайындала алады

Конституциялық сот: Бірқатар лауазымды тұлғалар қайта тағайындала алады

07.07.2026
Қазақстандықтар елдің саяси бағытын қолдайды

Қазақстандықтар елдің саяси бағытын қолдайды

07.07.2026
Президент жаңа Жарлыққа қол қойды

Сайлауалды сауалнама: Қоғамдық пікірді зерттеу қалай өтеді?

07.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.