Талдықорған: +10°C
$ 458.28
€ 501.45
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АЙНАЛАЙЫН

21 наурыз 2023
КҮЛТӨБЕ
АЙНАЛАЙЫН
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақта айналайын дейтін керемет сөз бар. Аяулы сөздің астарында ананың ыстық махаббаты мен мейірімі, асқар тау әкенің ықыласы, ерекше жылылық пен өмір жатқандай. Талдықорғанда әр баланы осы бір керемет сөзбен еркелетіп, бауырындағы балапандарының бәріне мейірімін теңдей бөлген «Айналайын» балалар үйі бар. Аталмыш орталық Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына орай думанды шара өткізді.

Бүлдіршіндердің ауа райының қолайсыздығына қарамай ұйымдастырған шараны тамашалайық, жауған қар жас жеткіншектердің аппақ ниеті, ақ қарға жаққан оты деп, «Айналайын» балалар қалашығына бардық. Ғимаратқа кірген бойдан-ақ қазақы оюланған шапандарын, үкілі тақия мен бүрмелі көйлегін киіп, жадырап жүрген балдырғандарды көріп, көңіл-күйіміз бірден көтерілді. 83 балаға мейірімін төгіп отырған орталықтың іші де қазақы нақышқа сай безендіріліпті. Асыр салып ойнап жүрген бүлдіршіндер бізді көріп, қуанып, шұрқырай алдымыздан жүгіріп шығып, ұлдар «Ассалаумағалейкүм», қыздар «Сәлеметсіз бе?» деп ізетпен амандасып жатты. Дана халқымыз баланың амандасқанына қарап-ақ тәрбиесіне баға берді емес пе?! Біз де балалардың қонақжайлылығы мен жақсы тәрбие алып жатқанын амандасқаннан-ақ байқадық. Мерекелік шара басталғанша бүлдіршіндермен әңгімелесіп отырдық. 
Үйге қонақ келсе кез келген бала қуанады. Ал балалар үйінің тәрбиешілері қонақты асыға күтеді. Себебі, балалар ашылып сөйлеп, концерттік бағдарлама ұйымдастырып, дайындалады екен. Жоғалған жақыны табылғандай бізге де ішінтеді арман-мақсаттарын айтты. Бірі өнер жұлдызы, енді бірі ғалым, дәрігер болғысы келеді екен. «Арманым орындалу үшін сабағымды жақсы оқып жүрмін», – деді біреуі. Өмірге енді қадам басқан өрімдей өрендердің жанарынан үміт сәулесі жарқырайды.Қуаныштысы, ұлтқа бөлінбейді. Бір-бірін бауырым деп сыйлайды. Қазақ елінен, қазақ жерінен бақыт тапқан өзге ұлт өкілдері де қазақшаға ағып тұр. Наурыз айы жайлы сұрап ем, салт-дәстүр, ұлттық тағам мен ойындарымыз жаңғыратынын, Қыдыр ата келеді деп барлық есік ашық тұратынын жарыса айтты. Салт-дәстүрді жаттап өсіп келе жатқан болашақ ұрпақты көріп риза болдық.
Осыдан кейін мерекелік шара басталды. Думанның шырайын кіргізген балалар мен тәрбиешілердің  бірдей киген ұлттық киімдері болды. Күнделікті қазақша көйлек емес, қолдан кестеленген ерекше кимешек түрлері жиналғандардың қызығушылығын тудырды. Сонымен қатар, балалардың қолөнер туындысы қойылған көрме де ерекше. Шарада тәрбиешілер мен балдырғандар шағын көрініспен қазақ халқының Наурыз мейрамын қалай қарсы алатынын көрсетті. Қыдыр ата бата беріп, жеткіншектер әуелетіп ән салып, мың бұралып би биледі. Былдырлаған бүлдіршіндердің әр қимылына сүйсінесің. Шараға келген жұрт балалардың өнеріне тәнті болды. Сондай-ақ, баланы бесікке бөлеу, қырқынан шығару, тұсаукесер, еңбектейтін баланың бауырынан табақ алу ырымдары жасалып, келген қонақтарға сый-сияпат үлестірілді. Содан соң барлығы дастарқанда бас қосып, наурызкөжеден дәм татты.
Салтанатты шара барысында Жетісу облысы прокурорының орынбасары Серікқали Кушалиев сөз алып, мерекемен құттықтап, ақжарма тілегін ақтарды. 
– Құрметті бүлдіршіндерім! Еліміздің болашағы – сендердің қолдарыңда. Бұл ғасыр – білім мен ғылымның ғасыры.  Сондықтан талапты, өнерлі болыңдар. Сендердің  шат күлкілерің мен бақытты балалық шақтарың біз үшін үлкен байлық. Бақытты сәттерің көп болып, жүректерің мейірімге толсын, – деді.
Келесі кезекте Талдықорған қаласының прокуроры Бақытжан Ашеев, Бикен Римова атындағы облыстық драма театрының директоры Ерлік Жуасбек бала бақыты бәрінен биік екендігін айтып, балдырғандарға ізгі тілегін арнады.
Мерекелік жиын аяқталған соң бүлдіршіндер бізге: «Сау болыңыздар! Біздің үйге келіп тұрыңыздар», – деп шығарып салды. Біз осы бір сөзді естігенде жанарымызға жас үйіріліп, толқып, «міндетті түрде келіп тұрамыз» деп уәде беріп қайттық. Ал жәудіркөз жеткіншектер тау-тау армандарын құшақтап,соңымыздан қол бұлғап қала берді. 

Айдар ҚАЛИЕВ

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Қауіпсіздік кепілі

Бүгін, 16:00
Жетісуда ауыл жастарына кәсіп бастауға 3 млн теңгелік гранттар ұсынылды

Жетісуда ауыл жастарына кәсіп бастауға 3 млн теңгелік гранттар ұсынылды

Бүгін, 15:56
Жетісуда әлеуметтік жобалар жаңа аудандарда жалғасады

Жетісуда әлеуметтік жобалар жаңа аудандарда жалғасады

Бүгін, 15:20
АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

Бүгін, 14:30
…Туғанды биде иман жоқ

…Туғанды биде иман жоқ

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.