Талдықорған: +2°C
$ 469.52
€ 553.75
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АЛҒЫСЫМЫЗДЫҢ АЙҒАҒЫ

02.04.2019
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

«Астананың атын ауыстыруға қалай қарайсыз?» деген сауалды осы күндерде бірнеше БАҚ өкілдері қайта-қайта қоюмен болды. Қысқа қайырым жауаптармен шектелген едік. Тағы да айтуға, сәл кеңейтіп айтуға тура келеді.

 

Ел өміріндегі белесті бетбұрысты мемлекет тарихында біржола бедерлеу, еңбегі ерекше сіңген, сол елдің тарихын өзгертуге тікелей ықпал еткен ұлы тұлғалардың атын ұлықтау дәстүрі әлемде бұрыннан бар.

Ана жылы бізде Тұңғыш Президент күні белгіленгенде біраз жұрт: «Бұл қайдан шыққан мереке? Әлемде ондай мереке атымен жоқ қой» дескен. Арнайы мақала жазып, «Демократияның даңқты дәстүрлерінің діңгегі саналатын Америка Құрама Штаттарының өзінде Президент күні баяғыда белгіленгенін, ал ол күнге елдің тұңғыш президенті Джордж Вашингтонның туған күні алынғанын білмейміз немесе біле тұра білмеген боламыз. Бұл үшін АҚШ-тың арғы-бергі тарихын жілікше шағу шарт емес, Юрий Носовтың «Президент. Замечательные страницы американского президентства от Джорджа Вашингтона до Барака Обамы» атты кітабын оқып шығу да, Вашингтон туралы тараудағы «Он родился 22 февраля 1732 года, ныне этот день является в США государственным праздником» (49-бет) деген жолдарға зер салып жату да шарт емес, Интернетті шұқып қалу, тиісті ақпаратты анықтай салу жетіп жатыр» деуімізге («Ер жолы – ел жолы», «Егемен Қазақстан», 2013 жыл, 4 желтоқсан) тура келген. Бүкіл өркениетті әлемнің салған жолымен жүрудің өзіне күдіктенудің, не нәрсеге де сезік-секеммен қарай берудің жөнсіздігін ұғынатын уақытымыз келгені күмәнсіз.

Тағы да айтамыз: бұл бүкіл әлемде баяғыдан қалыптасқан жай. Адамзаттың арғы-бергі тариxында xалықтар өзі құрмет тұтқан, ерекше еңбегі сіңген тұлғалардың атын көшелер, алаңдар тұрмақ қалаларға, адам қолымен салынған қалалар тұрмақ, жермен бірге жаралған тауларға, өзендерге, аралдарға, мүйістерге, бұғаздарға, теңіздерге беріп, есімін ардақтаумен келеді. Врангель аралы, Магеллан бұғазы, Дежнев мүйісі, Кук тауы, Гудзон шығанағы, Челюскин мүйісі, Кеннеди мүйісі, Беринг теңізі, Баренц теңізі деген сияқты атаулар толып жатыр. Адам аты берілген мемлекеттер де баршылық – Колумбия сол құрлықты ашқан Христофор Колумбтың атына, Боливия сол елдің азаттығы үшін күрескен қолбасшы Симон Боливардың атына қойылған. Ондай тұтас империялар да болды, мысалы, Осман империясы. Жеке адамның құрметіне аталып кеткен халықтар да бар. Өзбектер Алтын Орда ханы Өзбектің атымен, ноғайлар Алтын Орда заманында аты жер жарған қолбасшы Ноғайдың атымен аталған. Оны айтамыз, тұтас құрлық атышулы теңіз саяхатшысы Америго Веспуччидің құрметіне аталып отыр ғой. Адам аты қойылған қалаларды санамалап әуре болмай-ақ қояйық. Олардың арасында астаналары да аз емес. Хрестоматиялық мысал – Вашингтон. Әлемдегі ең демократиялық делінетін сол еліңіздің өзі тәуелсіздік алғаннан кейінгі астанасын сол қаланы салдырған, елге тәуелсіздік алдырған Джордж Вашингтонның құрметіне атады. Айтқандай, қаланың Вашингтон деп аталған жылына назар аударыңыз: 1791 жыл, яғни қаланың іргесі қаланғаннан кейін небәрі екі жыл өткенде. Америка Құрама Штаттарында Вашингтон штаты да бар, Вашингтон көлі де бар, Вашингтон аралы да бар, Вашингтон тауы да бар, тұңғыш президенттің құрметіне қойылған елді мекендерді, колледждерді, университетті, көшелерді, алаңдарды атамағанда.

Өзгелер жасағанды бізге неге жасауға болмасын? Жақсының жақсылығын айтып, нұрын тасытатын халықтық қалпымызға бұл әбден жарасымды.

Оның үстіне ел астанасы Елбасымыздың Алматыдан көшіп келіп, елді жаңа кабинеттен басқара бастаған қаласы емес, бұл қала астананы ауыстыру Нұрсұлтан Назарбаевтың ең жақын әріптестерінің тарапынан да қолдау таппай тұрғанында, халықтың басым бөлігі «Айлық пен зейнетақыны жеткізе алмай жатқанда мұны қайдан шығарды тағы?» деп үрке қараған сын шақта тізеден басып тұрып, шешім қабылдаттырған қаласы, жеке бастамасы, ешкім ортақтаса алмайтын төл идеясы, ұлы идеясы, тікелей өзі салдырған, ғажайып жобасымен алысты да, жақынды да, Шығысты да, Батысты да қайран қалдырған қаласы. Қазақтың қазақ болғалы жеткен ең жарқын жеңісінің бірі.
Мына жайды да қадап айту керек. Астанамыздың аты Нұрсұлтан қаласы емес, астанамыздың аты – Нұр-Сұлтан қаласы. Адам есімін сол күйінде қоя салу емес бұл. Елбасымыздың әрі мағыналы, әрі әуезді атын ала отырып, есімнің мәнін тереңдету бұл. «Сұлтан» сөзі мұсылман елдерінде билік лауазымының аты. «Сұлтан» сөзі оған қоса төл тілімізде бекзаттықтың бір баламасы. Асыл азаматтыққа сүйсінгенде «жігіттің сұлтаны» дейтініміз содан. Демек енді ел астанасы атының мағынасы «Нұрлы Сұлтандық», яғни «Нұрлы бекзаттық» та болып шығады. Бұл атау халықтың рухын асқақтатып, елдік санасын биіктікке, тазалыққа, тектілікке шақырып тұрады әрі бұл арқылы келер замандардағы ұрпақтарымыз да Қазақ елі астанасының аты мемлекеттің Тұңғыш Президентінің, осы қаланы өзі салдырған адамның – мыңжылдықтар межесінде, ғасырлар тоғысында жаңа ел құрған, мемлекеттің астанасын Арқаға ауыстырып, өзіміздің жерімізге өзімізді толық әрі түпкілікті қожайын еткізген, елдің, жердің иесі де, киесі де қазақ екенін шегелеп шегендеген, сан алуан ұлысты ұйыстыра ұстап, халқымызды мемлекет құрушы ұлт еткізген, елін отыз жыл бойы біліктілікпен, байыптылықпен басқарып, отыз жыл бойы елінің таңын тыныш атқызып, күнін бейбіт батқызған, Қазақстанды әлемге әйгілеп, өркениет өріне шығарып берген ұлы перзент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне қойылғанын да дәйім есте ұстайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл шешімі – халықтың ақ алғысын айғақтайтын, кеңінен ойластырылған кемел шешім. Оның дәл солай екенін дана уақыт даусыз дәлелдейтін болады.

Сауытбек АБДРАХМАНОВ,
Мәжіліс депутаты

 

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу-2» күміс медальмен оралды

«Жетісу-2» күміс медальмен оралды

17.04.2026
Әскери-техникалық мектепте «Ашық есік» күні өтті

Әскери-техникалық мектепте «Ашық есік» күні өтті

17.04.2026
Жүлдегер жастар – ел мақтанышы

Жүлдегер жастар – ел мақтанышы

17.04.2026
ҰБТ жүйесі өзгеруі мүмкін: Аида Балаева жаңа форматты ұсынды

ҰБТ жүйесі өзгеруі мүмкін: Аида Балаева жаңа форматты ұсынды

17.04.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия форумына қатысуға барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия форумына қатысуға барды

17.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.