Талдықорған: +2°C
$ 499.83
€ 581.50
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Амандық Баталов: Босаңсуға жол берілмейді

14.02.2018
КҮЛТӨБЕ
Амандық Баталов: Босаңсуға жол берілмейді
WhatsAppTelegramFacebook

Елбасы жүктеген міндеттерді талқылап, оны жүзеге асыру жолдарын пысықтау үшін облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ кеңейтілген жиын өткізді. Оған аудан, қала әкімдері мен облыстық деңгейдегі басқармалар мен департаменттердің басшылары қатысты. 

– Өздеріңізге белгілі, 9 ақпан күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтті. Онда өткен жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы міндеттер пысықталды. Кеңесте 2017 жылы жүзеге асырылған жұмыстарға оң баға берілді. Өткен жыл біздің облыс үшін де табысты болды. Енді оған тоқмейілсімей, экономиканы дамыту бағытындағы жұмыстарды одан әрі өркендетіп, соған күш салуымыз қажет. Елбасы «Биыл Үкіметтің алдына қойып отырған 4 проценттік меже аз болды. Одан төмен түсіп кетуіміз мүмкін. Сондықтан өзіміз алдымызға одан жоғары міндеттер қоюымыз керек. Оның ішінде бағдарламалардың орындалу мәселелері бар, олардың арасында кемшіліктер де жоқ емес. Сондықтан осы мәселелер төңірегінде жұмыс істейтін боламыз», – деп нақты бағдар ұсынғанын атап өткен облыс басшысы Елбасы берген тапсырмаларға тоқталып, осы бағытта жүргізілетін жұмыстарды пысықтады. 
Осыған байланысты әр саланы өркендету бағытында атқарылуы тиіс жұмыстарға ерекше көңіл бөле отырып, әкімдер мен басқарма басшыларына жаңа міндеттер жүктеді. 
Әкім өз сөзінде облыс экономикасын дамытуға баса мән беру қажеттігін айта отырып, қайта өңдеу ісіне ден қою, өндірістерді өркендету, кооперациялар құру және олардың жұмысын жандандыру, ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру, еңбек өнімділігі мен экспорттық әлеуетті және кәсіпорындардың өндірістік қуаттылығын арттыру, экспортқа бағытталған кәсіпорындардың жұмысын өркендету, индустрияландыруға бағыт алу, жаңа өндіріс ошақтарын салып, осы бойынша жұмыс орындарын ашу, кәсіпкерлік саласын жандандырып, шағын және орта бизнесті өркендету, өзін-өзі жұмыспен қамту, инвестиция тарту, инвесторлар табу, олардың алаңсыз жұмыс істеуіне ыңғайлы жағдайлар жасау керектігін назарға салды. Құрылыс саласына да ден қойылып, ескірген жолдарды жөндеу, халықты баспанамен қамту үшін жаңа тұрғын үйлер салу, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» секілді мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын қадағалау, индустриалды аймақтардың жұмысын жандандыру, ол жерлерге инженерлік инфрақұрылым тарту және оған айрықша мән беру керектігі айтылды. 
«Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы және үлкен Алматы айналма автокөлік жолының құрылысы, цифрландыру үрдісіне көңіл бөлу, денсаулық сақтау мекемелерін жаңғырту, ана мен бала денсаулығына көңіл бөлу, интернетке қолжетімділікті арттыру, сондай-ақ, туризм, газ, жанар-жағармай, көмір жеткізу секілді мәселелерге де мән берілді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының орындалу барысы да назардан тыс қалған жоқ. Бағаны тұрақтандыру мен инфляция деңгейі де әңгіме өзегіне айналды.Көктемгі егіске дайындық пен су тасқынының алдын алу жұмыстарын күшейтіп, оны бақылауда ұстау қажеттігі де алға тартылды. 
Талдықорған қаласындағы жаңадан бой көтеріп жатқан ықшам аудандарды абаттандырып, гүлдендіруге, көріктендіріп, көгалдандыруға да айрықша мән берілу керектігі айтылды. Сонымен бірге Амандық Ғаббасұлы әкімдер есебін бергенде тек  қағазға қарап, баяндаумен шектелмей, жаңаша үлгіде жүргізу керектігін де қаперге салып өтті. Жиын барысында бірқатар аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларын орындарынан тұрғызып, алдағы уақытта атқаратын жұмыстары жөнінде сұрады. Кемшіліктер де сараланып, алдағы уақытта оларды болдырмаудың амалдары қарастырылды. 
– Әкімдерге босаңсуға жол берілмейді. Сондықтан, салаға жауапты әр басшы, әр әкім Елбасы берген тапсырмаларды мүлтіксіз орындап, осы бағытта жұмыс жүргізулері керек. Облысымыздың абыройы – бәріміздің абыройымыз ,– деп ой қорытты Амандық Ғаббасұлы. 
Жиын барысында облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Алимжан Тохтасунов шағын және орта бизнесті дамытып, инвесторлар тарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен 2026 жылға дейін іске асырылатын жобалар, шетелдік инвесторлардың қатысуымен биыл және келесі жылы жүзеге асырылатын жобалар, «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы мен индустриалды аймақтарды дамыту аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар жайында жан-жақты хабарлама жасады. Облыс әкімінің орынбасарлары да өз ойларымен бөлісіп, алда атқарылуы тиіс жұмыстарды баяндады.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Қатысты жаңалықтар

Жол ережесін бұзғандарға бейнежазбаны онлайн алу мүмкіндігі берілді

Жол ережесін бұзғандарға бейнежазбаны онлайн алу мүмкіндігі берілді

05.03.2026
8 наурызда әйелдерге қандай сыйлық беруге болады?

8 наурызда әйелдерге қандай сыйлық беруге болады?

05.03.2026
«Шетелге жалақысы көп жұмысқа шақырды»: ІІМ алаяқтардың жаңа әрекеті пайда болғанын ескертті

«Шетелге жалақысы көп жұмысқа шақырды»: ІІМ алаяқтардың жаңа әрекеті пайда болғанын ескертті

05.03.2026
Заң мен тәртіп –  мемлекет тірегі

Заң мен тәртіп – мемлекет тірегі

05.03.2026
5 наурыз – Алаштың ұлы қайраткері Әлихан Бөкейхан туған күн

5 наурыз – Алаштың ұлы қайраткері Әлихан Бөкейхан туған күн

05.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.