Талдықорған: +35°C
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚАНТ ҮШІН ЖАНТАЛАС ҚАШАН БІТЕДІ?

23.06.2022
КҮЛТӨБЕ
ҚАНТ ҮШІН ЖАНТАЛАС ҚАШАН БІТЕДІ?
WhatsAppTelegramFacebook

Елдегі  19 миллион халықтың сұранысын қамтамасыз ету үшін 500 мың тоннадан астам қант керек. Ал Жетісу облысындағы Ақсу мен Көксу, Жамбыл облысындағы Мерке қант зауыттары жылына 70 мың тонна көлемінде қант өңдейді. Демек,  отандық қант зауыттары өндірген шекер қазақстандықтардың қантқа деген қажеттілігінің 13%-ын ғана қамтамасыз ете алады. 

Ғалымдардың пайымынша, қантқа сұраныстың 25%-ы орындалғанда сол елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады екен.  Біз осы деңгейге жету үшін кем дегенде  жылына 1 миллион тонна шикізат жинауымыз керек. Ол үшін 25 мың гектар жерге қант қызылшасы егіліп, гектарынан орташа есеппен 450 центнерден өнім жинауымыз керек. Алайда, өткен жылы жетісулық диқандар 8925 гектар жерден қант қызылшасын қамбаласа, биыл 6364 гектар алқапқа қант қызылшасын сепкен. Ауа райы, су, тыңайтқыш, тұқым, тағы да басқа күтіп-баптаумен тікелей қатысты болатын дақылдан күзде қанша өнім жинайтынымыз қазірше белгісіз. Сондықтан қантты көрші елдерден импорттауға мәжбүрміз. 
Экономикалық заңдылық бойынша, егер азық-түлік импорты ішкі тұтыну көлемінің 20 пайызынан асса, бұл елдің нарығы импорттаушы елдер белгілеген бағаға тәуелді болады. Еліміздегі қант бағасының күрт қымбаттап кетуіне осы жағдай себеп болуда. 
Бүгінде еліміздің кей өңірінде бір келі қанттың бағасы 1000 теңгеге дейін шарықтап кеткені айтылуда. Өзіміз жақсы білетін Талдықорған қаласындағы дүкендерде қанттың келісі 650-700 теңге көлемінде сатылуда. Мұндай баға тұынушылардың қантқа деген сұранысын қамтамасыз ету және бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында қолға алынған «Жетісу» ӘКК ӨДИ» АҚ азық-түлік тұрақтандыру қоры тарапынан атқарылып жатқан шаралар есебінен ғана сақталып тұр.
– Облыстық азық-түлік тұрақтандыру қорында бүгінде 1500 тоннадан астам құм қант қоры бар. Оның әр келісі 280-317 теңгеден аспайтын бағамен аптаның сейсенбі, сәрсенбі, сенбі күндері Талдықорған қаласындағы «Жерұйық» коммуналдық базарында, «Санжар», «Шойбек», «SM market», «Нұралы», «Көксу» шағын маркеті, «Тоймарт» сауда орталығы және азық-түлік тұрақтандыру қорымен келісімге отырған аудан орталықтарындағы үй жанынан ашылған дүкендерде сатылуда, – дейді облыстық азық-түлік тұрақтандыру қорының өкілдері. 

Бірақ «Жерұйық» коммуналдық базарындағы қант сатылатын орында ұзын-сонар кезек. Күннің аптап ыстығында кезегін күтіп терлеп-тепшіп, шөлдеп тұрған ақсақалды да, ақ жаулықты ананы да, жастар мен балаларды да кездестірдік. Иін тірескен адамдардың кейде бір нәрсеге келіспей, бір-біріне дауыс көтеріп, қызылкеңірдектесіп жатқанын байқадық. 
– Үшінші күн осы жерде кезекте тұрмын. Алдыңғы екі жолы жай келіп, кезегім келгенше сатылымдағы қант бітіп қалды. Бүгін таңғы сағат 5.30-да келсем, менен бұрын бірнеше адам келіп алған екен. Енді біраз күтсем кезегім келеді. Сонда алатыным – 3 келі қант, – дейді кезекте тұрған қала тұрғынының бірі. Оның артында қант таусылып қалмаса екен деген үмітпен үздігіп тұрған жұрттың қарасы қалың. Арасында шыдамы таусылып, қолын бір-ақ сілтеп қайтып кетіп жатқандары да бар.
 «Ел аман, жұрт тынышта қант үшін осылай аласапыран болып жатырмыз-ау, ел басына күн туса мына халық не істейді», – деп ренішін білдірген апамыз «Магнум» сауда орталығына бірнеше немересімен келіп, қол арбасын үш келіден қапталған қантпен толтырып алыпты. Біздің таңырқағанымызды сезе қойған апамыз: 
– Мына, балалар да адам ғой. Үш келіден алуға міндетті, – дейді ақталып.
  Қалай болса да, қант үшін жанталас жуыр арада шешіле қоймайтыны белгілі. Түгін тартса, майы шығатын жетісулықтардың 6 мың гектар қызылшасы қанша адамның қажетін қанағаттандыра алады? Биыл Ақсу қант зауыты қант құрағынан қант өндіруге көшпек, ал Көксу қант зауыты жазғы уақытта қант қамысынан қант өндіруді қолға алғалы екі жыл болды. Олар қант құрағын мұхиттың арғы бетіндегі Бразилиядан тасымалдайды. Егер өткен жылдардағыдай жол жабылып қалса, не істемек? Сондықтан отандық қант өндірісін өркендету үшін оны егіп, баптайтын диқандарды ынталандырудың амалын табу керек.

Қажет АНДАС,
Талдықорған қаласы

Қатысты жаңалықтар

Асығың алшысынан түссін…

Асығың алшысынан түссін…

25.07.2026
Азаматтардың 70,3%-ы Құрылтай сайлауында дауыс беруге ниетті

Болашаққа бағдар

25.07.2026
Үгіт науқанының екінші күні қалай өтті?

Үгіт науқанының екінші күні қалай өтті?

25.07.2026
Әлемдік кино жұлдыздары Астанада

Әлемдік кино жұлдыздары Астанада

25.07.2026
Сайлауалды үгіт-насихат кезеңі туралы не білу керек?

Құқықтық жүйені жетілдірген

25.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.