Талдықорған: +35°C
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АПОРТҚА ЖЕТЕТІН АЛМА ЖОҚ

08.07.2022
КҮЛТӨБЕ
АПОРТҚА ЖЕТЕТІН АЛМА ЖОҚ
WhatsAppTelegramFacebook

Алмабақ өсіруде Алматы маңындағы өңірлер ішінде Жамбыл ауданы кенжелеп қалғаны байқалады. Бір кездері әр ауылда жайқалып тұрған бақ қазір мұнда некен-саяқ. Оның себебі неде, дақылды өсірудің қандай әдісін қолданған жөн, әйгілі апорт үшін аймақ қаншалықты қолайлы? Осы сауалдарды өсімдік шаруашылығына жауапты лауазымды тұлға – аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы Қайрат Тойшыбековке қойған едік.

– Ауданда алмабақ шаруашылықтары, негізінен, қарқынды технология әдісін қолданады екен. Бұл әдістің бұрынғы дәстүрлі әдістен айырмашылығы неде?

– Қазір алмабақ өсіріп, одан мол өнім алам деген адамға ең тиімдісі – қарқынды технология. Бұл дегеніңіз, ең алдымен қарапайым тілмен айтқанда, аз жерге көп ағаш егу. Айталық, 1 гектарға 2500 және одан да көп тал егіледі. Көшет 4/1 схемасымен отырғызылады. Яғни қатар арасы 4, ал әр талдың арасы 1 метр, тіпті 80 сантиметрден де егіледі. Осы әдіспен отырғызылған алма ағаштарының тамыры тереңге бармайды және бойы аласа, ары кеткенде 3-3,5 метр ғана. Өнімін үш жылдан кейін бере бастайды. Ал бұрынғыша егілетін орта бойлы алма ағаштары 5-6 жылдан, биік бойшаңдары 7-8 жылдан кейін ғана гүлдейді, ағаш арасы бір-бірінен алшақ, 1 гектарға 660, биіктері 200 түптен ғана. Қарқынды технологиямен тығыз егілгендіктен өнімі де мол болады. Жай алмабақтан гектарына 20-30, ал бұдан 30 тоннадан жоғары аласыз, ал Еуропада гектарына тіпті 70-80 тоннаға дейін барады.

Бойы аласа болғандықтан жемісін теру де жеңіл. Бірақ тіреуіш бағандар қолданбаса, ағаш өз жемісін көтере алмай сынып кетеді. Қарқынды бақта қатарды жағалай шпалер орнатып, оған ағашты сүйейтін сым тартылады. Тағы бір ерекшелігі, тамыры тереңге кетпегендіктен тамшылатып суғармаса болмайды. Қазіргідей ыстық кездері 3-4 күн сайын суғару керек. Суды әрбір түпке қажетті мөлшерде беріп, керекті тыңайтқыштарды суға қосады. Сонда тыңайту жұмысы суғарумен бірге жүреді, бұл да тиімді. Бұл әдіс Еуропада қатты дамыған. Біздің елде кейінгі жылдары қолданылып келеді. Оған егетін көшет шетелден әкелінеді. Көшеттің төменгі, яғни телуші бөлігі клондау әдісімен шығарылып, оған қажетті сорттың бұтағы телінеді. Мұның да өзінің қыр-сыры жеткілікті.

– Өнімділігі жоғары болғанымен, сапасы Алматы апортына жетпейді ғой. Апорттың күрт азайып кетуінің себебін ауданның бас агрономы ретінде немен түсіндіресіз?

– Апорт қазір аборигендік сорт деп есептеледі, яғни атам заманнан келе жатқан сорт. Оны алғашқы орыс келімсектері Алатау бөктеріндегі сиверс алмасы мен өздері алып келген көшеттерді будандастырып шығарған. Апорт, негізі, өте жақсы сорт. Бірақ кейінгі шыққан, мутацияланған ауруларға төзімсіз. Бактериялық күйік, парша сияқты неше түрлі өсімдік аурулары көп қазір. Соларға осал болғандықтан көп екпейді оны. Қазір бұрынғы кездердегідей бір рет егіп қойып, одан соң өнімін жинап отырамын десеңіз қателесесіз. Алмабаққа ең аз дегенде жылына 17-18 рет, әйтпесе 35-40-қа дейін агротехникалық шаралар қажет. Онсыз өнім ала алмайсыз. Дәрілеу, арам шөптерден тазарту, топырағын өңдеу, бұтау, жас кезінде формаға келтіру, құрт-құмырсқа сияқты зиянды жәндіктерге, саңырауқұлақтық және басқа да ауруларға қарсы химиялық өңдеу тәрізді шаруаларды жүйелі жүргізу керек. Мұның барлығы уақтылы жасалмаса, тиімділігі төмендеп, өнімге кері әсер етеді. Маусымдық жұмыстар ауаның ылғалдылығы, температурасы ескеріліп атқарылады.

Апорттың нағыз жақсы өсетін жері – теңіз деңгейінен 900-ден бастап 1200 метрге дейінгі биіктік. Бұдан төмен немесе жоғары деңгейде апорт өзінің барлық қасиетін толық көрсете алмайды. Алатаудың етегі осындай. Ауданда бұл белдеуге Қарғалы, Ынтымақ ауылдарының бас жағы, Майтөбе жайлауының бөктері, Суықтөбе тауының етегіндегі Қастек, Шиен ауылдарының үсті жатады. Осы жерлер апорт үшін өте қолайлы болғандықтан, өткен ғасырдың 70-90 жылдары әр ауылда ірі-ірі апорт бақтары болған.

Апорттың өзінің 3-4 буданы бар, ғалымдар апорттектес тағы да түрлерін шығаруда. Оның күтіп-баптауы көп, дегенмен кәсіби мамандар айналысса, қайта жандандыруға болады. Апортқа жететін алма жоқ. Оның дәмі, аңқыған хош иісі, көз қызықтырар түрі керемет қой. Егер оған қолайлы барлық қажетті шарттар мен технологиялар сақталса, бұрынғы даңқын қайтаруға әбден болады. Бірақ маман жетіспейді, ал қызығушылық танытқандар кәсіби маман емес. Қалталы компаниялар қызықпайды, оларға тез пайда табу керек, 8-9 жыл күткенше 4 жылда өнім алуды тиімді санайды.

– Ауданда қазір апорт өсіріле ме?

– Өсіріледі, бірақ күткендегідей өнім алынбай келеді. Самсы ауылында 7 гектарға егілген бақтың өнімділігі төмен болуының басты себебі – жоғарыда айтылған қолайлы белдеуге жатпауында. Теңіз деңгейінен 770-780 метрде, яғни 900 метрге жетпегендіктен көшетіне субсидия да ала алмады. Ал қажетті белдеудегі Қарғалы ауылы маңындағы 36 гектарлық апорт бағы жайқалып өсіп келе жатқанда былтырғы қуаңшылықта 17 гектары өртеніп кетті. Баққа биыл 7-8 жыл толып, өнім бере бастайтын кезі еді. 36 гектардың   19-ы есептен шығарылып, 17 гектары қалды. Ағаштар бактериялық күйікпен ауырды, ал апорт бұл ауруға төзімсіз.

– Бақ егу қымбат па? Қай шаруашылықтың жұмысы дұрыс?

– Мемлекет тарапынан интенсивті технологияға қолдау бар. Тіреуіш-сүйеуіштер орнату, су шығару, бақтың аумағын қоршау, суландыру жүйесі сияқты шаруаларға демеуқаржы төленеді. Ол үшін әр шаруашылық өз электрондық-сандық қолтаңбасы арқылы Электрондық үкімет сайтына кіріп, шығынын өтеуге өтінім бере алады.  Егер интенсивті технология қолданбаса, онда көшетті сатып алғаны шекті баға бойынша 50 пайызына дейін субсидияланады.

Бізде қарқынды бақтың көшеттері жоқтың қасы, оны шетелден алдырады. Бұрын аталарымыз қолданған әдіс қандай еді: алма дәнін егіп, көшет қып өсіріп, тұрақты орнына отырғызатын, ол 7-9 жылда гүлдейді. Бірақ дәннен өскен ағаш сол сорттың барлық қасиетінің 80 пайызына дейін ғана береді. Ал жоғарыдағыдай жаңа әдіспен телінген көшет сорттың қасиетін 100 пайыз сақтап қалады, демек, кепілдік 100 пайыз.

– Алмабақ өсірудің арзан, қолжетімді жолы бар ма? Қай кезде еккен жөн?

– Шағын бақ егемін деушілерге бұл соншалықты қымбат емес. Көшет шаруашылықтарымен келісімшартқа отырып, керекті сорттарға алдын ала тапсырыс беріп, көктемде ауласына немесе басқа жерге отырғызуға болады. Оны көктемде де, күзде де ексе болады. Дала жұмыстарын жүргізуде әр өңір үшін оңтайлы мерзім белгіленген. Ол әрбір дақыл үшін есептелген. Мәселен, көшет отырғызудың оңтайлы мерзімі бізде 20 сәуірге дейін. Жас тал мамырдың ыстығына дейін бүр атып, тамыр жайып алады. Егер мамырда егілсе 100 талдың 30-ы өліп қалуы мүмкін. Өйткені тамырланып үлгермей жатып жапырағын жайып жіберсе, қажетті қорекпен қамтамасыз ете алмай, қурап қалады. Ал күзде алғашқы қар жауғаннан және ауа температурасы күрт төмендегеннен екі апта бұрын егілгені дұрыс. Бұл – қазанның соңы мен қарашаның басы, ағаштың бойындағы сөл қозғалысы тоқтап, жапырақ сарғайған кез. Бірақ ауа райының мұндай өзгерісіне дөп келу қиын, себебі климат өзгерді, алдын ала болжам дұрыс келмей жатады. Қатты суық ерте түсуі мүмкін. Қар жаумай, қара суық түссе тамыры дайындалып үлгермегендіктен үсіп, жас көшеттің біразы шығынға ұшырайды.  Сондықтан өзім көктемде еккенді қолдаймын.

– Ағаштың өмірі қанша жыл? Апорттың болашағы қандай?

– Еуропада бұл технологиямен ағашты 25 жылда алып тастайды, олар аямай көп бұтайды, жиі өңдейді. Біздегілері 30 жылға есептеліп отыр. Ал апорттың өмірі 70-80 жылға барады. Апорттың болашағы жоқ деп айта алмаймын. 10 жылдай бұрын апортқа Президент бағдарламасымен қолдау болған, өнім алғанша субсидия төленген. Сондай жаңа бағдарлама қабылданса, қазақ елінің брендін неге қалпына келтірмеске?!

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан: Серік САТЫБАЛДИЕВ
Жамбыл ауданы
Алматы облысы
Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Сауалнама жүргізудегі заң талаптары қандай?

Жаңа серпін

26.07.2026
Сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталады

Елдік мүдде

26.07.2026
Бес ұядан басталған береке

Бес ұядан басталған береке

26.07.2026
Ұлт саулығын сақтаған

Ұлт саулығын сақтаған

26.07.2026
Әлем чемпионатына ауылдан қол бұлғау – 1

Әлем чемпионатына ауылдан қол бұлғау – 1

26.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.