Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚАРҚЫН ЖОҒАРЫ

10 қаңтар 2020
КҮЛТӨБЕ
ҚАРҚЫН ЖОҒАРЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов Талдықорған қаласында салынып жатқан бірнеше нысанды аралап, ондағы жұмыс жағдайымен танысты.


Алдымен «Қаратал» шағынауданында жаңғырту жұмысы жүріп жатқан жатақханаға ат басын бұрды. Құрылысы 9 жылдың алдында тоқтап қалған нысанға былтырдан бері жаңғырту жұмысы жүргізіліп, қазір адам танымастай өзгерген. Бүгінде нысанның ішкі әрлеу жұмыстары басталыпты. Нысанға жылу, су, электр желісі тартылып, қолайлы жағдай жасалған.

Мұндағы құрылысты «Астана құрылыс» АҚ жүргізуде. Мердігер компания өкілдерінің айтуынша, қазір жатақханаға 50 адам монтаж жұмыстарын жасап жатыр. Десе де, қазіргі ауа райының қолайсыздығы жұмысқа қолбайлау болып тұрған көрінеді. Күн сәл жылығаннан кейін жұмыс күшін көбейтіп, құрылысшылардың санын арттырмақ. Заман талабына сай салынып жатқан жатақханада жатын бөлмелерден бөлек, кітапхана, жаттығу залы, асхана және шағын кинотеатр болады деп күтілуде. Жатақханадағы құрылыс жұмысы  үстіміздегі жылдың наурыз айында аяқталмақ. Сондай-ақ, ғимараттың айналасындағы атшаптырым аумақты алып жатқан бос жер абаттандырылып, студенттердің бос уақытында көңілді демалыс ұйымдастыратын орны болмақ. Ғимараттың іргесіндегі аквапарктің айналасына да жөндеу жұмысы жүргізілмек. Демек, биылғы жаңа оқу маусымы басталғанда жатақхананың жетіспеушілігінен пәтер жалдап тұратын болашақ мамандардың қиыншылығы осы нысанның іске қосылуымен шешілетін болады.

Келесі кезекте Лаззат Махатұлы «Жастар» саябағының қасынан салынып жатқан жабық жүзу бассейніне барды. Бұл жерде облыс әкімінің бірінші орынбасары құрылыстың тәртіп бойынша жүріп жатқанын көріп, өзінің оң бағасын берді. Ал құрылыс жұмысын жүргізіп жатқан «Bazis» құрылыс компаниясының өкілдері мұнда бетон және темір құрастыру жұмыстарының аяқталғанын, алдағы уақытта сыртын қаптап, ішкі әрлеу жұмысына кірісетінін жеткізді. Жалпы нысанды биылғы жылдың соңына қарай бітіру жоспарланған. Алайда мердігер компания осы жылдың ортасына қарай бітіреміз деген сенімде.

– Қаламызда салынып жатқан жүзу бассейні – елімізде салынып жатқан ең үлкен нысан. Нысан жекеменшік және мемлекеттік әріптестік негізінде салынуда. Жобаның жалпы құны 11 млрд. теңгеге жуық. Бұл өте ауқымды жоба болғандықтан, облыстық құрылыс басқармасы тарапынан жиі тексеріп, қадағалап отырмыз. Бұл нысан қолданысқа берілген соң Талдықорған қаласы тұрғындарының су спортына деген құлшынысын оятып, Дмитрий Баландин сияқты Олимпиада чемпиондары шығады деген үміттеміз. Қазір мұнда 200-ден аса адам, 40-қа жуық техника жұмыс жүргізуде. Жұмысшылардың дені Талдықорған қаласының тұрғындары, – дейді облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Әмешұлы.

Әрине, бұл бассейн елімізде баламасы жоқ нысан. Сондай-ақ, нысан облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі су спорты бойынша сайыстар өтетін бірден-бір орын болмақ. Сондықтан, нысанды сумен жабдықтау және сарқынды суды сыртқа шығару мәселесіне баса көңіл бөлген жөн. Осы жағына назар аударған облыс әкімінің бірінші орынбасары сумен қамту мәселесін халық- аралық стандартқа сайкес жабдықтау керектігін тапсырды.

Қажет АНДАС

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

13 қараша 2026
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

13 қараша 2026
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.