Талдықорған: +10°C
$ 458.28
€ 501.45
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АШМ-де сиыр еті экспортына енгізілген шектеулер түсіндірілді

7 қаңтар 2026
КҮЛТӨБЕ
АШМ-де сиыр еті экспортына енгізілген шектеулер түсіндірілді
WhatsAppTelegramFacebook

Ауыл шаруашылығы министрлігі ірі қара мал етін шығаруға қатысты жаңа шектеулерді қолдану тәртібін түсіндірді.

2025 жылғы 31 желтоқсаннан бастап ІҚМ етін Қазақстан аумағынан үшінші елдерге және ЕАЭО мемлекеттеріне әкетуге арналған квоталарды бөлу қағидалары қолданысқа енгізілді. Бұл норма 2026 жылғы 30 маусымға дейін қолданылады. Ірі қара мал етін экспорттауға арналған квотаның жалпы көлемі 20 000 тонна деңгейінде белгіленді.

Квота меншікті бордақылау алаңындағы мал басын пайдаланатын ет өңдеуші кәсіпорындардың ірі қара мал етіне бөлінеді.

Бір тұлғаға берілетін квота мөлшері бордақылау алаңының қуатына байланысты. Атап айтқанда:

бордақылау алаңының қуаты 5 000 бастан жоғары болғанда – 1 000 тонна;

10 000 бастан жоғары – 2 000 тонна;

15 000 бастан жоғары – 3 000 тонна;

20 000 бастан жоғары – 4 000 тонна;

50 000 бастан жоғары – 10 000 тоннаға дейін ет экспорттауға рұқсат етіледі.

Бұл толық циклді өндірушілерді қолдауға және сыртқы сауда операцияларының ашықтығын арттыруға бағытталған.

Аталған шаралар, ең алдымен, ішкі нарық мүдделері мен мал шаруашылығын дамытудың стратегиялық міндеттерінен туындап отыр. Уақытша шектеулердің негізгі мақсаты – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өнімді терең өңдеуді ынталандыру, статистиканың айқындығын қалыптастыру және еттің шығу тегін қадағалау.

Шектеулерді енгізуге жекелеген компаниялар мен шағын сою цехтарының малды бордақылаусыз қайта сатып, меншікті өндірістік базаны дамытпастан жұмыс жүргізу тәжірибесі себеп болды. Мұндай схема алыпсатарлық делдалдыққа жол ашып, сұраныс пен ұсыныстың нақты теңгерімін бұрмалап, ішкі бағалардың өсу факторларының біріне айналды.

Сондықтан квоталау тетігі мал өсірумен және оны бордақылаумен айналыспайтын экспорттық делдалдарды жоюға әрі өндірістік инфрақұрылымға инвестиция салатын, технология енгізіп, жұмыс орындарын құратын нақты өндірушілерді қолдауға бағдарланған.

Сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында сандық шектеулерді бөлу, квотаның көлемі мен қолданылу мерзімдерін айқындау орталық мемлекеттік органдармен өз құзыреті шегінде, уәкілетті органмен келісу арқылы жүзеге асырылады. Бұл ішкі нарықтағы ахуалға икемді жауап беруге және ішкі тұтынудың басымдығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда, бұйрық қазақстандық мал шаруашылығын ұзақ мерзімді дамытуға және тұрақты ішкі нарықты қалыптастыруға бағытталған. Бұл отандық фермерлер мен ет өңдеушілердің позициясын нығайтып, тұтынушылар үшін сапалы сиыр етінің қолжетімділігін арттыруы тиіс.

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Қауіпсіздік кепілі

24 қараша 2026
Жетісуда ауыл жастарына кәсіп бастауға 3 млн теңгелік гранттар ұсынылды

Жетісуда ауыл жастарына кәсіп бастауға 3 млн теңгелік гранттар ұсынылды

24 қараша 2026
Жетісуда әлеуметтік жобалар жаңа аудандарда жалғасады

Жетісуда әлеуметтік жобалар жаңа аудандарда жалғасады

24 қараша 2026
АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

24 қараша 2026
…Туғанды биде иман жоқ

…Туғанды биде иман жоқ

24 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.