Талдықорған: +35°C
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚАСИЕТТІ НЫСАНДАР ҚАШАНҒЫ ҚАРАУСЫЗ ЖАТАДЫ?..

18.06.2022
КҮЛТӨБЕ
ҚАСИЕТТІ НЫСАНДАР ҚАШАНҒЫ ҚАРАУСЫЗ ЖАТАДЫ?..
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу жерінде мемлекеттің қасиетті орындар тізбесіне 51 нысан енсе, соның үшеуі Қапал ауылында орналасқан. Тамшыбұлақ минералды су көздері – жалпыұлттық қасиетті нысандар, Фатима Ғабитовның үйі мен «Қапал мешіті» сәулет құрылысы – өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар тізіміне кірген. Өкі- нішке қарай, оларды ел игілігіне жара- ту ісі ақсап тұр.

Расында, Қапал – тарихы терең елді мекен. Ол ХІХ ғасырдың екінші жартысында уез орталығы болғанда жан-жақтан ағылған бай-манап, көпестер сәулеті мен салтанаты жарасқан 249 ағаш үй салдырады. Кезінде сол үйлердің сәні мен салтанаты жайлы Шоқан Уәлиханов тамсана жазды.

Бір жарым ғасырлық тарих топырақ астында қала ма?

Патша өкіметі құлағаннан кейін кеңестік билік сол үйлердің 124-ін Алматы қаласына, тағы бір бөлігін Семейге, басқа да қа- лаларға тасып әкетеді. Бүгінде соның бірқатарының қаңқиған қаңқасы қалыпты. Соның бірі – қазақтың үш бірдей арысына аяулы жар болған Фатима апамыз тұрған Тәнеке батыр көше- сіндегі екі қабатты тарихи үй.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл үйді Мишаев деген орыс саудагері салдырған екен. Сыртқы қасбеті ағашпен қапталып, ою-өрнекпен айшықталған. Кезінде көз сүріндіретін көркем болғаны көрініп тұр. Кеңес одағы тұсында әркімге жайлы қоныс болған ғимарат тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында талай жанның қуанышын еселегені белгілі. 2002 жылы екі қабатты тарихи үйді Елтай Сәдуақасов ақсақал меншікке алып, жеке кітапхана ашып, бір бұрышынан Фатима Ғабитова атындағы мұражай жасап, жертөледен спортзал ашып, ауыл жастарының рухани ордасына айналдырыпты. Алайда, ғимаратты жылыту, келушілерді қабылдау, жәдігерлерді қорғау, ауланы абаттандыру, ғимаратты жөндеу, тағы да басқа шығындары да аз емес еді. Жергілікті биліктен ешқандай көмек болмағандықтан мұражайды ұстап тұру оңай болмайды. Сосын жәдігердің біразын Талдықорған қаласындағы М.Тынышпаев атындағы өлкетану музейіне өткізіп, кітапхананы «Қапал-Арасан» шипажайына көшіреді. Ары-бері көшіп жүріп, көп жәдігерін жоғалтып алады. 2010 жылдан бастап бұл үй жеке тұлғаның меншігіне өтеді. Содан бері қараусыз қалып, 150 жылдан астам тарихы бар үйдің едендері тозып, қабырғасы көшкен.

Үй ішінде көтеріп әкетуге қолайсыз темір пеш пен ХІХ ғасырда жасалған көне күйсандық пен бүлінген басқа да жәдігерлердің қалдықтары шашылып жатыр. Ал жертөле оқыралаған ірі қара мен көлеңке іздеген қой-ешкінің тұрағына айналыпты. Біз барғанда жертөледе армансыз күйсеп, аунап-қунап жатқан тайынша-торпақ пен екінші қабатқа бас сұққанда құлаған шатыр мен қаусаған қабырғаларды көрдік. – Бұл үйді қорғау, қалпына келтіру, қайта жаңғыртып, ел игіліне жарату – біздің міндетіміз. Алайда, үй жеке адамның меншігінде болғандықтан, оның қыл бүлдіргесіне тиісе алмаймыз. Тек арнайы адам бекітіп, ауласының тазалығына жауапты етіп қойдық. Оны сатып алып, мемлекет меншігіне қайтаруды ойласақ та қазіргі иесі тым жоғары баға ұсынды. Оны ауыл әкімдігінің бюджеті көтермейді, – дейді ауыл әкімі Жалғас Жарылқасын. Былай тартсаң арба сынып, былай тартсаң өгіз өлетіннің кері. Үйді иесі сатпайды, болмаса, жөндеу жұмысын жүргізіп, оны мәдени нысанға айналдыруға талпынбайды. Ал ағаштан салынған үй күн өткен сайын тозып, қаңқасы құлап, шатыры опырылып, жермен-жексен болып барады.

Жауапкершілікті сезінбей жүрген кім?

Қапал ауылы – сталиндік қуғын-сүргін кезінде шетел асып кеткен қазақ, орыс, татар, ноғай, башқұрт, ұйғыр, өзбек, қырғыз, тағы да басқа ұлт ақсүйектерінің табан ізі қалған жер. Ертең олардың ұрпақтары ата-бабасының жүрген, тұрған мекенін іздеп келгенде төмпешік болып үйілген топырақ үйіндісін көрсетсек, не беделіміз қалады?

Қапалдағы тарихи-сәулет ескерткіштері Кеңес билігі келгеннен кейін балабақша, кеңсе мен асхана, мұражай ретінде пайдаланылды. Соның бірі – Тамшыбұлақтың қарсы бетіндегі дөңнің үстіне салынған екі қабатты үй. Жергілікті жұрт оны Шаяхмет көпес Әбсаттаровтың үйі деп атайды. Қуғын-сүргінге ұшыраған көпес бала-шағасымен Қытайға қашып, үйі Кеңес өкіметі тұсында мемлекет меншігіне өтіп, балабақша, асхана ретінде пайдаланылған. Кейін қараусыз қалып, қасбетінен басқасының бәрі бүлінген. Бұл жолы Шаяхмет көпестің үйі көзімізге басқаша бейнеде көрінді. Ол үйді «Шопан ата» қой өсірушілер қауымдастығы балансына алып, қайта жаңғыртып жатыр екен. Қазір жөндеу жұмысы толық аяқталмаса да істелген жұмысқа қарап, нысанның осыдан бір жарым ғасыр бұрынғы сәулетті де салтанатты бейнесін көргендей болдық. – Биыл жыл соңына дейін жаңғырту жұмысын толық аяқтасақ, нысанды өңір мәдениеті мен руханиятын өркендететін маңызды орынға айналдыруды жоспарлап жүрміз, – дейді «Шопан ата» қой өсірушілер қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев.

Қасиетті нысанның халі мүшкіл

Дүркіреп тұрған тұсында Қапалда үш мешіт болған екен. Ең алғаш 1856 жылы татар көпестерінің біріккен қаражатымен татар мешіт тұрғызылады. Кейін оны татар көпесі Шаяхмет Әпсаттаров меншігіне алып, қасынан «Яковия» татар қыздар медресесін ашады.

Осыдан кейін 1860 жылдары Ғалиақпар қажы Сәйфулмүліков-Сейітовтың бастауымен ноғай байлары жиналып, ноғай мешітін тұрғызылады. Осыдан кейін сарт, тараншы, қазақтар бірігіп сарт мешітін тұрғызады. Қазір сол мешіттің біреуі – татар мешіті ғана сақталған. Тарихы Жаркент мешітінен де тереңде жатқан нысанның жағдайы мүшкіл. «Осыдан біраз жыл бұрын Татарстан Республикасының Президенті Рустам Минниханов жұмыс сапарымен Алматы облысына келгенде бұл мешітті жаңғыртып беруге уәде етіпті» деп естігенбіз. Бірақ олардан да хабар болмай кетті. Бір қызығы, бұл мешіт те өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар тізбесінде жүр.

Тамшыбұлақты тонау қашан тоқтайды?

Қапалда әлемге әйгілі саятшылардың бірталайының табанының ізі қалды. Кезінде мұнда Шоқан Уәлиханов, Петр Семенов Тянь-Шаньский және Томас Аткинсон болып, Тамшыбұлақ туралы тамаша дүниелер жазған.

Сол еңбектерде Тамшыбұлақтың қасиеті – жарқабақтарда жап-жасыл болып өсетін мүктерде екендігі айтылады. Оны бертінгі кезде ғалымдар да дәлелдеді. Алайда бүгінде Тамшыбұлақ су көздеріндегі мүктерді емге пайдалану мақсатында арнайы барып, тамырымен жұлып әкететін, топырағымен қоса қазып алатын жағдай жиі орын алуда. Мүгі тоналып, жалаңаштанып қалған жерлерді көргенде: «Табиғаттың байлығына қол салуға қандай адамның дәті барады?!» деген ой өзекті өртейді. – Адам қолымен жасалатын қиянаттардың алдын алу үшін арнайы қарауыл қойып, Тамшыбұлақ су көзін күзеттіретін болдық. Жыл сайын ауыл бюджетінен қаржы бөліп, бұлақтың айналасын қоршап, абаттандыру жұмысын жүргіземіз. Бірақ біздің мардымсыз қаржымызбен мардымды жұмыс атқарылмайтыны белгілі. Өткен жылы ҚР Үкіметі 150 млн.теңге қаржы бөліп, Тамшыбұлақ су көзін қайта жаңғырту жобасын жасап, конкурсқа берген еді. Әлі күнге жоба порталда тұр. Ешкім оны жаңғыртуға ынта білдіріп жатқан жоқ, – дейді ауыл әкімі.

Бір қызығы, Қапалдағы қасиетті жерлер тізіміне еніп, «мемлекеттің қорғауында болады» деген нысандар бүлініп, күйреп, жермен-жексен болып бара жатса, қасиетті нысандар тізіміне енбесе де ауыл азаматтарының атсалысуымен жаңғыртылып жатқан нысанның қатары көбейе түсіпті. «Сонда кім өз жауапкершілігін сезінбей отыр?» деген ойға қаласың…

Қажет АНДАС
Қапал ауылы,
Ақсу ауданы
Жетісу облысы

Қатысты жаңалықтар

Асығың алшысынан түссін…

Асығың алшысынан түссін…

25.07.2026
Азаматтардың 70,3%-ы Құрылтай сайлауында дауыс беруге ниетті

Болашаққа бағдар

25.07.2026
Үгіт науқанының екінші күні қалай өтті?

Үгіт науқанының екінші күні қалай өтті?

25.07.2026
Әлемдік кино жұлдыздары Астанада

Әлемдік кино жұлдыздары Астанада

25.07.2026
Сайлауалды үгіт-насихат кезеңі туралы не білу керек?

Құқықтық жүйені жетілдірген

25.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.