Талдықорған: +35°C
$ 474.63
€ 544.50
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АСЫҒЫҢЫЗ.10 СОТЫҚ ЖЕРДІ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?

06.03.2023
КҮЛТӨБЕ
АСЫҒЫҢЫЗ.10 СОТЫҚ ЖЕРДІ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?
WhatsAppTelegramFacebook

Қазіргі уақытта көптің көкейіндегі мәселелердің бірі – жеке тұрғын үй құрылысы үшін тегін жер учаскесін алу. Елдегі барлық сала цифрланып, электронды нұсқаға ойысқан тұста жер алу жолы да оңайлана түсті. Тіпті, үйден шықпай-ақ кезекке тұрып, кез келген уақытта оны бақылай аласыз. Бұрындары кезегі жылжымай, әділетсіздікке тап болу жағдайы жиі кездессе, қазір ол едәуір азайды. Нәтижесінде, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері де төмендеді.

Біле-білсеңіз, Қазақстанның әрбір азаматы мемлекеттен тегін жер ала алады. Ол Жер кодексінде айқын жазылған. Онда: «Жер учаскелері Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке- меншікке мынадай мөлшерде тегін беріледі:

1) ауылдық жерлерде өзiндiк қосалқы шаруашылық (үй маңындағы және егiстiк телiмдердi қоса алғанда) жүргiзу үшiн — суарылмайтын жерде 0,25 гектар және суармалы жерде 0,15 гектар;

2) жеке тұрғын үй құрылысы үшiн — 0,10 гектар;

3) бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшiн — 0,12 гектар», – делінген. Яғни, ҚР Жер кодексінің 50-бабына сәйкес, Қазақстанның әрбір азаматы жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін (10 сотық жер) тегін алуға құқылы.

Осы уақытқа дейін азаматтар жер алу үшін әкімдікке барып, жазбаша өтініш жазатын,  қазір eGov порталы арқылы электронды түрде өтінім беруге болады. Ол үшін eGov.kz порталына кіріп, «Жылжымайтын мүлік» – «Жер қатынастары» бөлімінен «Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін (10 сотық жер) алуға кезекті қарау немесе кезекке тұру» қызметін таңдау қажет. Әрі қарай өтініш түрін таңдау керек. Бүгінде порталда өтініштің үш түрі бар:

  • кезекке қою;
  • деректерді өзектендіру;
  • кезектен шығару.

Егер сіз жер учаскесін алу үшін кезекке алғаш рет өтініш білдіріп тұрсаңыз, онда өзіңіз жер алуды қалайтын аймақты таңдайсыз. Ал бұдан бұрын жер кезегіне тұрған болсаңыз, бірақ ол туралы ақпарат таппасаңыз, онда «Өзектендіру» өтініш түрін таңдауыңыз қажет. Жер кезегінен бас тарту үшін «Шығару» өтініш түрін таңдау керек. Бұдан бұрын мемлекеттен тегін жер телімін алғандар жер кезегіне өтініш бере алмайды.

Ендігі тұста «Кезекке тұру және болашақта жерді алу несие, әлеуметтік көмек алу мәселесінде қандай да бір кедергілерге әкелмей ме?», «Баспана кезегінде тұрғандарға жер кезегіне тұруға бола ма? Олар баспана кезегінен шығып қалмай ма?» деген сауалдар елді алаңдатуда. Аталмыш сұрақтарға жауап іздеп көрдік. Кезек екі түрлі себеппен жылжымай қалуы мүмкін. Біріншіден, егер қорда жер жоқ болса. Екіншіден, қорда жер бар болғанымен, ол жерге су құбырлары, тоқ, газ, жол сияқты инфрақұрылым тартылмаған болса. Осы негізбен әкімдік жерді беруді тоқтата тұра алады.  Ал кезекке тұру және болашақта жерді алу қандай да бір кедергілерге әкелмейді. Бірақ, адамның атында басқа жер болса, екінші рет жер берілмеуі мүмкін.

Баспана кезегінде тұрған адамдар жер кезегіне тұрғаны үшін баспана кезегінен шығып қалмайды. Өйткені екеуі екі түрлі кезек. Бірақ, егер адамның атында баспана бар болса, онда жер берілмеуі мүмкін. Осыны ескеру қажет. Әкімдіктегі жер қатынастары басқармасында осыған қатысты арнайы комиссия болады. Сол комиссия өтінішті қарайды. Яғни, өтініш беруші кісіге жер берілуі қажет пе, қажет емес пе? Бұл кісінің атында мүлік бар ма, жоқ па? Бәрі зерттеледі. Егер иелігінде мүлкі бар, жағдайы жақсы болса, комиссия шешімімен жер беруден бас тартылуы мүмкін. Комиссия шешімі негізінде әкімдік жерді беруден бас тарту туралы қаулы шығарады. Ал, әлеуметтік көмек алып отырған адам мемлекеттен 10 сотық жер алса, алып отырған көмегіне кері әсері болмайды. Себебі, жер мемлекет есебінен беріліп отыр. Әлеуметтік көмек адам басына шаққандағы табысқа байланысты беріледі. Егер табысы артып жатса ғана, әлеуметтік көмек көлемі қайта қарастырылады.

Жоғарыда айтқандай, үйден шықпай-ақ кезегіңізді eGov порталы арқылы тексере аласыз. Ол үшін порталға электронды цифрлық қолтаңба арқылы кіріп, «Жылжымайтын мүлік» – «Жер қатынастары» бөлімінен «Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін (10 сотық жер) алуға кезекті қарау немесе кезекке тұру» қызметін таңдау қажет. Әрі қарай «бұрын берілген өтініштердің деректерін өзектендіру» өтініш түрін таңдау керек. Нәтижесінде кесте ашылады, онда кезек нөмірі, елді мекеннің атауы, кезек мәртебесі,    өтініш күні, нөмірі,      өтініш берушінің аты-жөні, туған күні көрсетіледі.

Осы орайда Жер кодексінің 44-1-бабында: «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұратылған кезде азаматтардың өтініштері (қолдау хаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған кезде қанағаттандырылады. Азаматтарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру қағидаларын орталық уәкілетті орган бекітеді. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін тегін негізде беру кезінде азаматта жеке тұрғын үй құрылысы үшін мемлекет құқық берген жер учаскелерінің бар немесе жоқ екендігі ескеріледі», – делінген. Демек, заң талабына сай, тәртіппен ғана жер беріледі.

Мінекейіңіз, ойлы оқырман, уақытты текке өткізбей, ертеңнің қамына бүгін кірісу қажет. Кезегіңіз келіп, жер алғанша біраз жыл өтуі мүмкін. Шыдамдылық танытып, соңына дейін күткен жөн. Күн сайын қымбатшылық қысқан тұста мемлекет тарапынан халыққа осындай қолдау көрсетілуі – әрқайсымызға берілген үлкен мүмкіндік. Сондықтан осындай мүмкіндікті оңтайлы пайдалану өзімізге байланысты.

Мәулен Әнербай
Сурет ашық дереккөзден алынды

 

Қатысты жаңалықтар

Ашық диалог орнады

Ашық диалог орнады

30.07.2026
Жетісу жаңа өндіріс кезеңіне қадам басты

Жетісу жаңа өндіріс кезеңіне қадам басты

30.07.2026
Текеліде аумақтық қорғаныс күштерінің оқу-жаттығуы аяқталды

Текеліде аумақтық қорғаныс күштерінің оқу-жаттығуы аяқталды

30.07.2026
Байқаушылар институтының құқықтық сауаттылығы

Байқаушылар институтының құқықтық сауаттылығы

30.07.2026
Орманды өрттен қорғайық!

Орманды өрттен қорғайық!

30.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.