Жетісу облыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВТЫҢ жергілікті жердегі халықпен есептік кездесуінде жер мәселесі жиі көтерілуде. Кезекті жиынды Ескелді ауданында өткізген әкім Ақын Сара ауылының тұрғындары жайылымға жер таппай отырғанынан хабардар болды.
Ең қызығы, облыс басшысының алдында жергілікті жердің атқа мінерлері мен қарапайым жұртшылықтың Белгілі болғандай, былтыр аудан әкімдігі тарапынан берілді делінген 2 мың гектар жерді тұрғындар әлі алмаған.
Осылайша «ауада» тұрған жердің жыры облыс әкімінің назарына ілікті.
Өңір басшысы өз кезегінде басшысы жергілікті «атқа мінерді» тұрғызып, кедергілерді сұрап, істі шешуді тапсырды.
Екі апта бұрын сайланған Ақын Сара ауылының әкімі бұл істі толық баяндап бере алмады.
Өз сөзінде Бейбіт Исабаев «Әділ саясат жүргіземін десең, ашық айту керек», – деп талап етті.
«ЖЕТІСУ» АҚПАРАТ




