Талдықорған: +35°C
$ 473.40
€ 539.39
₽ 6.07
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ. НӘТИЖЕ ЖАҚСЫ

21.12.2022
КҮЛТӨБЕ
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ. НӘТИЖЕ ЖАҚСЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Өңірлік коммуникациялар алаңында Жетісу облысы әкімінің орынбасары Әлібек Жақанбаев өңірдің агроөнеркәсіптік кешенінің даму үрдісімен таныстырды.


Облыста барлық суармалы егістік көлемі 200 мыңнан астам гектарды құрайды. Мемлекеттік қолдаулардың нәтижесінде, биылғы жылы егін шаруашылығында дақылдардың егіс көлемі артып, 517 мыңнан астам гектарға жетті. Мұндай нәтижеге қол жеткізу оңай емес. Ауылшаруашылық саласы мамандарының тынымсыз еңбегінің жемісі. Мұндай нәтижелі жұмыстың жүргізілуіне гидротехникалық құрылғылардың көмегі де аз емес. Жалпы облыста 54 гидротехникалық құрылыс нысаны бар. Бүгінгі күнге 4,5 мың гектар жаңа жерді айналымға қосып, 25,6 мың гектарды қалпына келтіруге мүмкіндік беріп, шаруашылықтарды суармалы сумен қамту мақсатында 16 су шаруашылығы объектілері жөндеуден өтті. Нысандарды қалпына келтіру, жөндеу жұмыстарына қаражат  республикалық, облыстық бюджет есебінен және  Ислам Даму Банкі арқылы бөлінді.

«Өсімдік шаруашылығына 2023 жылға бюджеттен 8,1 млрд. теңге субсидия қарастырылды. Қазіргі уақытта келер жылы себілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының көлемі айқындалды. Айналымға қосымша 1,7 мың гектар жер қосылып, егіс көлемі 519 мың гектарға жеткізіледі.

Алдағы төрт жылда қызылшаның егістігін 15 мың гектарға және жалпы түсімін 525 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарланған. Бұл мақсатта облысымызда екі қант зауыты жұмыс жасайды. Президенттің тапсырмасына сәйкес 2023 жылы Ақсу қант зауытында құрақ қантын өңдеу линиясын іске қосып, жылына 80 мың тонна өңделеді және 2026 жылға қарай екі зауыттың қант өндірісі 180 мың тоннаға дейін жеткізіледі» — дейді облыс әкімінің орынбасары.

Жетісуда азық-түлік өндірісі биыл 10 пайызға артты. Теңгеге шаққанда бұл көрсеткіш 57,4 млрд. қаражатты құрайды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында 150 кәсіпорын жұмыс жасайды. Бұл салада өсім әрқайсысының көрсеткіштері жоғары болғанда қол жеткізіледі.

Мысалы, сүт өнімдерін шығаратын 11 өңдеу кәсіпорындары 29 мың тонна өнім өндірді. Майлы дақылдарды қайта өңдейтін  кәсіпорындардың өндіріс көлемі бір жарым есеге артып отыр. Ет өңдеу бойынша 1400 тоннаға жуық дайын өнімді шығаратын 5 цех жұмыс істейді.

Өндірілген өнімдер тек отандық нарықта ғана қолданылмай, экспортқа биыл 44 мың тонна өнім шығарылды.

«Жетісу өңірінде мал басы мен олардан өндірілген өнімнің көлемі жыл санап өсуде. Мал шаруашылығын қолдауға биыл 9,2 млрд. теңге субсидия бөлінді. Бұл жалпы ауыл шаруашылығына берілген қаражаттың 37 пайызын құрайды. Осы қолдаудың арқасында 169 шаруашылық 13 мыңға жуық мал басын сатып алды, сонымен қатар шетелден 352 бас асыл тұқымды мал әкелінді.

Өңірде мал қыстату науқаны басталып, 2341 қыстаққа мыңға жуық ірі қара, ұсақ мал, жылқы көшірілді. Мал иелерінің тұрғын үймен, су, отын және азық-түлікпен қамтылуына мониторинг жүргізілуде. Науқанға 2 млн. 25 мың тонна немесе 1,5 жылдық мал азығы дайындалды», — дейді спикер.

Жалпы өңірде мал шаруашылығын дамыту бойынша 2026 жылға дейін жалпы құны 36 млрд. теңгені құрайтын 33 инвестициялық жобаны іске асыру көзделуде. Нәтижесінде 23 мал бордақылау алаңдары мен 8 сүт фермасын құрылып, қуаттылығы 19 мың тонна құс етін өндіретін жаңа кәсіпорын ашылады. 

Осы мақсатта Ауыл шаруашылығы министрлігімен «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы  жүзеге асыруға қатысты келіссөздер жүргізілуде.  Жобалар іске асырылса, облыстың ауыл шаруашылығы өндірісін жылына 15 млрд. теңгеге ұлғайтуға мүмкіндік берілмек.

«Өңірдің жеке қосалқы шаруашылықтарына қолдау жақсы көрсетіледі. 2023 жылдан бастап 2,5 пайыздық үстемақымен «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы  ауыл тұрғындарын шағын несиемен қамту бағдарламасы жүзеге асырылатын болады. Бұл мақсатқа оған республикалық бюджеттен 1,6 млрд. теңге қаражат бөлінді. Аталмыш бағдарламада жеке қосалқы шаруашылықтар мен қатар сервистік қызмет көрсету үшін құрылған кооперативтерге де несиелер беріледі. Ақпарат үшін: облыстың жеке қосалқы шаруашылықтарында 1 млн. 266 мың. мал басы бар», — деп хабарлады Әлібек Жақанбаев.

Сонымен бірге, Жетісу облысы  ауылшаруашылық жануарлары мен құстардың аса қауіпті жұқпалы ауруларының алдын алу іс-шараларына қажетті ветеринариялық препараттармен 100% қамтамасыз етілген. Эпизоотияға қарсы іс- шараларды жүргізуге 2 млрд. теңге бөлініп толығымен игерілді.

Айта кетейік, облыс бойынша 21 ветеринариялық пункт бар. Олардың 5-уі — осы жылы қолданысқа берілген модульді ветеринариялық пунктер. Бұған қоса, 2023 жылға облыстық бюджеттен 18 дана модульді ветеринариялық пункт салуға 300 млн теңгеге жуық қаражат қарастырылған.

«Жетісу облысында ауыл тұрғындарының малын жаю үшін барлығы 720 мың гектарға жуық жайылымдық алқап бекітілген. Алайда бұл жеткіліксіз. Қазіргі таңда жайылымға деген қажеттілік 688 мың гектар жерді қажет етеді. Бүгінгі күні 6 ауданда жалпы көлемі 30,9 мың га жайылымдық жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қою жұмыстары жүргізілуде.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жетісу облысының жұртшылығымен кездесуі кезінде берген тапсырмасына сәйкес, облысымыз бойынша аэроғарыштық зерттеулер арқылы анықталған 857,2 мың га пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің 128,5 мың га мемлекет меншігіне қайтарылды. Қайтарылған жерлердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жерлер геопорталға енгізілуде», — деп қорытындылады спикер.

Қатысты жаңалықтар

Шекара шебінде өткен шаралар

Шекара шебінде өткен шаралар

28.07.2026
Әкімшілік айыппұлдарға рақымшылық жасау басталды

Әкімшілік айыппұлдарға рақымшылық жасау басталды

28.07.2026
Алакөлдегі алаңсыз күндер

Алакөлдегі алаңсыз күндер

28.07.2026
«Бес тапалдың» бірі еді…

«Бес тапалдың» бірі еді…

28.07.2026
Алаяқтың жаңа айласы: Коммуналдық қызмет өкілі қоңырау шалса не істеу керек?

Алаяқтың жаңа айласы: Коммуналдық қызмет өкілі қоңырау шалса не істеу керек?

28.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.