Өз дәуірі аспанында қырандай самғап, халық жүрегінің төрінен орын алып, туған елінің рухани қорғаушысына, шындық қуатына айналған ақын Мұхтар Шахановтың 80 жылдық мерейтойы.
Осыған орай Көксу аудандық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Жүректерді тербейді жыр ұшқыны» атты байқау өтті. Шара Мұхтар Шахановтың кітапхана оқырмандарына арналған видео жолдауымен басталды. Байқау ережесі бойынша ақынның өлеңдері жатқа оқылып, әндері шырқалды, сонымен қатар, өмірі мен шығармашылығынан сұрақ-жауап өткізілді. Байқау нәтижесі бойынша бас жүлдені Мәмбет ауылдық кітапхана қызметкері Г. Бүрлібаева, 1-ші орынды аудандық кітапхана қызметкері Г. Қосымқұлова, 2-ші орынды Мұқыры ауылдық кітапхана қызметкері А. Тұрысбекова, 3-ші орынды Мұқаншы ауылдық кітапханасы қызметкері М. Байқұлова иеленді. Жүлделі орынға ие болған қатысушыларға Көксу аудандық «Аманат» партия филиалының дипломдары мен сыйлықтары табысталды.
Ш. Нұрғалиева,
кітапхана қызметкері,
Көксу ауданы
Жетісу облысы





