Талдықорған: +34°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ АСҚАР ТАУ

22.08.2019
КҮЛТӨБЕ
ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ АСҚАР ТАУ
WhatsAppTelegramFacebook

Сонау 1993 жылғы 22 тамызда, жексенбі күні Дінмұхамед Қонаев Алакөл ауданының Ақши ауылында екінші рет қайталанған жүрек талмасынан қайтыс болды. Осы күні ұлан-байтақ Қазақстан ғана емес, ТМД елдері және Әлем ауыр күрсінді. Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаев 81 жыл 8 ай және 10 күн мәнді, мағыналы өмір сүрді. Осынау ұлы тұлға  1936 жылы Мәскеуде түсті металдар және алтын институтын тамамдап, сол жылы Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат кенішінде тау-кен инженері мамандығы бойынша еңбекке араласқанда 24 жаста екен. Осылай басталған өмірбаян Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы лауазымына дейін жалғасып, 1986 жылдың 16 желтоқсанында зейнет демалысына жіберілумен аяқталды.


Дара тұлға үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, сегіз рет Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталса, оның өзі үшін ең қымбат алғашқы марапат  – Қоңырат кенішінде жұмыс істеп жүрген кезінде алған «Үздік еңбегі үшін» медалі саналады екен. 

Димаш ата Ахмет- ұлының Қазақстанды басқарған жылдардағы қол жеткен табыстары орасан зор. Қысқарта айтсақ, еліміз 1955 жылы 15 республиканың арасында 13-ші орнында тұрса, сексенінші жылдары Ресей мен Украинадан соңғы үшінші орынға көтерілді. Ширек ғасыр бойы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы, 21 жыл үзіліссіз СОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі болған Дінмұхамед Қонаев Қазақстанның қарышты қадамын көпұлтты мемлекеттің тарихи еңбегінің қайтарымы деп атады. Соның дәлеліндей, Қазақстан экономикасы қарқынды дамып, ол барлық салаға пәрменді ықпал етті. Соған орай кеңестік дәуірде республикамыз «Халықтар достығы», Қазан революциясы және екі дүркін Ленин орденімен марапатталды. Сонымен қатар, Алматы облысы Ленин орденімен  екі рет, Талдықорған облысы бір рет атап өтілді. 

Ардақты азамат КСРО және Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, СОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі ретінде дипломатиялық арнайы міндеттермен АҚШ, ҚХР, Алжир, Уругвай, Иран, Италия, Үндістан, Корея, Египет, Болгария, Жапония, т.б. шетелдерде болды.  Айталық, 1974 жылы Моңғолия тәуелсіздігінің  50 жылдығы тойланғанда Одақ  басшысы  Л. Брежнев, Сыртқы істер министрі А. Громыко, Қорғаныс министрі маршал  М. Малиновский мен Дінмұхамед Қонаев барып, Моңғолияның мемлекеттік байрағына Ленин ордені тағылған еді.  Салтанатты жиында Димаш Ахметұлы сөз сөйлеп, моңғол зиялыларын асқан шешендігімен сүйсіндірген екен. 

Қасиетіңнен айналайын Дінмұхамед Ахмет-ұлының әдебиет, мәдениет пен өнер адамдарын ерекше құрметтеп, еңбектерін жоғары бағалағанын қазақ елі жақсы біледі. Жазушы Олжас Сүлейменовтің «АЗиЯ» кітабы шовинистік пиғылдығы өктем көкіректі белсенділердің  қаһарына ұшырады. Сөйтіп, бұл орыс халқына қарсы жазылған еңбек деп саналып, авторына ұлтшыл деген айып тағылды. Осы істің басында СОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі, СОКП Орталық Комитетінің хатшысы  М. Суслов шіреніп тұрды. Осындай аса ауыр кезеңде Олжас Омарұлын қуғын-сүргіннен сақтап  қалған қуатты күш  Л. Брежнев пен Д. Қонаевтың достығы еді. Кітапты Димекеңнің ұсынысымен оқып шыққан Бас хатшы: «Мен бұл кітаптан ешқандай ұлтшылдық көріп тұрған жоқпын» деп бір ауыз сөзбен лапылдаған отты су сепкендей сөндіре салды. Осыдан кейін арада бірнеше жыл өтіп, Олжекеңнің «АЗиЯ» кітабы екінші қайтара жарыққа шығып, оқырмандарымен табысты.    

                                                         

Көрнекті сазгер Шәмші Қалдаяқов (марқұм) өзінің  Д.  Қонаевтың қабылдауында болғанын былай еске түсірген болатын: 
– Ертеректе Алматыда үй-күйсіз жүргенімде жарықтық Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы сазгер әріптесім Нұрғиса Тілендиевке айтып шақыртып, мені  Орталық Комитеттегі  өз кабинетінде қабылдады.  Бұрын-соңды ондай айтулы мекемеде істеп, Үлкен кісінің алдын көрмегендік болар, расын айтсам, қатты қобалжыдым, қысылдым. Аузыма жөнді сөз түспеді-ау деймін. Мені Димекеңнің қарапайымдығы, ой-өрісінің тереңдігі, тіпті мәдениет пен өнерден кең хабардар екені таңдандырды.

Димаш аға Нұрғиса екеумізді ризашылықпен есік алдына дейін шығарып салып тұрып: «Қарақтарым, сендер елдің, көпшіліктің адамдарысыңдар, жақсы ән жазып жүргендеріңді білемін, тіпті сендерді мақтаныш етеміз. Өздеріңді күтіңдер, сендер ел адамысыңдар»,  – деп ағалық ақылын айтып, шығарып салды, – деп еске алған еді Шәмші аға.

Осы кездесуден кейін көп кешікпей Шәмшіні Құдай жарылқап, Алматының ортасындағы жаңа үйден оған хан сарайындай үш бөлмелі пәтер берілген екен. Ақиқатында оның сүйіспеншілігіне бөленген, батасын алып, бақытын тапқан адамдар тіпті  көп-ақ.

Солай дегенмен кезінде оның жарқын бейнесіне, халқына арналған қызметінің баға жетпес нәтижелеріне көлеңке түсіру, жасанды айла-амалдармен күңгірттендіру, біртіндеп шетқақпайлап, оның есімін ескерусіз ету сынды пиғылдар бой көрсетті. Бұл сұрқия саясаттың дем берушілерінің «зоры» Мәскеуде отырды. Солардың Қазақстанға арнайы жіберген қолшоқпары Г. Колбин екені басы ашық ақиқат еді. 

1987 жылғы 14 ақпанда Қазақстан журналистерінің VII съезінде сөйлеген сөзінде Г. Колбин СОКП Орталық Комитетінің 1987 жылғы қаңтар пленумында кадрлардың қайта құру сынағына төтеп бере алмай отырғандығына алаңдаушылық білдірілгенін айтып өтті.

Ол әрі қарай  сөз сабақтап, өзіне дейінгі кемшіліктердің республиканың бұрынғы басшылығының олқылықтары екендігін өзіне тән сұрқия тілмен жеткізді. Осы жерде Д. Қонаев пен оның төңірегіндегілердің аттарын атап, сын айтты. Журналистер осындай мән-жайларды жария етуде белсендірек болуы қажет дегенді ескертті. Мен осы  съезге Талдықорған облыстық журналистер ұйымынан делегат ретінде қатысқандықтан оның айтқандарын соңына дейін естідім. Бірақ, бәрі бірдей газеттерде басылған жоқ. 

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, Д. Қонаевты жасыту, жолын жабудың қасақана, саналы түрде жоспарланған әрекеттері күйреп, оны жазғырушылар күйзеліске жолықты. Осындайда Аристотельден кейінгі ұлы  ұстазымыз Әбунасыр әл-Фарабидің:
«Күннің нұры мен айдың ақ сәулесін алақанмен жабу мүмкін емес» деген даналығы ойға оралады. Бұл ақиқат арада бірнеше ғасыр өткеніне қарамастан, қаймағы бұзылмастан Димекеңе арнайы жолдап айтылғандай болып тұрады.

Таяуда «Егемен Қазақстан» газетінің 1994 жылғы 11 тамыздағы (№124 (20762) (бейсенбі) санында жарияланған «Көзден кеткенмен, көңілден кетпес есім» тақырыбындағы мақаланы іздеп тауып, оқып шықтым. «Ұрпақтар үндестігі» деген атпен Дінмұхамед  Қонаевты еске алу күнін өткізу туралы ардагерлердің  үндеуіне Халық жазушылары Х. Ерғалиев, М. Симашко, халық  әртістері Б. Төлегенова, Н. Тілендиев, еңбек ардагері Т. Назарбеков, ҚР Ұлттық  академиясының академигі Н. Надиров, екі мәрте  Социалистік Еңбек Ері Н. Головацкий,  Социалистік Еңбек Ері О. Қозыбаев қолдарын қойып, үндеуді «Сіздердің біздерді қолдайтындарыңызға күмәніміз  жоқ» деп аяқтаған екен. Содан бері ширек ғасырдан астам уақыт артта қалды. Үндеуге қол қойған патриот тұлғалардың көбі өмірден кетіп, азы қалды. Солардың  Д. Қонаев есімін мәңгілік есте сақтау жөніндегі ұсыныстарының бірқатары іске асырылғанымен кейбіреулері әлі де шешімін күтуде. Сол айтылғандардың сыртында көпшілік тарапынан тағы да қосымша ұсыныстар туындап, олар қолдауға ие болса деп сұрайды. 

Атап айтқанда, Жетісу жерінің ондаған игі-жақсылары, негізінен ардагер ағаларымыз Қапшағай қаласына Дінмұхамед Қонаев есімін беруді жөн деп санайды. 
Димаш Ахметұлы заманымыздың ұлы перзенті. Халыққа адалдықтың тамаша үлгі-өнегесін көрсеткен дана тұлға. Ел-жұртының осынау біртуар тұлғаға деген ықылас-сүйіспеншілігі ерекше. «Жақсы адамның жаны жаннатта жатып та ел-жұртының тілеуін тілейді» деп бекер айтылмаса керек. Ендеше асылымызды ардақтап, қадіріне жету қажеттігін шын жүрегімізбен сезінейік.

Дінмұхамед Қонаев көзден кетсе де көңілден кетпейтін тұлға, бойына қасиет толған киелі адам. Бүгін дара және дана қайраткердің өмірден аттанып кеткеніне 26 жыл болды.

Болат БИСҰЛТАНҰЛЫ,
облыстық «Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев» қоғамдық қорының басқарма мүшесі – 
баспасөз хатшысы. Ақсу ауданының Құрметті азаматы, Қазақ 
журналистикасының қайраткері

Қатысты жаңалықтар

Президент жаңа Жарлыққа қол қойды

Сайлауалды сауалнама: Қоғамдық пікірді зерттеу қалай өтеді?

07.07.2026
Жастарға серпін берген «Qosyl Jastar» фестивалі

Жастарға серпін берген «Qosyl Jastar» фестивалі

07.07.2026
Жетісудың жауһары жарқыраған

Полицейлер Алакөл жағалауында экологиялық рейд жүргізді

07.07.2026
Елге алма әкелуге уақытша шектеу енгізілмек

Елге алма әкелуге уақытша шектеу енгізілмек

07.07.2026
Табысты майлы дақыл

Астық нарығы: Сауда стратегиясы қандай болмақ?

07.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.