Талдықорған: +25°C
$ 521.57
€ 601.01
₽ 6.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗҒА АДАЛДЫҚ

02.04.2023
КҮЛТӨБЕ
АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗҒА АДАЛДЫҚ

Еліміздің барлық аймағында көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды. Сарқан ауданында азаматтарды іріктеу және алдын ала зерделеу бойынша жұмыстар қолға алынуда. Осы туралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, подполковник Талғат Әлсейітовпен әңгімелескен едік.

Биыл 1 наурыздан бастап мерзімді әскери қызметке көктемгі шақыру басталады. Талғат Амантайұлының айтуынша, Сарқан ауданынан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері және басқа әскери құрылымдары қатарына барлығы 60-қа жуық азамат шақыру көзделіп отыр.

Жасыратыны жоқ, соңғы жылдары әскерді айналып өткісі келетін жастар жиі кездесіп жүр. Шақырудан дәлелсіз себептермен жалтарып жүретіндер тәуелсіз еліміздің алдындағы парызын өздері атқаруға тиісті міндет деп санамайды. Осындай кедергілерді жою мақсатындағы қорғаныс ведомствосының әскери қызметтің беделін нығайту және жастардың әскерге деген ынтасын арттыру жөніндегі бастамалары қолдауға тұрарлық. Биылдан бастап еліміздің қырықтан астам жоғары оқу орындарымен жасалған келісімдер бойынша Отан алдындағы борышын өтеген жастар әскерден кейін екі жыл ішінде жоғары оқу орындарына ақысыз, ҰБТ тапсырусыз түсе алады. Бұл ретте үздіктері жоғары оқу орындарында тегін оқиды. Осы санат үшін келісім бойынша жоғары білім ордалары 3000 орын берді. Сондай-ақ, офицер шенін алу мақсатында әскери кафедраға конкурстан тыс түсуге де мүмкіндік берілетін болады.

Сарбаздар үшін тағы бір артықшылық бар. Яғни оқу орталықтарында оларды мемлекеттік үлгідегі тиісті куәліктерді бере отырып, экономиканың нақты секторында қажетті әскери-есептегі мамандыққа даярлау жүзеге асырылады. Бүгінгі күні мерзімді қызметтің 3,4 мың әскери қызметшінің қарыздары бойынша төлемдері кейінге қалдырылғаны да айтуға тұрарлық ізгі қадам. 

Бөлім басшысы заңнаманың нормаларына сәйкес әскерге шақырудан босатылатын немесе әскери қызметтен кейінге қалдыруға құқығы бар азаматтардың санаттарына тоқталды.  Оқып жүрген, некеде тұрған және балалары бар, сырттан көмекке мұқтаж  отбасы мүшелерін күтумен айналысатындар азаматтық парызын өтеуді кейінге қалдыра алады. Кәсіби қызметті жүзеге асыратын педагогтер мен дәрігерлерге де осындай құқық беріледі.

Енді азаматтар әскери борышын өтеу мәртебесі туралы мәліметтерді ұсыну бойынша мемлекеттік қызметті оңай, құжатсыз, электронды түрде алуға мүмкіндік бар.
–SmartDataUkimet ақпараттық-талдау жүйесінің арқасында кейінге қалдыруға құқығы бар әскерге шақырылушылар анықталды. Бүгіннен бастап  азаматтардың бұл санаты шақыруды кейінге қалдыру туралы SMS-хабарлама алады. Азаматтардың әскери есебін цифрландыру, жеке байланысын қоспағанда, көптеген мәселені қашықтан шешуге мүмкіндік береді. Іске асырылып жатқан жаңалық пилоттық жоба екенін ескере отырып, мұндай хабарламаларды барлығы бірдей ала бермеуі мүмкін. Мұндай жағдайда кейінге қалдыруға құқығы бар азаматтар «Электрондық үкімет» порталы арқылы кейінге қалдыру жөніндегі мемлекеттік қызметті алуға жүгінуі қажет, – дейді Талғат Амантайұлы.

Отанға сүйіспеншілік сезімі баланың бойына жастайынан сіңірілуі тиіс. Балабақшадан бастап  мектептерде,  жоғары оқу орындарында патриоттық іс-шараларға кеңінен орын берілгені абзал. Аға буын өкілдерімен кездесулер барысында жастарға парыз бен міндет тұрғысында бағыт беру жағы әлі жеткіліксіз. Әрбір отбасында ата-ана өз баласын Отанның қырағы күзетінде болуға тәрбиелесе дейміз. Отанға деген адалдық ата-ананың ақыл-өсиетімен дариды.

Жақсылық  ЖОМАРТҰЛЫ
Сарқан ауданы

 

Қатысты жаңалықтар

Уанас батыр

Уанас батыр

22.06.2025
Жайсаң жан еді

Жайсаң жан еді

22.06.2025
Әлия апа

Әлия апа

22.06.2025
«Жарығың сөнбесін» дейді жаны нәзік электрик

«Жарығың сөнбесін» дейді жаны нәзік электрик

22.06.2025
Дәуір уыты: есірткіге еліткендер азаяр емес

Дәуір уыты: есірткіге еліткендер азаяр емес

22.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.