Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үкіметі отставкаға кеткенін растайтын жарлыққа қол қойды.
Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Ақорда ресми сайты дерегіне сүйеніп хабарлайды.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», — делінген құжатта.
Фото: ашық дереккөзден
«ЖЕТІСУ» АҚПАРАТ





