Талдықорған: +22°C
$ 521.57
€ 601.01
₽ 6.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚАЗІР БАТА БЕРЕ АЛМАЙТЫН ҚАРИЯЛАР БАР

24.03.2023
КҮЛТӨБЕ
ҚАЗІР БАТА БЕРЕ АЛМАЙТЫН ҚАРИЯЛАР БАР

«Баталы құл арымас, батасыз құл жарымас». Қазақ халқы батаға үлкен мән береді. Кезінде  болашағын ойлаған жас өскін  тау асып, көш жердегі қариядан бата сұраған. Бата – рухани күш.  Ол қадамыңды құт, жолыңды оң қылады.  Ақсақалды қариялар  сөз маржанын теріп,  талапшыл жас пен жаңа бастамаға бата беруге асыққан. Бата – ықылас.  Жүректен шыққан сөз жүрекке жетеді.                                                  

Ендеше, шын көңілмен берілген бата қабыл болады.  Бата көбінесе  нәресте туғанда,   бесікке салғанда, жол жүргенде, келін түсіргенде, ас қайырғанда, қоныстойда, Ұлыстың ұлы күнінде, үлкендерге құрмет көрсеткенде айтылады.  Жаңа іс бастағанда, алыс сапарға шыққанда үлкендерден бата алу дәстүрі де бар. Дастарқанға бата берілгенде  сол жерге жиналған үлкен-кішінің мерейін өсіреді. Алақан жайған жамағат батаны мұқият тыңдап, «қабыл болсын» деп бет сипайды. Үлкен адам бар ниетімен бата бергенде,  сол жерге жиналған қауым, «әумин, әумин», – деп  Алладан тілеуін бірге тілеп отырған жөн.  Бата  алғанда тізені бүккен жөн. Түрегеп тұрып бата алмайды. Ұйып тыңдап, басты төмен салу – бата берушіге деген құрмет. 
Ата-бабамыз жастарды үлкеннің назасына қалмауға, сөз қайтармауға, жолын кеспеуге тәрбиелеген.  Теріс батадан қорыққан. Үлкеннің ризашылығын ал деп өнеге мен өсиет айтқан.  Батаның  болашаққа  тигізер әсері зор.  Сенімге негізделген батада айтылған әрбір сөздің қабыл болатынына халық күмән келтірмеген. Қазіргі таңда бата бере алмайтын қариялар бар. Бата бер десең, жан-жағына жалтақтап қалады. Ер адам отырған жерде әйел бата бермеген. Кейбіреулері жаттанды сөзді айтамын деп шатып-бұтып, елге күлкі болады. Бата жүректен шығу керек. Оның құдіреті сонда. Сөз қарапайым тілмен айтылса да қол жайып отырған көпшіліктің арман-тілегіне орай айтылуы тиіс.  Елдің бәрі ақын емес, сондықтан ұйқас қуып, өлеңдетіп айтамын деп қиналудың қажеті жоқ. Көңілдің көңілден су ішетініндей, бата  сұраған адам  батагөйдің айтқанынан қанаттануы керек. Батаның маңыздылығы оның рухани күшінде. Онда  адам санасына әсер ететін үлкен күш бар.  Халық ықылас жасалған жерде береке-бірлік, ырыс орнайды деп үлкендердің басын  қосып, бата алуға ниеттеніп жатады.  Бата  – тілек пен дұғаны, ризашылықты қамтиды:
Ұлағатты сөз арқылы халықты бір нәрседен тиып, бір нәрсеге бағыттап отыратын әмбебап ұғым.  Батагөй қариялар ел арасындағы жақсы істің жүзеге асуына бата арқылы рухани  демеу беріп отырған.  Қызды қылықты, ұлды ұлағатты болуға тәрбиелеген. Келінді ибалы,  күйеубаланы сырбаз, мәрт болуға бейімдеген.  Жігітті ержүрек болып өсуге, ел қорғар азаматтай қалыптасуға бағыттаған. Мысалы, 
Қазыбектей халқыңның данасы бол,
Қарабастай жұртыңның бабасы бол.
Елін қорғап, дұшпанға соққы берген,
Үш жүздің Бөгенбайдай панасы бол! – деген батадан кім-кімнің де алға мақсат қоятыны анық. Бүгінде қызметке тұрып, мәртебесі өскендерге заманауи бата берілуде. 
«Әумин десең есе берсін,
Қызырың кеп жетелесін,
Бақ-дәулет пен дәрежең,
Одан ары өсе берсін.
Ниетің ақ болсын,
Құлқының пәк болсын»,– деп жемқор  болудан сақтандырған  батаны естіп риза болдық.  
Бүгін Ұлыстың ұлы күні. Бұл күнге «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, қайда барсаң жол болсын! Ұлыс бақты, 4 түлік ақты болсын! Ұлыс береке берсін, бәле-жала жерге енсін!» – деп  мереке батасын беріп жатыр ақсақалды аталар. Ендеше, алдағы күннен жақсылық тілеп, әумин деп, бет сипайық, ел-жұртым!  

Гүлжан ТҰРСЫН
 

Қатысты жаңалықтар

Уанас батыр

Уанас батыр

22.06.2025
Жайсаң жан еді

Жайсаң жан еді

22.06.2025
Әлия апа

Әлия апа

22.06.2025
«Жарығың сөнбесін» дейді жаны нәзік электрик

«Жарығың сөнбесін» дейді жаны нәзік электрик

22.06.2025
Дәуір уыты: есірткіге еліткендер азаяр емес

Дәуір уыты: есірткіге еліткендер азаяр емес

22.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.