Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АЗЫҚ-ТҮЛІК САТЫП АЛЫНДЫ

24 желтоқсан 2019
КҮЛТӨБЕ
АЗЫҚ-ТҮЛІК САТЫП АЛЫНДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Облыста тұрақтандыру қорына 5,5 мың тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сатып алынды. Аймақтық тұрақтандыру қорының операторы «Жетісу» ӘКК-нің дерегіне сүйенсек, қазіргі кезде тауарлардың жеті түрі бар. 


Олар тегістелген күріш – 225 теңге/кг., «Кудесница» маркалы күнбағыс майы – 400 теңге/л., кеспе – 180 теңге/кг., пияз – 65 теңге/кг., картоп – 80 теңге/кг., қант – 180 теңге/кг, 1-сұрыпты бидай ұны – 90 теңге/кг. Тұрақтандыру қорының қоймаларында 650 тоннаға жуық өнім бар, қалғаны жеткізушілерде жауапты сақтауда орналасқан. 

– Аталған тауарлар Талдықорған қаласының «Жерұйық» коммуналдық базарында, сондай-ақ, Рақышев көшесіндегі  № 18 үй мекенжайындағы тұрақтандыру қорының қоймасында тікелей сатылады. Жақын арада тауарлар қаланың азық-түлік дүкендеріне жеткізілетін болады. Бүгінгі таңда олармен агенттік келісімдер жасау мәселесі пысықталып жатыр. Дүкендердің мекенжайлары біздің ресми сайтта, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі парақшаларда жарияланады, – дейді «Жетісу» ӘКК мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жөніндегі департаменттің директоры Бахтияр Сембеков. 
Талдықорған қаласының тұрғындары да әлеуметтік маңызы бар тауарларды төмендетілген бағамен сатудың маңыздылығына тоқталды. Мәселен, зейнеткер Людмила Скворцова азық-түлік алу үшін әр сенбі сайын коммуналдық базарға келеді. 

– Бұл жерде азық-түліктердің бағасы да төмен, сапасы да жақсы. Өнімдердің бәрі біздің облыста өсіріліп, шығарылатынын білеміз. Сондықтан қажетті тауарларды осы жерден ғана сатып аламыз, – дейді ағынан жарылған зейнеткер. Қала тұрғыны Әнуар Мәулетов те өз ойымен бөлісті. Ол: «Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерді сататын осындай сауда орындарының болғаны жақсы. Бағасы да көңілге қонымды. Картопты 80 теңгеден сатып алдым, ал басқа жерде өнім 15-20 теңгеге қымбат, – деді. 

«Жетісу» ӘКК бүгінгі күні нан бағасын қалыпты ұстап тұру мақсатында облыстағы наубайханаларға арзандатылған ұн жеткізілетінінен хабардар етті. Нәтижесінде дүкендерде нан бағасы 95 теңгеден аспайды. Әлеуметтік нан сататын дүкендердің тізімі әлеуметтік желілердегі ӘКК-нің ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларда жарияланды. Бақтияр Сембеков тауар өндірушілерге сауда павильондарын орнату үшін жер телімдері берілетінін айтты.    

Мысалы, бірқатар ірі құс фабрикаларының («Когер LTD» ЖШС, «Алель-Агро» АҚ, «Алатау Құс» ЖШС, «Сұңқар» ЖШС, «Сарыбұлақ» ЖШС) және ірі сүт өнімдерін өндірушілердің («JLC Сүт» ЖШС, «Үштөбе-Айдын» ЖШС және тағы басқалары) өнімдері жеке сауда дүкендері арқылы сатылады. Сиыр етін өткізу мақсатында Талдықорған қаласының әкімдігі «Жерұйық» коммуналдық базарынан өндірушілерге өз өнімдерін сатуға 25 сауда орнын тегін ұсынған болатын. 
«Жетісу» корпорациясында жақын арада ірі сауда желілеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын ең төменгі сауда үстемесімен белгіленген бағалар бойынша сату үшін мақсатты қарыз бөлу жоспарланып отырғаны, сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түрінің, күнбағыс майы мен тұзды қоспағанда, 90 пайызы облыс аумағына шығарылатыны, бұл өз кезегінде азық-түлік тауарларының тұрақты бағасының сақталуына ықпал ететіні аталып өтті. 

Айта кетейік, облыстағы тұрақтандыру қоры әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуін тежеу мен тұрақтандыру тетіктерінің бірі болып табылады

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

Бүгін, 16:59
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

Бүгін, 16:09
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Бүгін, 14:20
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Бүгін, 14:06
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.