Талдықорған: +35°C
$ 471.98
€ 543.39
₽ 5.82
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

БАҚ МЕКЕНІ — БЕЙБІТШІЛІК ҚАЛАСЫ

06.07.2023
КҮЛТӨБЕ
БАҚ МЕКЕНІ - БЕЙБІТШІЛІК ҚАЛАСЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін мейрам! 

Жанымызға құйып шаттық арайын, желбіреді көгімізде егемен ел жалауы! Астананың асқақтады тағы да бір мерейі, осы ғажап сәт еді ғой бабалардың көңілінің қалауы. Тәуелсіздік туын көріп, бас қаланың мерейі өскен күнін көріп өзгеше бір мөлдірейді замандастар жанары. Қуаныштан сырт қала алмас деп ойлаймыз әр қазақ, тебіренбей қала алмайды әр отандас саналы.

Ширек ғасыр бұрын еңсе тіктей бастап бас қала, аз-ақ жылда ажарланып, айшықтанып шыға келді Астана. Дос пен туыс, ағайынға сүйініш боп арайлым, қай кезде де айбар болып тұра бергін басқаға. 

Бүгін мейрам! Қалды артта өткелектер, небір сын – соған орай ән шырқалып, жырдан десте өрілсін. Әрбір үйде ақ жайылып қуанышқа дастарқан, мың шанақтан шаттық күйі төгілсін. Мың сан өліп, мың тірілген қасқыр рухты қазағым, болашақта тек абырой биігінен көрінсін.

Астанамыз болған қорған, айбарым, сені еске алам осындайда Сығанағым, Сайраным. Қазағымның ең бақытты сәттеріне куәсің, сенде талай желбіреді Жеңіс туы – Байрағым! Қасірет те қалған шығар тұнып қамал түбінде, тылсым сырды сан ғасырлар бүгіп жатыр қойнауың. Иен далада көшіп жүрдім, есіп жүрдім  армансыз, Алатау мен Атырауды, Еділ – Жайық екі арасын жайладым. Созағым мен Орынборым, Қызылордам, Алматым, бүгін, міне, Астанама тұлпарымды байладым. Киелі ордам Түркістаным, қара қайнар Семейім, сарқылмайтын ақ бұлағым, мәңгі жасыл жайлауым!

Астаналар болды он сан ұлы өмір көшінде, кешір, баба, кейбіреуін уақыт желі өшірген… Небір құйын үйіріліп соқты ғазиз басыңа, не болмады дейсің мынау сайын дала төсінде?! Кездерің де болды қажып, түйір дәнге тарыққан, шақтарың да болды шалқып кең далаңдай көсілген. Күні кеше, қиындықтан жатқан кезде ел арылмай, Сарыарқаны бір салқар көш бетке алғаны есімде.

Қадым емес, өткен тарих қас-қағым сәт кешегі, әр жыл санап осылайша өркен жайып өс, елім! Алматыға қайта-қайта қарайлап, жерұйықты қимай жолға аттанған алаңы көп, қарамы мол көш еді. Бірақ жылдам бой көтерді Астана, тез салынды құрылыстар кешені. Содан ба екен, Жетісуға бүгінде Сарыарқадан жан тербетіп жібек самал еседі.

Мақтанамын, мықты бүгін қарымым, басылмайды енді ешқашан арыным. «Бәйтерегім» асқақтайды бүгінде, тарихымнан алған терең тамырын. Шалынады шықсаң ұшар басына, құлағыңа қадым заман сарыны.

Орындалар мұнда небір үміттер, мұнда ай ару, арман қуған жігіттер. Астанаға жолың түссе, ағайын, әлемдегі ең ғажайып «Хан шатырға» кіріп көр.

Әлем елі берген нақты бағасын, Астанам бұл – жалпақ жұртқа жанашыр. Небір талант, өнерпаздар осында, осы жерде ақын, ойшыл, данасы. Орын тепті Сарыарқаның төсінен бақ мекені – «Бейбітшілік қаласы».

Жасыл бауға тұнып бүгін маңайы, осы жақтан тарар таңның арайы. Жанжалдасқан жұртты тұрар шақырып Бейбітшілік пен келісім сарайы. 

Тоқтамайды енді ешқашан тәуелсіз ел жыр-әні, өзің десем көкірекке шалқар шабыт тұнады. Жыр – Астанам, болашақта сенің байтақ төсіңде бір ғана емес, әлденеше миллиондар тұрады. 

Дос қуанып, тілектестер сүйінер, ал дұшпанға себеп іші күйінер. Тамыр жайған сайын дала төсінде Астанамды мақтан етер бүгін ел. 
Пиғылдары жаман жұртты айбарымен жасқаған, Жаңа байтақ Қазақстан құру ісін бастаған, көз қуантып, айшықталып көркейе бер алда да, өсе берші, өркендей бер, арман қала Астанам!

Нүсіпбай ӘБДІРАХЫМ,
Жамбыл атындағы халықаралық 
сыйлықтың иегері

Қатысты жаңалықтар

Алакөл медицинасына заманауи тәсіл енгізілді

Алакөл медицинасына заманауи тәсіл енгізілді

05.08.2026
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін несие беріледі

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін несие беріледі

05.08.2026
Алаяқтардың жаңа айласы

Алаяқтардың жаңа айласы

05.08.2026
Мәселелердің тіні тарқады

Мәселелердің тіні тарқады

05.08.2026
Талдықорғанда «Al-Farabi STEM Academy» бастауыш мектебі ашылды

«Мектепке жол». 16 750 баланың тізімі жасалды

05.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.