Талдықорған: +35°C
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

«БАЛАҢДЫ АЯСАҢ – АЯМА»

08.07.2022
КҮЛТӨБЕ
«БАЛАҢДЫ АЯСАҢ – АЯМА»
WhatsAppTelegramFacebook

Бала күнімізде ата-анамыз жұмысқа кетерінде інім екеуімізді үйде қалдырып, қақпаның сыртынан қара құлып салып кетуші еді. Ол қақпадан көшеге шығып кету де, көшеден үйге кіру де қиын емес-тұғын. Бірақ біз сол қақпадан шығып, бірдеңеге арандаған күніміз болмапты. Үйде өзіміз ғана қалдық деп, бәрінің астаң-кестеңі шыққанша алысып, қиратып, шағып, бүлдіру деген жағдайда орын алмаған екен. 

Күні бойы ата-анамыз үй көрмей, күйбең тіршіліктің қамымен жүрсе де, жүрегімізге иман нұрын сеуіп, сабағымызға да көңіл бөліп үлгеретін еді. Тек біз ғана емес, ауыл балаларының басым бөлігі солай өскен шығар. Бірақ жаман болмадық, шүкір, адам болдық. 
Қазір балаларды қараусыз қалдыру қаншалықты қауіпсіз? Азаннан кешке дейін емес, сәл уақытқа бала-шағаны оңаша қалдырып кетсең болды, жан-жағының ойран-топырын шығарып, міндетті түрде біреуі бірдеңеге ұрынып тынады. Жасөспірімдердің көпшілігінің психикасы бұзыла бастаған. Ата-анасы баласының қылығына налып, ұрысса, «үйден кетем, өлем» деп шығады. Уақытының басым бөлігін ғаламторда өткізеді, айтатын сөздері боқауыз. Бұл жерде кінәні мектептен, телефоннан емес, ата-ана  өздерінен іздеуі керек.
Бастауыш сынып – білімнің іргетасы. Алғаш мектеп табалдырығын аттағаннан баланың сабағына қаншалықты көңіл бөлсеңіз, алдағы оқу үлгерімі де солай болмақ. Сол сияқты, бала тәрбиесін кішкентай күннен қолға алу керек. Ұл баланы жастайынан тіршілікке баулып, даланың шаруасына бейімдеп өсіру қажет. Оқу үлгеріміне де баса назар аударған жөн. Білімдінің күні қашан да жарық. Ал қыз баланың тәрбиесіне ерекше мән беру керек. Қыз анасына жақын болғаны дұрыс. Шешесімен барынша сырласып, ашық сөйлесе білгені жөн. Қызды ана туысқа, мына туысқа қонуға жіберу мүлде дұрыс емес деп білемін.
Бүгінде ата-аналар балаларына «қатарынан қалмасын» деп, смартфон алып береді де, оны қадағаламайды. Кіммен не жайлы сөйлесетініне, қандай сайттарға кіретініне, неге қызығатынына, досы кім екеніне, бос уақытын қалай өткізетініне мән бермейді. Өз перзентін жете танымаған ата-ана баласы бірдеңеге арандаған күні бар кінәні мектептен іздейді.
Телефон алысты жақындататын, жаңалықтармен алмасатын тиімді құрал болғанымен, пайдасынан зияны көп. Көзінің майын тауысып, телефонға шұқшиып отыра беретін баланың, біріншіден, денсаулығына зақым келеді, ұйқысы, есте сақтау қабілеті бұзылады. Екіншіден, ғаламтордан түрлі сұмдықты көріп, бәрін санасына тоқиды. Мәселен, елімізде әлеуметтік желі арқылы басқаның арбауына түсіп, өмірден баз кешкендер қаншама?! Сол секілді қазіргі жастарды баурап алған тик-ток желісіне видео түсіріп, хит боламын деп, мерт болғандар да баршылық. Танымалдыққа ұмтылып, хайп қуған жас өскіндердің ұятты екінші орынға ысырып қойып жатқаны да шындық. 
Баланы өмірге бейімдеп өсіру үшін кішкентай кезінен бастап, саналы адамдарша сөйлесу керек. Ата-ана өз міндетін, ата-әже өз парызын дұрыс өтегені абзал. «Бала бақтың, енді немере бақ» дегендей, баланы ата-әжеге өткізіп, өздері жеке тұратын ата-аналарды мен баласының болашағы үшін уайымдамайтындардың қатарына қосамын. Өсе келе ұл болсын, қыз болсын, не ата-әжесін қимай, не ата-анасына жете алмай, екіжақты болып қалады. Мұндай балалар көбінесе, өз бетінше шешім қабылдай алмайтын, ынжық, әлжуаз болып қалыптасады.
«Қатарынан кем қалмасын деп бар жағдайын жасадық, жегені алдында, жемегені артында, ештеңеден кем қылмай өсірдік» деп ақталып жататын ата-аналар бар. Мәселе – материалдық жағдайда емес, оған дұрыс тәрбие бере білгендігіңізде. Ол үшін ұл болсын, қыз болсын, ерте жастан еңбекке баулыған абзал. Балаңыз қатарынан қалмасын десеңіз, оқытыңыз. Оқығаннан адам жаман болмайды. «Балаңды аясаң, – аяма» деген бар. Ерте жастан барлық шаруаға икемделген бала, кейін айтқызбай бәрін өзі істейтін болады. Болашақта телефон, компьютер ойнаған балаларды кітап оқыған балалар басқаратынын естен шығармаған абзал.

Тоғжан ҚАСҚАРБАЕВА
Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Рәкеңнен сүюді үйрендім…

Рәкеңнен сүюді үйрендім…

26.07.2026
Сауалнама жүргізудегі заң талаптары қандай?

Жаңа серпін

26.07.2026
Сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталады

Елдік мүдде

26.07.2026
Бес ұядан басталған береке

Бес ұядан басталған береке

26.07.2026
Ұлт саулығын сақтаған

Ұлт саулығын сақтаған

26.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.