Талдықорған: +8°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

БАЛАЛАРДЫ ҚУАНТТЫ

17 қыркүйек 2021
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Аудан жұртшылығы «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясына жұдырықтай жұмылып, жақсылық жасаудан жарысуда. 


Осы орайда аудан әкімдігі және  бөлім, мекеме басшылары, Алакөл ауданының бас имамы Ә. Омарханұлы, Үшарал қазақ гимназиясының ұстаздары, ата-аналары мен жеке кәсіпкерлері және №31767 «Г» әскери бөлімінің әскери қызметшілері бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, жалпы 500-ден астам балаға көмек көрсетті. 

– Тазалық пен мейірімділікке, жұмсақтық пен кешірімділдікке үндейтін асыл дініміз ата дәстүрімізбен үйлесім тауып, тамырын тарих қатпарынан тартып келеді. Сауапты істерге атсалысып аудандық мешіт жамағаты да республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында 50 оқушыны мектеп формасы және мектепке қажетті құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етті. Жалпы, мешіт қызметкерлері жылда аталмыш акцияға белсенді қатысып, көмекке зәру жандардың алғысына бөленуде, –  деді ауданның бас имамы Әнет Омарханұлы. 

«Мектепке жол» республикалық акциясы еліміздің барлық өңірлерінде ағымдағы жылдың  1 тамызынан бастап 30 қыркүйек аралығына дейін өткізіліп, әлі де жалғасын тауып келеді. Осыған орай Үшарал қазақ гимназия-мектебінің ұжымы  15 отбасына 150 мың теңге көлемінде азық-түлік пен  90 мың теңгеге киім-кешек түрінде жәрдемдесті. Сонымен қатар, мектебіміздің ата-аналары да 122 мың теңгеге киім-кешек пен оқу құралдарын әлеуметтік аз қамтылған оқушыларға табыстады. Бір айта кетерлігі, аудан бойынша бөлінген демеушілер тарапынан екі оқушыға 71 мың теңге, бір бүлдіршінге 40 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді. Жалпы, акция аясында 473 мың теңгеге жуық қайырымдылық көмегі көрсетілді.

Дана халқымыздың «Бітер істің басына, жақсы келер қасына» деген аталы сөзі бар. Болашақ ұрпаққа үлгі-өнеге болар осындай игі істердің атқарылуы аудан азаматтарының арқасы.  

Шарада сөз алған №31767 «Г» әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары  Мирас Калиуллин: «Бұл акцияның ең жағымды жағы – бақытты балалардың жүзін көру. Жас бүлдіршіндердің өмірін алаңсыз және бақытты ету – біздің басты мақсатымыз. Сол себепті, №31767 «Г» әскери бөлімінің әскери қызметшілері де қайырымдылық акциясынан қалыс қалмай, өз үлестерін қосып, мектепке киетін киім-кешек, сабақ барысында қолданатын қажетті құрал-жабдықтарын алып берді», –  деді. 

Қасиет АРЫСТАН,
 Алакөл ауданы әкімінің баспасөз 
хатшысы 

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Бүгін, 19:34
Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

Бүгін, 19:21
Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

Бүгін, 18:58
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қалиақпаров Бауыржан Есболатұлы

Бүгін, 18:01
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Бүгін, 17:55

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.