«Nur Otan» партиясынан Алматы облыстық мәслихаты депутаттығына үміткер Марат Досқалиев пен Римма Салықова денсаулық сақтау саласының мамандарымен ZOOM бағдарламасы арқылы кездесті.
Онлайн форматында өткен тікелей эфирде партияның алға қойған мақсаттары айтылып, жеткен жетістіктері жайлы сөз қозғалды. Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласындағы бірқатар мәселенің мән-жайы түсіндірілді. Атап айтсақ, партияның сайлауалды бағдарламасында облыста медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету ұйымдарын медициналық жабдықпен 100 пайызға дейін қамтамасыз ету көзделген. Бұдан бөлек, 347 бірлік медициналық жабдық сатып алу, облыстық онкологиялық диспансер және қалалық, аудандық ауруханалар базасында қатерлі ісікті ерте анықтауға арналған скринингтік зерттеулермен халықты қамту деңгейін ұлғайту жолға қойылған. Сондай-ақ, онкологиялық науқастарды стационарлық және амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік препараттармен қамтамасыз ету сынды маңызды жұмыстар қаралған.
М. Асыл




