Райымбек ауданы – таулы аудан. Қыс маусымында қар жұқа түскенімен қатал қыс әлі алда. Әр өңірдің тынбай соғып тұратын боранының барын ескерсек, ауыл мен ауылды, ел мен елді жалғастырып жатқан жолдардың тұрақты назарда болғаны абзал. Ауданда «Жетісу – адалдық алаңы» атты жобасы аясында жолдардың тазалығы мен күтіміне негізделген жұмыстар жалғасып келеді.
Таулы өңірде республикалық маңызы бар 66 шақырым, облыстық маңызы бар 240 шақырым, аудандық маңызы бар 282 шақырым жолдар бар. Аудандағы ішкі жолдарды, көшелерді қар мен мұздан тазарту үшін 25 миллион теңге, аудан орталығы Нарынқол ауылын қардан тазарту үшін 15 миллион теңге бөлінген.
Жолдар мен көшелерді қардан тазартумен, жолдардың күтімімен «Жантөре» ЖШС-нің жұмысшылары айналысуда. Облыстық маңызы бар жолдардың күтімімен «AbIBekA» ЖШС шұғылдануда. Қар мен мұздан тазартып тұруға 8 қар тазалайтын жол техникасы жұмылдырылған. Ал, республикалық маңызы бар көлік жолдарын «Қазақавтожол» ЖШС-не қарасты облыстық филиалдың ДЭУ-91 бөлімшесі назарларында ұстап отыр. Аталған мекеме бойынша 2 қар тазалайтын техника жұмыс істеп тұр.
Қ. САТЫБАЛДЫ
Райымбек ауданы





