Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

БАТЫР АНА

22 желтоқсан 2020
КҮЛТӨБЕ
БАТЫР АНА
WhatsAppTelegramFacebook

«Nur Otan» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер, көпбалалы ана Әлия Әбсеметова желі қолданушылармен тікелей эфирде тілдесті. 


Талай жұртқа үлгі болып жүрген қоғам белсендісі партияның өрелі жетістіктері мен атқарған шаруаларын, сайлауалды бағдарламасында көтерілген басым бағыттарды түсіндіре келіп, замандастарын дұрыс таңдау жасауға шақырды.

– «Nur Otan» партиясы – нақты істер партиясы. Оған анық көзім жетті. Елдің жайына болысып, қиын-қыстау сәттерде партиямыз қалтарыста қалмады. Кешегі пандемия кезінде, Мақтаралдағы апат кезінде оны нақты дәлелдей түсті. Алғаш рет елімізде партияішілік іріктеу өткізіп, шын мәнінде еліміздің демократиялық таңдауының аясы кеңігенін аңғартты, – деген Әлия Маратқызы өзінің көпбалалы ана екенін мақтанышпен айтты. – Ана бір қолымен әлемді тербетсе, екінші қолымен бесікті тербетеді. Қазақта ана қастерлі ұғым. Егер қазақ аналары белсенділігі жөнінен артта қалса, құрмет төрінен көрінетін ұлы Аналар болмас еді. Тізбектесек, Ұмай ана, Айша бибі, Домалақ ана, Жылауық ана, тағысын тағылар. Санамаласақ саусақ жетпейді. Міне, партия белсенді нәзікжандыларға мол мүмкіндік ашты. Бастысы, ананың орны қазақ қоғамында әлі төмендемегенін аңғартты. Праймериз осындай үлкен мүмкіндік берді. Сонысынан «Nur Otan» партиясы жаңашылдықтың жаршысы, нағыз демократияның бастаушысы болмақ.

Мұнан бөлек, желі қолданушылары үміткерге түрлі бағытта сұрақ қойып, тұшымды жауап алды. Мәселен, бір желі қолданушы белсенді анаға бәріне қалай үлгеретіні жөнінде сұрады. Сонда үміткер: «Жанымда мені қолпаштайтын жандар барында, маған сенген халқым барында бәріне үлгеруім керек. Халық талабы сол, партия міндеті сол. Ел өркені жайқалсын десеңіз «Nur Otan» партиясына дауыс беріңіз», – деп сөзін түйіндеді.

Мәулен ӘНЕРБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

Бүгін, 16:17
Тура биде туған жоқ…

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Бүгін, 15:26
Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

Бүгін, 14:34
Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Бүгін, 13:33
Бір шаңырақтан – бір сапқа: Ұлттық ұланда әскери борыштарын бірге атқарып жүрген ағайындылар

Бір шаңырақтан – бір сапқа: Ұлттық ұланда әскери борыштарын бірге атқарып жүрген ағайындылар

Бүгін, 13:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.