Құрметті жетісулықтар!
Баршаңызды 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ата-бабаларымыздың азаттықты аңсаған асыл арманы орындалған бұл күн бүгінде ерекше мән-маңызға ие болып отыр.
Мемлекет басшысы айтқандай, бостандық үшін арпалысқан ұлт перзенттерін ел жадында мәңгі сақтау – қасиетті парызымыз. Ал олардың тағылымды ғұмыр жолы – жас ұрпақ үшін әрдайым өнеге.
Бүгінде тарихтан сабақ ала отырып, мемлекетіміздің қол жеткізген табыстарын еселеу мен елдің лайықты болашағын жасаудағы ортақ жауапкершілік баршамызға бірдей жүктеліп отыр. Ол үшін тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға, әділетті мемлекет, ашық қоғам құруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық жаңғырулар мен өзгерістерді іске асыруға әрқайсымыз атсалысуымыз керек. Осы орайда Жетісу облысының тұрғындары ел игілігі жолындағы ортақ іске үлес қосуға бұдан былай да белсене қатысады деп сенемін.
Баршаңызға зор денсаулық, еңбекте жеміс, бейбіт те берекелі ғұмыр тілеймін!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, Отанымыз – Қазақстан өркендей берсін!
Ізгі тілекпен,
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев