Талдықорған: +26°C
$ 469.83
€ 536.83
₽ 5.97
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

БЕЛСЕНДІЛІК КЕРЕК

13.10.2021
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Еліміздің басты құжаты – Конституцияның 1-бабы, 1 тармағында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп анық жазылған. Сондықтан әрбір 10 жыл сайын елімізде Халық санағы өткізіліп, мемлекеттің басты байлығы адам санын анықтау үрдіске айналған.


Осыған орай облыстық статистика департаментіне хабарласып, биылғы санақтың қалай өтіп жатқанын сұрастырғанбыз. Департамент басшысының орынбасары Динара Молдағұлова биылғы санақтың басты ерекшелігін таныстырып өтті. Оның айтуынша, биылғы 1 қыркүйектен бастап кең-байтақ Қазақ- станның әрбір өңіріндегі Халық санағы екі тәсілмен жүргізіліп отыр. Оның біріншісі – заман талабына сай келетін интернет-сауал арқылы жүргізілуде. Яғни 1 қыркүйек 15 қазан аралығында www.sanaq.gov.kz мамандандырылған сайтына тіркелген әрбір азамат өз мәліметін қалдыра алады. Ал екінші тәсіл бойынша 1 қазаннан 30 қазанға дейін арнайы электрондық планшетпен қамтылған мамандар дәстүрлі жолмен жаппай сауал салуды жүргізеді.

Қазір сенсорлы телефонның қосымшаларын пайдалану арқылы заман сұранысын орындау белең алып келеді. Осыған орай көпшілікке іске қосылған «Aitu Messenger» отандық мобильді қосымшасымен биылғы санақтан өту мүмкіндігі беріліп отыр. Одан бөлек, www.egov.kz Электрондық үкімет сайтының басты бетіндегі www.sanaq.gov.kz сілтемесімен өтіп, онлайн режимде санақ парақтарын толтыруға болады. Міне, осы мүмкіндіктер биылғы санақтың басты жаңалығы саналады. Осыны дұрыс түсінген азаматтар биылғы санаққа өз үлесін қосуда.

Атап айтар болса, 11 қазан күнгі есеп бойынша халқының саны 2 095 274 адамға тең Алматы облысында 1 031 132 адам халық санағынан өтті. Оның 746 343 адамы санақтан онлайн режимде өтіп, өз мәліметтерін ортақ базаға қалдырса, 284 789 адам санаққа офлайн қатысып отыр. Яғни соңғы санаттағыларды арнайы мамандар тікелей тіркеп, есепке алған. Жалпы, жинақталған деректер бойынша облыс халқының жалпы санына қатысты қамту пайызы 49,21%-ды құрап отыр.

Енді Жетісу жерінің аймақтарына келер болсақ, Балқаш ауданы 86,98%-дық, Көксу ауданы 70,60%-дық және Сарқан ауданы 66,47%-дық көрсеткішпен белсенді аудандар қатарында тұр. Сонымен қатар, жоғары пайызды Қарасай ауданы (63%) мен Кеген ауданы (62,47%) көрсетуде. Ең төменгі көрсеткіш Талдықорған (36,66%) және Текелі қалаларына (39,69%) тән екендігі белгілі болды.

Реті келгенде айта кетейік, онлайн санақтан өту алдағы қазанның 15-не дейін жүргізіледі.

Ал 1-ші қазаннан бастап интервьюерлер үйлерді жаппай аралап, халықты офлайн режимде тіркеп жүр. Онлайн санақтан өтпегендер 30-шы қазанға дейін интервьюерлердің сауалдарына жауап бере алады. Өздігінен əрбір азаматтың онлайн əдіспен тіркелуі немесе сұхбатшының көмегімен офлайн əдісімен тіркелуі  қатар өтіп жатыр. Халық санағынан өту мерзімі қазанның 30-да аяқталады.

«Барлық сауалдар бойынша 1446 байланыс орталығына хабарласуға болады. Қоңырау шалу тегін. Одан бөлек, халықтан санақтан өтуде белсенділік танытуын сұраймыз!

Ұлттық статистика бюросы азаматтардың белсенділігі үшін алғыс айта отырып, онжылдықтың маңызды шарасына қатысуға шақырады. Қазақстанда әркім маңызды!» – дейді облыстық статистика департаменті басшысының орынбасары Динара Орысбайқызы.

Иә, мемлекет болған соң оны құраушы халықтың санын біліп отыру заман талабынан туындаған үрдіс. Оған белсенділікпен қатысу, қажетті мәліметтерді дер кезінде беру әрбір азаматқа бұлжымас міндет іспетті. Ендеше, әлеуметтік-саяси науқаннан тыс қалмайық, ағайын!

М. Әсетұлы

Қатысты жаңалықтар

Аптапта сая болған су мерекесі

Аптапта сая болған су мерекесі

17.07.2026
Ауызсумен толық қамтылады

Ауызсумен толық қамтылады

17.07.2026
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі

17.07.2026
Доллар 500 теңгеге жете ме? Сарапшылар 2026 жылға жаңа болжам жасады

Доллар 500 теңгеге жете ме? Сарапшылар 2026 жылға жаңа болжам жасады

17.07.2026
Қазақстанда 19 шілдеден бастап бірыңғай QR-төлем жүйесі іске қосылады

Қазақстанда 19 шілдеден бастап бірыңғай QR-төлем жүйесі іске қосылады

17.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.