Жаркент қаласының орталығына орналасқан 322 сайлау учаскесіне де бас сұқтық.
Учаскелік сайлау комиссясының төрағасы Айдар Бектемір бізге халықтың дауыс беру үрдісі белсенділікпен өтіп жатқанын мәлімдеді.
Бұл учаскеде жалпы 1473 сайлаушы тіркеліпті. Олардың 17-сі денсаулығына байланысты үйінде жауыс береді.Оларды аралап дауысын жинауға арнайы көлік әзірленген.
Сайлауға таңғы сағат 7-де алғаш болып келген жас сайлаушы Ернұр Исағұловқа арнайы сыйлық беріліпті. Жалпы қандай істе де сергектігімен ерекшеленетін жаркенттіктер бұл сайлауда да белсенділік танытуда.
Мырзағали Нұрсейіт,
Панфилов ауданы





