Талдықорған: +32°C
$ 468.88
€ 534.10
₽ 6.04
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН ТАЛДЫҚОРҒАН

15.09.2021
КҮЛТӨБЕ
БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН ТАЛДЫҚОРҒАН
WhatsAppTelegramFacebook

Әркімге өзінің туып-өскен жері, тұрған ортасынан асқан жұмақ мекен жоқ. Жыр құлагері Ілияс Жансүгіровтің туған мекені Ақсу өңірінде дүниеге келіп, онымен іргелес жатқан Талдықорған қаласында өмірімнің ең мәнді де маңызды бөлшегін өткізіп жатқанымды ғибратқа балаймын. 


Талдықорған – күн нұры молынан төгіліп, жанға шуақ, бойға қуат берер нұрлы қала. Кешкі мезгілде салқын самал ескен Қаратал өзені бойын жағалап, бүгінде бір-бірімен таласа бой көтерген зәулім үйлер мен ғимараттарға алыстан көз тастаудың өзі бір ғанибет. Облыс орталығы мәртебесін алған 20 жылда қала танымастай өзгерді. Көркіне көрік қосқан нысандар жарыса бой көтерді. Ерекше талғаммен салынған Тіл сарайы, Достық үйі, Салтанат сарайы, Көрме орталығы, «Көктем-гранд» қонақүйі, Студенттер үйі,  Б. Римова атындағы облыстық драма театрының ғимараты көрген жанның көңілін толтырады. Жастарымыздың әр күнін қуанышқа бөлейтін «Жастар» мәдениет және демалыс саябағы, Жастарға қызмет көрсету орталығы, «Жастар» спорт сарайы, теннис орталығының тіпті орны бөлек. Осы арқылы қала жастарының әрбір уақыты мақсатты түрде өтіп, мәдениетті тұлға болып қалыптасып, спортқа бейім өсуіне мүмкіндік жасалған. 

Ал мектеп жасындағы балалар үшін Оқушылар сарайының атқарып жатқан қызметі тіпті зор. Мұнда балалар 8 бағыт бойынша 44 түрлі үйірмеге қатысады. Бүгінде 2230 бала мектептен тыс уақытта осы үйірмелерге барып, жан-жақты қабілеттерін шыңдап жатқаны қуантады. Мұнымен қатар балалар музыка мектебі де ашылып, талапты балдырғандарды өнерге баулуда. 

Бұдан бөлек Талдықорған облыс орталығы атанған 20 жылда қалада 7 жаңа мектеп бой көтеріп, бірқатар білім ошағы күрделі жөндеуден өтіп, қайта жаңарды. Оның ішінде бүгінгі уақыт талабына сай білім беретін Назарбаев зияткерлік мектебі мен №28 ІТ лицейінің шоқтығы биік. Бұрын саяжайдың балалары қалаға автобуспен қатынап оқыса, бұл мәселе де біртіндеп шешімін табуда. «Қызылтас», «Мерекелік» саяжайларында тұратын балалар үшін №27 орта мектебі салынып, пайдалануға берілді. Бұл ата-аналар үшін де, оқушылар үшін де зор қуаныш болды. 

Қаламызда соңғы уақытта орын алған ең үлкен қуанышты жаңалық – Орта Азияда теңдесі жоқ Талдықорған орталық бассейнінің ашылуы дер едік. 570 орынды, екі қабатты бассейн ғимаратының сыртқы кейпі теңізде жүзіп жүрген алып балықты елестетеді. Мұнда жас спортшылар су добы, суға секіру, аквааэробика сияқты жүзудің барлық түрінен жаттыға алады. Болашақта ғимараттың халық­аралық жарыстар өткізуге де мүмкіндігі бар. 

Мұның бәрі жас ұрпақтың жарқын болашағы, қала тұрғындарының бақуатты өмірі үшін жасалып жатқан игіліктер. Оның бастауында тұрған қаламыздың, жалпы облысымыздың көркейіп, дамуына үлес қосып жатқан аймақ басшысы Амандық Баталовтың еңбегі зор. Талдықорғанның шырағы қайта жанып, аяғынан тік тұрып, өркендеуіне теңдессіз үлес қосқан Амандық Ғаббасұлының жетекшілігімен қаламыз әлі талай гүлденеріне кәміл сенеміз. 

Осы 20 жылда көптеген тұрғын үй бой көтеріп, қаншама отбасының баспаналы болып, бақыт құшағына кенелгені де шындық. Адамға бұл өмірде не қажет? Баспанаң, жұмысың болып, жайлы тірлік кешу ғана қажет. Талдықорғандықтар осы үш бақытқа ретімен қол жеткізіп келе жатыр. Үйлі бола алмай жүрген жастар болса, әлі-ақ осы қуанышқа қол жеткізері сөзсіз. Өйткені, Талдықорған болашаққа бет түзеген қала. Әлі талай әсем үйлер тұрғызылып, ел қуанышы еселене береді деп білемін. 

Бүгінгі талды қалаға қараңызшы. Кешегі жарығы сөнген, халқы жақсы тірлік іздеп үдере қашқан, үйлері қараусыз қалған кездердің жұрнағы да жоқ. Ол қиын күндер артта қалды. Енді келешекке тек үлкен үмітпен қараймыз. 

Талдықорғанның кешегісі мен бүгінгі күнінің куәгері, ұрпақ тәрбиесіне өз үлесімді қосқан ардагер-ұстаз ретінде М. Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясында, облыстық білім басқармасында, №9 орта мектебінде қызмет еткен жылдарымды қуана еске аламын. Осының бәріне негіз болған облыс орталығы – Талдықорған қаласы жайнап, жарқырай берсін! Талды қаладан тек ақылды, жігерлі жастар өсіп шықсын! Облыс орталығының 20 жылдығы құтты болсын дегім келеді.

Өрікті Байшалова,
ҚР Білім беру ісінің 
Құрметті қызметкері 

 

Қатысты жаңалықтар

Өнер мен білім – өрлеу  кепілі

Өнер мен білім – өрлеу кепілі

14.07.2026
ЖИ мен МИ

Жаңа талап, жаңа жауапкершілік

14.07.2026
Елімізде 7 мыңға жуық әйел әскери қызмет атқарады

Елімізде 7 мыңға жуық әйел әскери қызмет атқарады

14.07.2026
ҰБТ жүйесі өзгеруі мүмкін: Аида Балаева жаңа форматты ұсынды

Білім берудің стратегиялық тірегі

14.07.2026
«Этно-Квест»: Жастар бірліктің жаңа үлгісін көрсетті

«Этно-Квест»: Жастар бірліктің жаңа үлгісін көрсетті

14.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.