Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

БІРЛЕСКЕН ЖОБАНЫҢ ТИІМДІЛІГІ ҚАНДАЙ?

7 шілде 2024
КҮЛТӨБЕ
БІРЛЕСКЕН ЖОБАНЫҢ ТИІМДІЛІГІ ҚАНДАЙ?
WhatsAppTelegramFacebook

Қазір әрбір қоғам мүшесі үшін қаржылық сауаттылық ауадай қажет. Сананы тұрмыс билеген тұста алдауға да, арбауға да даяр тұратындардың қарасы көбейді. Көлденең көк аттыдай көлбең қаққан қаржы пирамидалары талайдың қалтасын қағып әлек. Одан қалды, заңсыз, заңсыз болғанда ешқандай тіркеуі, рұқсаты жоқ лотереялар да талайды сазға отырғызуда. 


Өңір тұрғындарын осындай әккілердің аранында кетірмес үшін облыстық экономикалық қылмысқа қарсы күрес департаменті «Жас Ұрпақ» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп «Jetisu.NET» жобасын қолға алды. Аталмыш жоба – қаржылық сауаттылық орталық. 

Жетісу облысының экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары Мирас Құрбановтың айтуынша, аталмыш жоба тұрғындардың сұранысына сай туындаған. Әрі қазіргі уақытта аса қажет. Себебі, алаяқтардың араны қатты. Осындай қажеттіліктен қолға алынған қаржылық сауаттылық орталығында семинарлар мен психологиялық тренингтер ұйымдастырылады. Әдеттегідей өтті-кетті емес, тұрғындарды кең ауқымды оқыту ойластырылған. 

Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Ербол Құрманбаев өңірде заңсыз лотерея ұйымдастыру азаймай тұрғанын алға тартып отыр. Жыл басынан бері әлеуметтік желідегі лотерея қызметі үшін 9 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар, қаржы пирамидалары туралы жарнама таратқан 13 аккаунт анықталыпты. Алаяқтық мақсатты көздеген 246 сілтеме бұғатталған. 

«Jetisu.NET» жобасының үйлестірушісі Дархан Асқанбаев бұл бастаманың лудоманиямен және басқа да экономикалық қылмыстармен күресте маңызды екенін алға тартады. Сонымен қатар, халық арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға ықпал ете отырып, тұрақты экономикалық және әлеуметтік ортаны құруға бағытталатын болады.

Дастанбек САДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

Төртем дүниеге келді

Төртем дүниеге келді

Бүгін, 20:35
Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Бүгін, 17:54
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Бүгін, 17:22
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Бүгін, 17:15
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

Бүгін, 16:45

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.