Талдықорған: +1°C
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

04.06.2022
КҮЛТӨБЕ
БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Облыстық мәслихат хатшысы Дәулет Жарасбаевтың төрағалығымен облыстық мәслихаттың кезекті ХІХ сессиясы өтті. Онда облыс бюджетінің өткен жылғы орындалуы, облыстық мәслихаттың «Алматы облысының 2022–2024 жылдардағы бюджеті туралы» 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 12-59 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелер қаралды. 

Алдымен облыс әкімінің міндетін атқарушы Лаззат Тұрлашовтың баяндамасы тыңдалды. Айтуынша, аймақ экономикасының өткен жылғы өсу қарқыны 7,6 пайызды құраған. Қолданыстағы бағдарламалар аясында мемлекеттік қолдаудың арқасында былтыр шағын кәсіпкерлік саласында оң динамика сақталған. Мәселен, ЖӨӨ құрылымындағы шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 5 пайызға жеткен. Агроөнеркәсіп кешенін қолдауға бюджеттен 53 млрд. теңге бөлініп, оның 47 млрд. теңгесі субсидияға жұмсалған. Өткен жылы бюджет шығыстарының басым бөлігі өңірдің әлеуметтік дамуына бағытталған. Мұндай оң нәтижеге қол жеткізуге облыстық мәслихат депутаттарының қосқан үлесі бар. Осы ретте Лаззат Ма- хатұлы оларға бүгінге дейін жергілікті атқарушы органмен бірлесе жұмыс атқарып, аймақ дамуына біркісідей атсалысқандарына алғысын жеткізді. 
Бұдан соң облыс бюджетінің өткен жылғы атқарылуы туралы облыс бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Мейрам Мұсаев баяндады. Сөзінше, өткен жылдың нәтижесіне сәйкес, аймақ экономикасының дамуына өнеркәсіп пен ауылшаруашылығы салалары өнімдерінің тұрақты өсуі тікелей әсер еткен. Негізгі капиталға салынған инвестициялар мен құрылыс жұмыстарының, шағын және орта бизнес субъектілері өндіретін өнімдердің көлемі артқан. Әлеуметтік салада да тұрақты жағдай қалыптасып, халықтың жалақысы мен ақшалай табыстары өскен. 
Кірістер 41,1 пайызға артқан, оның ішінде салықтық, салықтық емес, трансферттік түсімдер бар. Ал негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 14,3 пайызға төмендепті. Шығындар бойынша облыс бюджетінің параметрлері 98,9 пайызға орындалған. Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қазына қаражатын толық әрі тиімді игермеуінің бір себебі – қаржылық жыл ішінде игеруге мүмкіндік жоқ сомаларды басқа мақсаттарға бағыттамай, игерілуін жыл соңына дейін қалдырып қойған. Өткен жылы бюджеттік инвестицияның ең үлкен үлесі өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларына бағытталған, яғни 23,3 пайыз. Бірақ бюджеттік инвестициялық жобалардың тиімді аяқталуын қамтамасыз ету кемшін. Сонымен бірге дебиторлық қарыздар ұлғайған. Баяндамашы, сондай-ақ, қаржылық құқық бұзушылық деректерге де тоқталып, осы және басқа да өзекті мәселелерге байланысты қабылдануы тиіс іс-шаралар тарқатыла айтылды. Яғни, әрбір бюджеттік бағдарлама әкімшісі өздерінде анықталған кемшіліктер мен құқық бұзушылықтардың себебін талдап, олардың алдын алу шараларын қабылдауы тиіс. 
Өз кезегінде облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жомарт Әмірханов бюджетке енгізілетін өзгерістер жайында айтып берді. Белгілі болғандай, биылдың 1-тоқсанына кірістер көлемі 130,3 пайызға орындалғаны ескеріле отырып және шұғыл шешімін талап ететін шығындарды қаржыландыру мақсатында салықтық түсімдер болжамын 22 млрд. теңгеге арттыруға ұсыныс енгізілді. Алматы облысының бюджетіне қосымша 97,1 млрд. теңге бөлінді. Қосымша бөлінген бұл қаражат бірнеше саланың шығындарына бағытталатын болады. 
Басқарма басшысы бюджет шығыстарын нақтылау бойынша депутаттар қарауына бірқатар ұсыныс енгізді. Мәселен, Талдықорған қаласының агротехникалық колледжінің өндірістік цехын газға қосу, Қарасай, Қаратал аудандарында екі мектептің құрылысын және Алакөл ауданының «Жалын» лагерін қайта жаңартуды аяқтау, мүмкіндігі шектеулі адамдардың білім беру ұйымдарына кедергісіз кіруі үшін пандус орнату, сұранысқа ие мамандықтарға жастарды тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз ету, сол сияқты Қаратал орталық аудандық ауруханасын, Сарқан ауданы Черкасск ауылдық дәрігерлік амбулаториясының ғимаратын  күрделі жөндеу, Қарасай ауданаралық көпсалалы ауруханасының жеделсатысын ауыстыру, «Үшарал» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына сұйық отын қазандығын сатып алу, жұмыс орындарын құруды есепке алу үшін еңбек мигранттарына жалақы төлеу, Алакөл, Панфилов, Сарқан аудандарында тұрғын үйлердің құрылысын аяқтау, Қаратал аудандық Мәдениет үйінің қасбетін ағымдағы жөндеу, электр желілерін ауыстыру, тағы басқа да жұмыстарға қаражат қарастырылып отыр. Соңында  Жомарт Әмірхановтың ұсыныстарына депутаттар бірауыздан қолдау білдірді.
Жиында аймақтағы кейбір білім беру ұйымдарына атау беру және оларды қайта атау жөніндегі ұсыныстарды ҚР Үкіметі жанындағы республикалық ономастика комиссиясының қарауына енгізу туралы шешім қабылданып, форвардтық сатып алуға қатысатын ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізушілердің тізбесін қарау және бекіту жөніндегі Үйлестіру кеңесінің дербес құрамы бекітілді. 

Айгүл БАЙБОСЫНОВА,
Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Құжатсыз жүргендер ұсталды

Құжатсыз жүргендер ұсталды

15.01.2026
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізімі кеңейді

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізімі кеңейді

15.01.2026
Жарты жылдан кейін ипотека арзандамақ

Жарты жылдан кейін ипотека арзандамақ

15.01.2026
Талдықорғанда ардегерлерге арналған акция өтті

Талдықорғанда ардегерлерге арналған акция өтті

15.01.2026
Реформалардың мәні – 5: Ықпалды Парламент

Реформалардың мәні – 5: Ықпалды Парламент

15.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.