Талдықорған: +10°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

БЖЗҚ салымшылары өз жинақтары туралы ақпаратты қалай алады?

7 маусым 2022
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Өзінің жеке зейнетақы шотынан (ЖЗШ) үзінді көшірме алу – БЖЗҚ салымшыларының (алушыларының) заң жүзінде бекітілген құқығы. Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты келесі тәсілдермен алуға болады:

электрондық тәсілмен:

— БЖЗҚ-ға ұсынылған электрондық пошта арқылы;

— жеке кабинет арқылы;

БЖЗҚ кеңсесіне тікелей өзі келгенде;

пошта байланысы арқылы.

Бәрінен де enpf.kz сайты немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасындағы жеке кабинет арқылы хабарлау әдісі ең көп сұранысқа ие. Бұл хабарлау тәсілін 6,3 млн-нан астам ЖЗШ иесі пайдаланған, аталған көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда 20 есеге артық.

Зейнетақы жинақтарының ахуалы туралы ақпаратты қашықтан алудың тағы бір форматы – салымшы (алушы) өзі таңдаған кестеге сәйкес (ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет немесе жыл сайын) БЖЗҚ-ға ұсынған мекенжайға ЖЗШ-дан үзінді-көшірме алу. Ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығының басында 800 мыңға жуық адам хабарлаудың осы тәсілін таңдады.

Мамыр айынан бастап БЖЗҚ-да зейнетақы жарналарының барлық түрі бойынша ЖЗШ өтінішсіз ашылуда. ЖЗШ ашқан кезде БЖЗҚ-ның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат беру тәсілі  «БЖЗҚ-ға өзі келіп өтініш жасаған кезде» деп автоматты түрде белгіленеді, оны салымшы (алушы) өз бетінше өзгертуге құқылы.

Ақпарат алу тәсілін анықтау немесе өзгерту мақсатында салымшы (алушы) тиісті келісімді БЖЗҚ кеңсесінде немесе БЖЗҚ сайтында жасауы қажет. Ескере кететін жәйттар:

— БЖЗҚ сайтында бір ғана – «жеке кабинет арқылы» хабарлау әдісін таңдауға болады;

— салымшы (алушы) ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның сайты мен мобильді қосымшасы және электрондық үкімет арқылы келісім жасаспай-ақ ала алады.

Бөлімшеге келіп тікелей ақпарат алу тәсілі әлі де танымалдығын жоғалтқан жоқ. БЖЗҚ кеңселерінде 3,1 миллионнан астам салымшы жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алды.

Дәстүрлі пошта байланысы арқылы ЖЗШ-дан үзінді көшірмесін алуды жөн көретін салымшылардың (алушылардың) саны айтарлықтай азайған – шамамен 1 млн. Мәселен, 2014 жылдың маусымында бұл көрсеткіш 4 млн-ға жетіп, қазіргіден 4 есе көп болатын. Ескерте кететін жәйт, егер салымшы (алушы) осындай хабарлау тәсілін таңдаса, БЖЗҚ міндеттемелерін орындауға әсер ететін барлық өзгерістерді, оның ішінде тұрғылықты мекенжайының өзгергені туралы хабарды күнтізбелік 10 күн ішінде Қорға хабарлауы қажет.

Зейнетақы жарналарының уақытылы аударылғанына сенімді болып, әрі өз болашағыңызды жоспарлау үшін зейнетақы жинақтарын өзіңізге ыңғайлы кез келген тәсілмен үнемі тексеріп отыру қажеттігі жөнінде БЖЗҚ тағы да ескертеді.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Ел қауіпсіздігінің маңызды тірегі

Ел қауіпсіздігінің маңызды тірегі

Бүгін, 16:30
Қазақстанда Қызыл кітапқа енген сілеусінге алғаш рет GPS-қарғыбау тағылды

Қазақстанда Қызыл кітапқа енген сілеусінге алғаш рет GPS-қарғыбау тағылды

Бүгін, 14:39
Мемлекет басшысы Ливан Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Ливан Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін, 14:36
Арқар фототұзаққа түсті

Арқар фототұзаққа түсті

Бүгін, 13:30
Жаңа Азаматтық кодекс: шарт міндеттемесімен берік болуы тиіс

Жаңа Азаматтық кодекс: шарт міндеттемесімен берік болуы тиіс

Бүгін, 12:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.