Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Депозит ашқан кезде неге назар аудару керек?

28 ақпан 2025
КҮЛТӨБЕ
Депозит ашқан кезде неге назар аудару керек?
WhatsAppTelegramFacebook

Депозитке  қаражат салу – бұл тек қана жинақ ақшаңызды сақтап қою тәсілі ғана емес, сонымен қатар қосымша табыс табу мүмкіндігі. Салымның барлық артықшылықтарын пайдалану үшін бірқатар негізгі факторларды ескеру қажет. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының мәліметтеріне сүйеніп,  Aikyn.kz депозит ашқан кезде неге назар аудару керектігін хабарлайды.

Банк шоты немесе салым шартының талаптарын мұқият оқымау

Шарттың егжей-тегжейін білмей жатып оған қол — қою жиі кездесетін қателік. Өйткені салымның табысы, қаражатты мерзімінен бұрын алу бойынша шектеулер, салымға қатысты максималды кепілді өтем сомасы, салымды келесі мерзімге ұзарту тәртібі және басқалар салым бойынша негізгі талаптарға тікелей тәуелді.

Ұсыныс: Шартпен әрқашан толық танысыңыз. Егер сұрақтарыңыз туындаған жағдайда міндетті түрде онлайн немесе офлайн режимінде банк менеджеріне жүгініңіз. Қазіргі таңда банктер салым немесе шоттың негізгі талаптарымен үлкен әріптермен жазылған көрнекі кесте түрінде оны шарттың бас жағына орналастырып, клиентті хабардар етуге міндетті.

Таңдалған депозиттер бойынша кепілді өтемнің максималды сомаларын елемеу

Қазақстанда кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердегі жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің жинақтарын ҚДКБҚ қорғайды. Банк лицензиядан айырылған жағдайда, Қор осы банктің депозиторларына өтем төлеу бойынша міндеттемені өз жауапкершілігіне алады. Төлем депозиттің түрі мен валютасына байланысты заңнамада белгіленген өтемнің максималды сомасы шегінде жүргізіледі: 

  • 20 млн теңге шегінде – теңгедегі жинақ салымдар бойынша, 

  • 10 млн теңге – теңгедегі басқа депозиттер, карталар және шоттар бойынша, 

  • 5 млн теңге – шетел валютасындағы карталар, шоттар және салымдар бойынша.

Егер депозит сомасы осы лимиттерден асып кетсе, онда артық мөлшерге кепілдік берілмейді. Ал егер салымшы бір банкте бірнеше депозит ашқан болса, онда кепілдік мөлшерін есептеу кезінде (банк лицензиядан айырылған жағдайда) олар жинақталады және төлемнің жалпы мөлшері 20 млн теңгеден асырылмайды. Бұл ретте әрбір депозит түрі бойынша белгіленген максималды өтем сомасы ескеріледі.

Кеңес: Үлкен сомаларды кепілдіктің шекті сомасынан аспайтындай етіп, оларды әртүрлі банктерге бірнеше салымдарға бөліп орналастырған дұрыс, өйткені әртүрлі банктердегі ақшаға олардың әрқайсысы үшін бөлек кепілдік беріледі.

Депозитті таңдау кезінде шарттың мерзіміне назар аударыңыз

Сіз сыйақы мөлшерлемесі жоғары, ұзақ мерзімді салым таңдадыңыз делік. Бұған дейін Сізге мерзімінен бұрын барлық қаражат қажет бола ма, жоқ па, соны мұқият қарастырыңыз. Өйткені бұндай салымның шарттары бойынша мерзімнен бұрын алуға шектеулер болуы мүмкін, бұл барлық есептелген пайыздардың жоғалуына қауіп төндіреді.

Кеңес: Үлкен сома қашанға керек екенін ескере отырып, барлық нұсқаларды есептеп, содан кейін ғана салым мерзімін таңдаңыз, сондай-ақ мерзімінен бұрын алу шарттарын зерттеген дұрыс. Сондай-ақ, салымшы шарт мерзімінің қашан аяқталатынын есінде сақтау қажет, өйткені банк шарт мерзімінің аяқталғаны туралы хабарлауға міндетті емес. Егер шарт талаптарында қарастырылған болса, ол аяқталғаннан кейін банк автоматты түрде салым мерзімін ұзарта алады. Ұзарту кезінде сыйақы мөлшерлемесі банктің ағымдағы шарттарына байланысты өзгеруі мүмкін екенін ескеру маңызды. Егер салымшыға салым мерзімін ұзарту талап етілмесе, онда банкке жеке өзі жүгіну керек. Қаражатты қайтару тәртібін қоса алғанда, барлық мәліметтер салым шартында көрсетілген. Оны сайттан немесе банктің мобильды қосымшасынан көруге болады. Сонымен қатар ақпараты нақтылау үшін банк менеджеріне жүгіну ұсынылады.

Банк таңдау

Бұл сондай ақ салымшы үшін маңызды. Кейбіреулер жақсы ұсыныстарға ұмтылуы мүмкін, мысалы, жоғары сыйақы мөлшерлемесі, қаржылық тұрақтылық, банктің қаржылық тұрақтылығын тексермей салымдар ашуы мүмкін. Сондықтан банк таңдағанда жарнамалық материалдармен шектелмеңіз.

Кеңес: Банктердің рейтингтерін қарау. Оларды Moody’s, S&P және Fitch халықаралық агенттіктері береді. Бұл  банктер бойынша болжамдар — тұрақты, позитивті және басқа, сондай-ақ олардың рейтингтік бағалары көрсетілген. Бұл ақпарат депозитті орналастырмас бұрын Банктің сенімділік деңгейін бағалауға көмектеседі.

Қорытындылай келе, депозитті таңдау кезінде сауатты тәсілді қолдана отырып, сіз өзіңіздің жинақ ақшаңыздың сенімді қорғалуын қамтамасыз етіп қана қоймай, оларды молайта аласыз.

Фото: istockphoto

Қатысты жаңалықтар

«Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»

«Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»

Бүгін, 09:11
Өрісі кеңейген Көксу

Өрісі кеңейген Көксу

27 қараша 2026
Жегені желкесінен шығады

Жемқорлықты әшкерелегендерге 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі

27 қараша 2026
Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

27 қараша 2026
Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

27 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.