Талдықорған: +35°C
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ДУМАН СМАҚОВ. ӘЛЕМДІК ЖУРНАЛИСТИКАДАН АРТЫҚ ТА, КЕМ ДЕ ТҰСЫМЫЗ БАР

28.06.2022
КҮЛТӨБЕ
ДУМАН СМАҚОВ. ӘЛЕМДІК ЖУРНАЛИСТИКАДАН АРТЫҚ ТА, КЕМ ДЕ ТҰСЫМЫЗ БАР
WhatsAppTelegramFacebook

Ақпарат құралдарында жарияланған ақпараттың, әлеуметтік желідегі жазбалардың және ел алдында жүрген тұлғалардың мәлімделерінің рас-өтірігін тексеретін Қазақстандағы алғашқы фактчекинг ресурсы – factcheck.kz сайтының бас редакторы, жас журналист Думан Смақовпен сұхбаттасқан едік.  

– Бүгінде жас журналистерге мүмкіндік көп. Оларға  сен ұсынатын бағыт қандай? Неден, қалай бастаған дұрыс?
– Жас журналистердің өзін екіге бөліп қарағанымыз дұрыс. Біріншісі – журналистика факультетінде оқитындар, екіншісі – журналист емес, бірақ сол салада жұмыс істегісі келіп жүргендер. Мамандық бойынша оқып жатқандарда көп мүмкіндік болады. Олар Қазмедиа сынды ақпарат беру орталықтарында, телеарна, газеттерде іс-тәжірибеден өтеді. Ал егер қызығушылық болып, оқып жатпаған болса, онда арнайы курстарға барғаны жөн. Ол жерден өзінің жазуын, сөйлеу мәнерін, ақпаратты беру ракурсын реттейді. Дәл қазір журналистикаға келіп жатқандар, менің ойымша, бірінші мультимедиалық бағыттан бастағаны дұрыс. Өйткені, бізде дәл қазір мультимедиалық журналистер, оның ішінде техниканы, технологияны бүге-шігесіне дейін меңгергендер аз. Мультимедиалық журналистиканы меңгерген конвергентті мамандар бүгінгі ақпарат нарығына өте қажет. Тағы бір ескеретін мәселе, ол – тіл. Шетелге шыққанда өзім де ағылшынша біле тұра, диалект тұрғысынан, басқа да жерлерінен қателіктер болады, кібіртіктеп қаламын. Сондықтан ақпаратты қайнаған ортасынан алу үшін ағылшын тілін меңгеруді ұсынар едім. 

– Жас журналистер ақпараттың ақ-қарасын ажырату, оның оқырманға, көрерменге түсінікті болуы үшін қандай амалдар жасағаны дұрыс, неден үйреніп, неден жиренгені жөн? 
– Әріптестеріме және журналистикаға енді араласып жатқандарға ұсынарым, кез келген ақпаратты верификация жасау керек. Егер ақпарат трансляцияланған болса, міндетті түрде фактчек жасауға тиіс. Ал ақпарат еш жерде жарияланбаған эксклюзив болса, онда деректерді, сандарды, мәліметтерді сүзгіден өткізе отыра тексеру қажет. Әйтпесе, жалған ақпарат таратып жіберуі мүмкін. Ал көрерменге, оқырманға түсінікті болуы үшін тілшілер терминологиядан немесе қазір біз қолдануды жақсы көретін жаңа форматтардан  алшақтау болса дейсің. Барынша еркін, қарапайым, ұғынықты болғаны дұрыс. 

– Бүгінгі журналистиканың басты талабы қандай және қолданыстағы жаңа бағыт?  
– Әлем тұрғысынан қарасақ, бүгінгі журналист әмбебап болуы керек және ол бәрін білуге тиіс, соған орай әрекет жасауы қажет. Журналистің басты құндылығы – адам құқықтары мен сөз бостандығы принциптеріне қайшы келмейтін дүние жазуы керек. Ал қазіргі қолданыстағы жаңа бағыттардың бірі – VR журналистика, сондай-ақ, бұрынғы форматтар да қазір дамыды. Мәселен, аудиоалды формат, яғни тың аудио подкастар жарыққа шығып жатыр. Осыған дейінгі қолданыстағы форматтардың өзі басқа қалыпқа түсіп, түрленуде. 

– Өзіңіз шетелде көп боласыз, тренингтерге қатысасың, біздің журналистиканың олардан артық және кем тұсы?  
–  Иә, артық тұсы да, кем жері де бар. Кем тұсы – біздің журналистердің басым көпшілігі адам құқы дегенді біле бермейді. Жалған патриотизмге, өтірік ақпаратқа, саяси манипуляцияға көп ерік береді. Бұл тұрғыда, әріптестеріміздің ресейлік журналистермен ұқсастығы көп. Бәлкім, бұл ресейлік ақпарат көздеріне деген тәуелділіктен туындаған шығар. Ал артық тұсы – біздің журналистер әмбебап болып келеді. Мен көрген Африкадағы, мен көрген Еуропадағы, я болмаса, Шығыстағы әріптестер тек бір салаға бейімделген және соны ғана айтады, жазады. Біздің бұл тұсымыз кейде артық, кейде кем түсіп жатады.   

– Келешекте қазақ журналистикасын қалай елестетесіз? 
–  Бәсекеге қабілетті, әлемде мойындалған журналистика болатынына  сенгім келеді. Қазақтың журналисі BBC, New York Times, Washington post сынды ақпарат айдынындағы алып медиа мекемелерде жұмыс істегенін қалар едім. 
– Сұхбатыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан: Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Асығың алшысынан түссін…

Асығың алшысынан түссін…

25.07.2026
Азаматтардың 70,3%-ы Құрылтай сайлауында дауыс беруге ниетті

Болашаққа бағдар

25.07.2026
Үгіт науқанының екінші күні қалай өтті?

Үгіт науқанының екінші күні қалай өтті?

25.07.2026
Әлемдік кино жұлдыздары Астанада

Әлемдік кино жұлдыздары Астанада

25.07.2026
Сайлауалды үгіт-насихат кезеңі туралы не білу керек?

Құқықтық жүйені жетілдірген

25.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.