Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

6 қаңтар 2020
КҮЛТӨБЕ
ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Облыс әкімінің орынбасары Батыржан БАЙЖҰМАНОВТЫҢ  төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті. Аталған басқосуда үш мәселе қаралды.


Онда аймақтағы еңбек қатынастарының жай-күйі, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау және еңбек жанжалдарына ықпал ететін факторлардың алдын алу бойынша кәсіподақ бірлестіктерінің жұмысы, әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық (қалалық) үшжақты комиссиялардың жүргізген жұмыстары пысықталды. Бірінші мәселе бойынша еңбек инспекциясы бойынша басқарма басшысының орынбасары Әділбек Далбағаев баяндады. 

Айтуынша, өткен жылы әртүрлі меншіктегі 343 кәсіпорын мен ұйымдарда жоспардан тыс тексеру жүргізілген. Нәтижесінде 391 заңбұзушылық анықталып, 218 ұйғарым берілген. Жалпы, 23,7 млн. теңгеге 213 әкімшілік айыппұл салыныпты. Сонымен бірге жұмыс берушілердің уақытылы жалақы төлеуі, жаппай жұмыстан босатуға жол бермеу, еңбек заңнамасын сақтау туралы қабылданып жатқан шаралар жөнінде айтылды. Отырыс барысында жұмыс берушілер де тыңдалды. 

Осы ретте «Еңбек Жауғашты» РМК заң кеңесшісі Жәнібек Дидарбеков, «Шандунь провинциясының Луцяо корпорациясы» ЖШС қазақстандық филиалы директорының әкімшілік мәселелер жөніндегі орынбасары Айгүл Жұмабаева сөз сөйледі. Екінші мәселеге қатысты «Алматы облысының Кәсіп-одақ орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің» төрағасы Әсет Қыдырманов аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерінің өткен жылы атқарған жұмыстары туралы хабарлама жасады. 

Белгілі болғандай, үшжақты келісім аясында кәсіподақтар жұмыс берушілердің арасында еңбек заңнамасын оқыту және түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Сондай-ақ, еңбек жанжалдарында келіссөздер жүргізе білу дағдыларын дамыту және консенсусқа қол жеткізу бойынша оқыту тренингтерін өткізген. Даулардың алдын алу үшін «Татуласу орталықтары» ашылып, медиаторлар жанжалдарды шешуге ықпал еткен. Қабылданған шаралар әлеуметтік еңбек қатынастарының тұрақтылығын қамтамасыз етуге және әлеуметтік шиеленіске, еңбек жанжалдарына жол бермеуге мүмкіндік береді. 

Осыған байланысты «Алматы кәсіподақтары одағы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Қайрат Қаратаев қызметтерінің маңызды бағыттарының бірі ақпараттық жұмыс екенін және осы бағыттағы жұмысты күшейту міндетін қойғанын айтты. Бұған қосымша «Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Садық Әбдіқадыров ойын жеткізді. Оның сөзінше, білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Алматы облыстық ұйымы білім беру саласы қызметкерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жолында бірқатар жұмыс жүргізетінін атап өтті. 

Өткен жылы аудандық және қалалық үшжақты комиссиялардың 73 отырысы өткізілген. Аудан және қала әкімдіктері кәсіподақтармен бірлесе отырып, кәсіпорындармен өндірістік үрдістерді тұрақтандыру және жұмыс орындарын сақтау бойынша, оның ішінде шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындармен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар жасау бойынша белсенді жұмыс жүргізген. Үшінші мәселе төңірегінде аудандық және қалалық үшжақты комиссия төрағаларының есептері тыңдалды. 

Отырысты Батыржан Құлаймергенұлы қорытындылап, әлеуметтік әріптестік тараптарына еңбек заңнамасы нормаларының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету, еңбек жанжалдарының алдын алу және түсіндіру жұмыстарын бірлесіп жүргізу бойынша шаралар қабылдау туралы тапсырмалар берді.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

Бүгін, 16:59
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

Бүгін, 16:09
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Бүгін, 14:20
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Бүгін, 14:06
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.